Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас гроссмейстердің үлкен жеңісі
22-05-2017 10:05
Жас гроссмейстердің үлкен жеңісі

№43 ЖОМ 6-В сынып оқушысы Никита Грицик 6 жастан бастап шахматпен шұғылданып келеді. Содан бері шахмат жас спортшының өмірінде үлкен орын алды. Никита өз қабілетін және күшін турнирлерде, жарыстарда көрсетеді және нәтижелері байқалады. Оның жинақ сандықшасында – «Бір мезгілді ойын сеансы» акция шеңберінде шахмат бойынша қалалық турнирде 1 орын, Балаларды Қорғау күнінен арналған шахмат бойынша блиц-турнирде 2 орын, Астана күніне арналған шахмат бойынша турнирде 2 орын. Сонымен қатар, Никита жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында қалалық спартакиадада мектеп намысын қорғап, 3-ші орын алды. Жас гроссмейстер үшін үлкен жеңіс №19 ЖОМ қабырғасында өткен аулалық спорт турниріне қатысу болды. Турнирге қала мектептерінің жас шахматшылары және спорттық мектептің тәрбиеленушілері қатысты, Никита 1 орын алды және өзінің жинақша сандығын тағы бір мәрте толтырды. Біз Никитадан шахматшының басты ережелері туралы сұрағанда: «Бастысы – ойынның рахатын көру, жүлде туралы ойламау, жеңіліске мұңаймау, өйткені кез келген турнир – күштірек болуға жаңа мүмкіндік сыйлайды. Және, әрине, қарсыласыңа құрметпен қарау: қалай лайықты жеңсең, дәл солай лайықты жеңіле білу керек» деп жауап берді.