Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мерейлі 20 жылдық жеңіл атлетика жүгірісі өтті
29-04-2017 04:35
Мерейлі 20 жылдық  жеңіл атлетика жүгірісі өтті

2017 жылғы 28 сәуір күні «Павлодар қаласының №24 ЖОМ» ММ-де мерейлі 20 жылдық  жеңіл атлетика жүгірісі өтті. Аталмыш шара Ұлы Жеңістің 72-жылдығына және EXPO-2017 халықаралық көрмеге орай ұйымдастырылды.
Биыл жүгірістің қатысушылары Павлодар-Астана-Павлодар бағыты бойынша жүгіріп, 9 мамыр күні қаланың бас алаңында дәстүрлі түрде аяқтайды.
Жарыстың қатысушыларын қарсы алуға қалалық білім беру бөлімінің өкілдері Галина Александровна Шиндлярская, Назымбек Жапишевич Тасыбаев келді. Спортшыларды құттықтай отыра, қонақтар аталмыш шараның тек спорттық сипаты ғана емес, сондай-ақ аймақтардың бірігуіне ықпал ететіні және өсіп келе жатқан ұрпақтың салауатты дағдыларын қалыптастыруға да септігін тигізетінін ерекше атап өтті.
Аталмыш шараның қатысушылары өздерінің жүру жолында футболдан, волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, тоғыз құмалақтан жолдастық кездесулер ұйымдастырады. Қатысушылар Даңқ ескерткішіне шір қояды, Қазақстанның көрікті жерлерімен танысады, жолдағы қиындықтарға төзуге үйренеді, туризм дағдыларын меңгереді.
1998 жылдан бері Баянауылдан Новосібір мен Омбыға дейін 19 жүгіріс өткізілді. Жүгірістің ұйымдастырушысы мен жаттықтырушысы дене тәрбиесі мұғалімі
Турсынбек Сарсенаевич Оспанбеков болып табылады.
Бұл соңғы жүгіріске мектеп мұғалімдері Т.С. Оспанбеков, В.С. Шибаков,
М.А. Абдикаримов, мектеп түлектері, оқушылары, ең кішісі 4 сынып оқушысы қатысады.
Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі Қазақстан Республикасында осындай кең ауқымды шараны ұйымдастырып жүрген жалғыз оқу орны болып табылады.