Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМНЫҢ МАГИСТРЛЕРІ
14-04-2017 04:53
САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМНЫҢ МАГИСТРЛЕРІ

              Павлодар қаласы білім беру бөлімініңбалалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығымен 2017 жылы 17 сәуірде «Бағдарлама жүргізушісі байқауы» номинациясы бойынша «Балауса- 2017» қалалық балалар шығармашылығы фестивалінің іріктеу кезеңі өткізілді. Қаланың 27 ЖОМ және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты: ЖОМ № 19, 2, 40, 43, 21, 37, 28, 22, 38, 30, 4, 27, 18, 14, 20, 25, 39, Кенжекөл ЖОМ, 16, 9, 31, 35, 26, 29, 1, 12, «Жігер», «Ракым» Балалар-жасөспірімдер клубтары.
Фестиваль қатысушылары өз сценарийі бойынша жүргізушілердің орындауында - үй тапсырмаларын ұсынды (концерт, мереке, ойын-сауық бағдарламасы, танымдық шаралар үзіндісі, аудитория және әртүрлі деңгейдегі жүргізушілер бағдарламасы).
Қатысушылар сценарий түпнұсқалығымен, мәнерлеп оқу, дикция дайындығы және аудитория жұмысымен ерекшеленді. ЖОМ № 19,2, 40, 43, 21, 37, 28, 22, 38, 30, 4, 27, 18 оқушылары лауреат атанды. Әділ қазылар № 19 ЖОМ оқушылары Асарбаев Мерлан және Джумалинова Дананың «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы» сценарийін, № 2 ЖОМ оқушылары Өсербай Серікжан және Мүбараков Еркежан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне арналған сценарийін атап өтті.
«Балауса» фестивалі көп жылдан бері сахнада қаланың ең дарындыларын жинап, жаңа «жұлдыздарды» ашады, балаларды өнердің әр түріне баулиды. «Композициялық оқу», «Бағдарлама жүргізушілері», «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша өткізіледі. Фестивалдің барлық жанры «Отан. Балалық. Достық. Мектеп» тақырыбында өтеді. Фестиваль қаланың білім беру ұйымдарында көркемдік-эстетикалық тәрбие бағытын жетілдіру, оқушыларға шығармашылық өсу өздігінен жоспарлау дағдыларын үйрету, балалардың орындау шеберлігі және шығармашылық ұжым шамасын дамыту, қолдау, айқындау мақсатында өткізіледі.