ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркемсурет мектебі оқушыларының көрмесі Астанада
19-04-2018 10:54
Көркемсурет мектебі оқушыларының көрмесі Астанада

Павлодар қаласының № 1 балалар көркемсурет мектебі Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы  «Туған өлкем» атты балалар шығармашылығын қолдау мақсатындағы  республикалық жобасына қатысты.

Бұл жобаны Елбасы Кітапханасы Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі мен бірлесіп бастамашы еткен. Жоба ұйымдастырушыларының шақыруымен  Павлодар қаласының № 1 балалар көркемсурет мектебі Тұңғыш Президент Кітапханасының Мұражайындағы көрмеге 80 дипломдық жұмыс апарды. Жұмыстардың саны Павлодар өлкесінің 80-жылдығына символ мәнді. Көрменің ашылу салтанаты 16 сәуірде өтті, 2018 жылының 20 мамырына дейін экспозиция  болады.

      Көрмеде көрсетілген жұмыстар мектепте оқытылатын бейнелеу өнері техникаларының алуан түлілігін көрсетеді. Бұларға жеңіл әрі мөлдір батик, бейнетті, бірақ ерекше киіз басу, маймен немесе акрилмен орындалған көрнекті әрі кескінді композиция, нәзік акварельдік жұмыстар, сонымен қатар көптеген егжей-тегжейлі орындалған графикалық жұмыстар жатады.

      Қазақстанның және Павлодар облысының атақты суретшілері, Астана қаласы көркемсурет мектебінің педагогтары мен оқушылары, Павлодар көркемсурет мектебінің түлектері ашылу салтанатына шақырылған. Жерлестеріне қолдау көрсетіп, көрмеде сөз сөйлеген  Қазақстан Республикасы көркемсурет Академиясының академигі, елімізге Еңбегі сіңген Қайраткер  Өсербай Аманжолұлы Шуранов және   Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының корреспондент-мүшесі, білім беру ісінің Үздігі Ерсін Қаскиұлы Тақырбасов. Мектеп түлегі, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы  суретшілер Одағының мүшесі, атақты жас суретші Гүлмарал Тәтібаева да келді. Көрмеден алған әсерін, өзінің ой-пікірін  Қазақстан Республикасының суретші-дизайнері Гүлдана Жұрқабаева білдірді:  «Көрме маған ұнады. Өте мықты жұмыстар. Әр түрлі стильде жасалған. Бәрінен бұрын ұнағаны қағаз пластикасы техникасымен жасалған  суреттер. Бұл өте күрделі және ерекше. Жұмыстарға қарап, ұстаздардың балаға қанша  еңбегін және жанын салғанын көруге болады».

   Мерекелік салтанатты әдемі музыкалық орындауларымен Павлодар вокалистері әшекейледі: № 2 Балалар музыкалық мектебінің оқушысы Шоқанова Даяна (жетекшісі Король Анжела Николаевна), оқушылар Сарайының  «Свет звезды» студиясы (жетекшісі Валько Елена Михайловна) және   № 1 көркемсурет мектебінің тәрбиенушілері Ибрагимова Зарина мен  Ибрагимова Карина.

    Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары Амерхан Мұратбекұлы Рахимжанов  мектеп басшысы Л. М. Мағзамоваға №2 сертификат және естелік сыйларды тапсырды.                   

       Мектеп ұжымының тәжірибелі  оқытушыларының бірі, суретші Лариса Алексеевна Кузнецова акварельдік кескіндеме бойынша көрмеге келген балаларға шеберлік сабағын өткізді, осы техникадағы  түстерді бейнелеуінде  бірнеше құпияларымен бөлісті.

   «Бұл көрме көрермендерге әлемге көркемсурет мектебі балаларының көздерімен қарауды ұсынады және қосымша білім беру мекемелерінің бірі  ретінде мектеп жұмысының нәтижелерін көрсетеді», - дейді Ләйлә Мұқарамқызы.