Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қош бол, бастауыш мектебім!»
22-05-2017 10:03
«Қош бол, бастауыш мектебім!»

   2017 жылғы 20 мамыр күні №37 жалпы білім беру мектебінде 4 сыныптарға арналған «Қош бол, бастауыш мектебім!» атты мерекелік шара өтті. Мерекеге бастауыш мектебін бітірушілердің ата-аналары және мектеп мұғалімдері қатысты.
   Бітірушілер тақпақ-жырларын айтып, мектеп өмірі және ұстаздарына арнаған әндерін шырқады, бітірушілер вальсі биін билеп, сахналық көріністер қойылды, тіптен топтық күй орындалды. Оқушылар шын жүректерінен өз ұстаздарына, сынып жетекшілеріне және ата-аналарына деген алғыстарын білдірді. Барлық бітіруші бүлдіршіндерге және мектеп өміріне атсалысқан ата-аналарға мектеп атынан алғыс хаттар табыс етілді.
    Ата-аналар тарапынан балапандарының алғашқы ұстазына және жалпы білім берген барлық ұстаздар қауымына ізгі тілектер айтылды. Сынып жетекшілері, өз кезегінде, оқушыларына барлық жақсы тілектерін ақ бата ретінде жаудырып, оларға болашақта тек биіктерден көрінуге тілектес екендерін білдірді!