Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Менің өлкем" қалалық жобасының ақтық сыңы аяталды.
02-03-2017 06:43

               Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында «Менің өлкем» жобасын жүзеге асыру 2017 жылдың ақпанынан наурызына дейін созылды. Жоба қатысушылары зерттеу-өлкетану,ізденіс,«Жас саяхатшы» жұмысымен айналысты. Жоба мақсаты-туған үйі,достары,ата-анасы тұратын,балалық шағы өткен туған жері,кішкентай отанына,Отанға деген сүйіспеншілігі, азаматтық абыройы, ұлттық мақтаныш сезімін игерген,құқықтықдемократиялық мемлекеттің азаматын Қазақстан патриотын тәрбиелеу- деп белгілейді орталық ұстазы Жолдаспаева Арай Құрманғалиқызы.    10 - 12 оқушыдан тұратын қала мектептерінің 218 оқушы құрамында 15 команданың жоба қатысушылары бірінші турдың визит карточкасында өзінің кішкентай туған жерін ұсынды-кішкентай ауыл, қала көшесін және әткеншегімен жайлы аула, құм және ағашсырғанағы.Осы кезден ең шығармашылық,креативтік команда барлық жоба бойы зерттеу-өлкетану,ізденіс,шығармашылық жұмыспен айналысты.Облыстық мұражай мамандарынан әділқазылар мүшелері 15 номинациядан 15 саяхат тыңдады және көрді: қала бойынша саяхат шолу, тақырыптық саяхат,менің мектебімнің тарихы. «Павлодар бойынша саяхат» саяхатшы Андриенко Ярослав (ЖОМ № 1), «Менің мектебімнің тарихы» - Зайцева Раиса (ЖОМ№ 36), «Менің туған қаламның тарихы» -Дюдина Лидия (ЖОМ № 9) жоғарғы бағаға ие болды.«Ұлы дала - менің туған өлкем» музыкалық композиция байқауының шарты бойынша шығармашылық орындау - тембр сұлулығы,стильді түсіну,әртістілігі,микрофонды пайдалана алуы,сахнада өзін ұстау мәдениеті,сахналық костюм,тақырыпқа және орындаушының жасына репертуар сәйкестігі.Жоба музыкалық нөмір, саяхат ең жақсы визитка ұсынған гала-концертпен аяқталды.Салтанатты жағдайда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс қорытындысы жасалды.№ 15,7,33,6 ЖОМ ең жақсы саяхатшыларына грамоталар және естелік сыйлықтар тапсырылды.«Ұлы дала -меніңтуғанөлкем» музыкалық байқауының ең жақсы қатысушылары № 1,37,19 ЖОМ. «Менің өлкем» жобасының белсенді қатысушылары Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының грамоталарымен №19 «Кереку ұландары»,№41 «Жас ұрпақ», № 20 мектеп лицейдің «Сұңқар» командалары марапатталды. I, II, III орынның грамоталары мен сыйлықтарына № 9 (1), «Жауынгерлер» № 37 (2), «Жастолқын» № 29 ЖОМ (3) көшбасшы-командалары ие болды. «Меніңөлкем» жобасының гран-при иегері № 1 ЖОМ «Патриот» командасы. Командаға грамота, кубок және сыйлық тапсырылды.