Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектебіміздің мақтанышы
18-04-2017 04:48
Мектебіміздің мақтанышы

     №35 ЖОББМ-і – Павлодар қаласында алғашқы жылдары салынған бірыңғай қазақ тілді мектептерінің бірі. Гимназия, тереңдетілген сыныптар ашылған бұл атаулы мектептің дарынды оқушылары облыс, республика, халықаралық дәрежедегі сайыстардан көрініп жүр.

     Оқушылардың саналы тәрбиесі мен сапалы білімін меңгерту барысында республика көлемінде балалардың денсаулықтарын нығайту жұмыстары қолға алынған. Қазақстан табиғаты әдемі де көрікті жерлерінде жасөспірімдердің денсаулығы мен дарындылық қабілетін шыңдауда оқу-сауықтыру орталықтары қызмет етуде. Орталыққа жолдама негізінде 11-ден 15 жасқа дейінгі дарынды балалар жіберіледі. Бұған оқу үздіктері мен олимпиада жүлдегерлері және жеңімпаздары, шығармашылық пен спорт жарыстарының жеңімпаздары ғана жолдама ала алады. 

    Жасөспірімдердің денсаулығын нығайтатын қызығушылықтары мен рухани, адамгершілік қасиеттерін, дарындылық қабілетін жетілдіретін бұл орталық аясында түрлі дәрежедегі сайыстардың ұйымдастырылып отыратындығы белгілі.
     Алькеев Даир – осы жолдамаға ие болған оқушылардың бірі. Ол тереңдетілген 5 «А»-сыныбында оқиды. Даир бастауыш сыныптан халықаралық, республика көлемінде өткізіліп жүрген сайыстарға қатынасып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Сол себепті жуырда Көкшетаудағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдама алып, демалып қайтты.
       5-сынып оқушысы Д.Алькеев өзінің зеректілігімен, дарындылығымен көзге түсіп, оған ҚР білім және ғылым министрлігі «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қазақстандық-жас патриоттар Академисының «Қазақстандық-жас патриоттар Академиясының мүшесіне қабылданғаны үшін» куәлігі пен медалі табыс етілді. Сондай-ақ сол оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылған республикалық «Абай, Махамбет оқуларында» ол 1-орынға ие болды.
      Даир сияқты саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-анасы мен №35 ЖББОМ-інің ұстаздары, сынып жетекшісі Кусаева Рита Умирзаковнаның еңбегінің жемісі болмақ.
      Даир сыныбының, мектебінің ғана мақтанышы емес, облысымыздың да мақтанышы.
      Бейбіт заманның патриоты атанып келген кішкентай батырымыздың болашағынан үміт күттіретініне сенімдіміз.

№35 ЖББОМ-інің қазақ тілі мен
әдебиет мұғалімі А.Е.Мундуинова