Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодарлық оқушы ұрыны ұстады
20-02-2017 06:51
Павлодарлық оқушы ұрыны ұстады

           Ұрыны құрықтап, ерлік жасаған Павлодар қаласының Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Мұқанов Нариман. Нариман өзінен бірнеше жас үлкен ер адамға қарсы тұрып, тосқауыл бола алды.

Ұры 40 жастағы Ақмола облысының тұрғыны мектепке кіріп, құжаттар мен 20 мың теңге, ұялы телефоны бар  сөмкені ұрламақ болған.

     Директордың орынбасары Боранбаева Майра Қадырбекқызы ер адамның қойнына сөмкені тығып жатқанын байқап, тоқтатпақ болып, айқайлап артынан қуа жөнеледі. Сол кезде  мектеп фойесінде оқушылар тақырыптық газетті іліп  жатқан. Директордың орынбасарының дауысын естіп және қашып бара жатқан адамды көріп, 9 сынып оқушысы Мұқанов Нариман кідірместен қылмыскерді бас салып, сол жерде ұстап алады.

 

« Мұқанов Нариман отбасыдағы жалғыз бала. Мектепте өз құрдастары арасында құрметке ие, іскер,еңбекқор, кішіпейіл, қайырымды жан. Мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Жақсы оқиды, әсіресе гуманитар пәндерді сүйіп оқиды. Бос уақытында спортпен айналысады. 6 жыл бойы №3 БЖСМде еркін күреспен айналысады, спорт шеберіне үміткер, қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпазы » - деп айтады  мектеп директоры Смагулова Майкен Калымовна.

      Қылмыскерді тұтқындауда және  қылмысты әшкерелеуде белсенділік танытқаны үшін Павлодар қаласының  ІІБ  Алғыс хатын  алды. Сонымен қатар мектеп инспекторы Кисатова Махаббат Нарымбекқызы  да осы ұрыны ұстауға үлес қосқаны үшін,  қалалық білім беру  бөлімінің  Алғыс хатымен марапатталды.