Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Роботты техникадан облыстық спорттық фестивалі
22-05-2017 09:22
Роботты техникадан облыстық спорттық фестивалі
      18-19 мамыр күндері спорттық Роботты техникадан облыстық фестиваль өткізілді. 18 мамыр күні Павлодар транспорт және коммуникация колледжінде өткен облыстық фестивальға №40 ЖОББМ 3 командасы қатысты. Коростовский Константин және Ма Лян, Ахметов Алишер және Жүніспаев Абдуррахман, Ибраимов Дінмухамед және Жанарыс Хамза. Балалар «Каз Роботикс» білім беру және облыстық роботты техника федерациясының қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.
    2017 жылғы 19 мамырда Павлодар транспорт және коммуникация колледжінде «KazRoboSport-2017» Республикалық Чемпионаты ұйымдастырылып өткізілді. №40 ЖОББМ қалған Лукаш Сергей, Касенов Тимур, Попатенко Руслан және Демидюк Александр құрамынан тұратын 2 командасы осы іс-шараға қатысты. Балалар «Кедергілері бар жолдармен жүру» санатында роботты техникадан бар күштерін сынап көрді, бұнда роботқа «Кірпіш» және «Әткеншек» кедергілерінен өту және «РобосумоМини» санатында роботтар 15х15х15 см. көлемінен үлкен болмауы тиіс болды.
       Іріктеу Чемпионатының қорытындысы бойынша «Автоботы» командасының балалары «РобосумоМини» санатында 3 орынды иеленді. «Dream Team» командасы Лукаш Сергей мен Касенов Тимур 2 орынды алды. Балалар 2-ші және 3-ші деңгейлі дипломдар мен ЭКСПО-2017-ға билеттер және қатысқаны туралы сертификаттар алды. Сонымен қатар командалар жетекшілері облыстық «KazRoboSport-2017» фестиваліне қатысқаны туралы сертификатпен марапатталды.