Сенім телефоны
8(7182)533534
email: sad21@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Астана көшесі, 1 А
8(7182)533534
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс күндері: 9.00-13.00 14.00-18.00
"Қош келдің, Наурыз!"
17-03-2017 11:10

     Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз - жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы "Армысың, әз Наурыз", "Әз болмай, мәз болмас" деп қарсы алған.

Ұлыс күні қазақ елі үшін қасиетті, киелі саналған. Ер адамдар бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады.

  Бізде осы дәстүрді ұстанып, балабақшаның ата-аналарын, келген қонақтарды наурыз көжеден, тағамдардан дәм татуға шақырдық.

  Мереке неғұрлым мол болса, соғұрлым жылда сәтті болады.