Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мықты жанұя» UNODС жобасы туралы ақпарат
25-04-2017 04:11
«Мықты жанұя» UNODС жобасы туралы ақпарат

2017 жылғы 24 сәуір күні Павлодар қаласының №24 ЖОМ ММ «Мықты жанұя» UNODС жобасы жұмысын бастады. Аталмыш шара БҰҰ басқармасының қолдауымен жэәне халықаралық тренерлер Линдсей Кумбс пен Дебора Аллен, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ аймақтық үйлестірушісі Надим Рекхамның қатысуымен өтуде.
«Мықты жанұя» бағдарламасы дұрыс өмір ұстанымдарын қалыптастыратын ата-аналарға, жастарға (10-14 жас) және барлық отбасы мүшелеріне және есірткі заттарын ерте кезден бастап қолдануды мен жастар арасында қауіпті тәртіпті алдын алуға, мықты жанұя құруға арналған.
«Мықты жанұя» бағдарламасы әлемнің 35 елінде енгізіліп, орыс, испан, португалия, неміс, француз, қытай және басқа тілдерге аударылған.
тренингтің ашылу рәсімі мектғептің акт залында өтті. Қатысушылар алдында мектеп директоры Нұргүл Шампатқызы Рахимгожина сөз сөйледі. Аймақтық үйлестіруші Надим Рехман халықаралық тренерлер Линдсей Кумбс пен Дебора Алленді таныстырды. Олар аталмыш бағдарламаның мақсатымен таныстырып өтті.
Тренерлер Линдсей Кумбс пен Дебора Аллен аудиторияда топтық жұмыстар өткізді. Күннің екінші жартысында бұл бағдарламаның 1 циклінен өткен педагогтар Риза Мухамбетова мен Алена Полозюкова интерактивті түрде сабақ жүргізді.
Тренингтің қатысушылары сабаққа белсенділік танытып жұмыс істеді, тренерлерге сұрақтар қойды. Сабақтың соңында рефлексия жасалып, қорытынды шығарылды. Қатысушыларға үй тапсырмасы берілді.
Үзілістер кезінде «Крендель» ЖШС қызметкерлері тренинг қатысушыларына кофе-брейк және түскі тамақ әзірледі.
Төрт күн бойы білім алған тренерлер кейінгі уақыттарда отбасылармен тренингтер өткізетін болады.