Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Үндістандағы жеке көрме
18-01-2017 04:36
2016 жылдың мамыр айында оқытушының бастамасы бойынша облыстық көркемсурет мұражайында ортақ «Art flight» үнді-қазақ көрмесі өткізілді. 2016 жылы желтоқсан айында Үндістандағы Курукшетра қаласы Өнер университетінің профессоры Рам Виранжанның шақыруы негізінде Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы Светлана Владимировна Кравченконың «Aqua Light» атты екі жеке көрмесі өтті. Светлана Кравченко – дарынды суретші-акварелист, графикалық дизайнер, 2015 жылы қазан айында құрылған Қазақстанның Халықаралық акварельдік қоғамдастығының ұйымдастырушысы және жетекшісі. Курукшетра және Рохтаг қалаларында өткізілген көрмелерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай салынған 30 жұмыс ұсынылды. Акварель техникасында орындалған картиналарда Павлодар, Алматы қалаларының әсем пейзаждары және гүл натюрморттары бейнеленген. Бұл көрменің арқасында үнді әріптестеріміз бен студенттер Қазақстанның көркем табиғаты және тұрмысымен, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптармен таныс болды. Сонымен қатар, Светлана Кравченко университеттердің студенттері мен оқытушыларына арнап шеберлік сабақтарын өткізді. Готан, Раджастан қалаларындағы Халықаралық кескіндеме және мүсін бойынша өткен симпозиумына қатысып, сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды. Үндістандық БАҚ өнер сүйер қауым көрме авторының, педагог және суретшінің акварельдік шеберлігіне тәнті болды. Оған қоса, автордың жұмыстарының каталогын жасап шығарды.