Сенім телефоны
8(7182)63-23-46
email: sad3@goo.edu.kz
Мекенжайы: Камзин к., 9
8(7182) 33-63-83 - бухгалтерия 8(7182)63-23-46- басшы 8(7182)33-61-48 -вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00- 18.00-ге дейін.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
А.С.Пушкин ертегісінің күні "Там на неведомых дорожках..."
12-06-2017 05:34
А.С.Пушкин ертегісінің күні

"Пушкин ертегісіне саяхат"

1799 жылы 06 маусымда- ұлы ақын А.С,Пушкиннің туған күні. Осы жылы оның туғанына 218 жыл болды. № 3 сәбилер бақшасы МҚКК  қызметінің жоспарына сәйкес бүгін  орыс ақыны А.С.Пушкиннің туған күніне орай мәдени шаралар  өткізілді. Ересек және даярлық топтары үшін әдеби -ойын бағдарламасы, "Пушкин  ертегілеріне саяхат", А.С.үПушкиннің ертегісі бойынша әдеби викторина, Пушкин ертегілерінің көрінісіне  балалар  сурет көрмесі, кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты:

А.С.Пушкин шығармашылығымен балаларды таныстыруды жалғастыру.; А.С.Пушкин  ертегісінің мазмұны туралы балалардың  білімін  викторина -ойын арқылы жүйелеп бекіту;  балалардың әдеби оқуға  деген  қызығушылықтарын арттыру, орыс классикасын сүюге тәрбиелеу; топта жұмыс жасауды қалыптастыру, қозғалыс арқылы эмоциясын жеткізуге,  сөйлеуді, ойлауды, сақтауды дамыту,балалардың сөздік қорын байыту. А.С.Пушкин  ертегісі бойынша саяхат  интерактивті атмосферада өтті. топ тәрбиеленушілері бағдарлама аяқталғанға дейін белсеңді қатысты: ертегі үзінділерін жекелей және топ бойынша әңгімеледі. ( У Лукоморья дуб зеленый...,  Золотой петушок ертегісі және т.б.)  "Рыбак и рыбка" "Царь Салтан " ертегісі атты  ертегіден көрініс көрсетті. ,жұмбақтар айтып  шешілді, викторина  сұрақтарына  жауап берілді.

"Оқымысты мысық" жүргізген   ""Золотой петушок,"Наливное яблочко","Море волнуется","Куда смотрит петушок", "Повторяй за мной"  ойындарынан үлкен әсер алды.

Балаларға белсеңділік танытқандары үшін  "Рыбак и рыбка" туралы ертегісінен мультфильм көрсетілді.

А.С.Пушкин ертегілерінде  сиқырлы таңғажайыптар, жақсылықтың  әрқашан жамандықты жеңуі. А.С.Пушкин ертегісіндегі  жақсылыққа  баулу біздің балалардың жүректерінде мәңгілікке қалар деген сенімдеміз.

Мерекені ұйымдастырған: Г.И.Пфунд, С.А. Ляхова, А.М.Сарсембаева