Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жауынгерлік Данқ Мұражайында жаңа жәдігерлер бөлімі ашылды.
15-02-2017 03:52
Жауынгерлік Данқ Мұражайында жаңа жәдігерлер бөлімі ашылды.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққанына  28 жыл толу қарсаңында  14 ақпан күні № 14 Жалпы білім беру мектебінің Жауынгерлік Данқ  Мұражайында Ауған соғысына қатысқан павлодарлықтарға арналған  жаңа жәдігерлік бөлім ашылды. Бұл бөлімнің ашылуына мектеп оқушылары мен АӘД пәнінің мұғалімі Б.Қ Өтеповтің ізденіс жұмыстарының жетістігі себебші болды.

Ашылу салтанатында мектеп директоры  Ә.Ә. Әжібаева «Жауынгерлік Данқ Мұражайында жаңа бөлімнің ашылуы Ауған соғысына қатысқандарға құрмет пен ізет,олар  біздің өміріміздің, еліміздің бір бөлігіне айналғаны анық.Бүгінде біз бейбітті , бақытты елде тұрғанымыз   батыр ,ержүрек өз отанының адал ұлдарының арқасы. Бұл өсіп келе жатқан жастарға үлкен үлгі- өнеге береді»

 

 Мектептің экскурсоводтары 10 сынып оқушылары келген қонақтарды жаңа жәдігерлермен таныстырып, Ауған Демократиялық Республикасында әскери борыштарын адал атқарған жауынгерлер туралы сыр шертті.

Мұражайдың жаңа жәдігерлері мен стендтар АДР 1979-1989 жылар аралығында 1098 азамат жауынгерлер қатарына өз міндетін орындауға павлодар облысынан ауған еліне аттанды. Оның 36 қаза тапты,54 жараланды. 269 павлодарлық орден, медальдармен мараптатталды. 26-сы Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Еске алуға келген қонақтардың ішінде Павлодар облыстық қорғаныс департаментінің басшысыБуксман Д. А,Облыстық Ауғанстан ардагерлері Одағының төрағасы Майкотов Б.  Н,Павлодар облыстық ізденіс қозғалысының негізін салушы Камзин Ж. Ж.болды.

Бұл соғыстың ауырталығын көтерген адамдар біздің есімімізде мәңгі сақталады. Біз үшін ауған соғысына қатысқандардың есімдері Ұлы Отан Соғысының Батырларымен қатар тұрады.  Бұл  батыр жауынгерлер өз Отандарының сенімін ақтауға тырысты.Олар өз Отанының патриоттары.