Сенім телефоны
8-718-2-62-12-92
email: sosh23@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Бакинская көш., 4
611290, 611296, 611297
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 16.00 - 17.00, Сейсенбі 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз мейрамы
20-03-2017 04:59
Наурыз мейрамы

   2017 жылдың 18 наурыз күндері №23 жалпы білім беру мектебінде барлық сыныптардың қатысуымен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараны өткізудегі мақсат – Наурыз мерекесінің шығу тарихымен, осы мерекемен байланысты салт-дәстүрлермен оқушыларды таныстыру.
   Наурыз – жыл басы, көктемгі мереке, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің бастауы.Наурыз мерекесі 22 наурыз күні күн мен түннің теңесуі қарсаңында атап өтіледі.
   Мерекені «Туған жерім» әнімен 9 сынып оқушылары Генинг Кристина және Серикбай Аяна ашты. Ұлттық дәстүрлеріміз бен салттарымыздан көріністер көрсетіліп, ұлттық ойындар ойналды, ұлттық тағамдар көрсетілді. Вокал тобы ұлттық әндерді орындады. Бастауыш сынып оқушылары көктемгі билерін билеп таң-тамаша етті. Балалар асқан қызығушылық пен белсенділік танытып, отан сүйгіштіктерін көрсетті.
  Мереке соңында Грация би тобы аяқтады,барлық көрермендердің көңіл күйі көтереңкі болды.
  Қазақ тілі мұғалімдері : Г.Е Жерғасинова
                                        Ж.Т Ысқақова