Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Зұлым бейнелі соғыс"
15-05-2017 03:46

Кенжекөл ЖОМ –ның мектеп кітапханасында Ұлы Отан Соғысы тақырыбына арналған шаралар өтті. Бастауыш сынып оқушыларымен «Балаларға соғыс туралы оқимыз» сабағы өткізілді. Балалармен соғыс тақырыбында әңгіме жүргізу өте ауыр. Осы сәттерде уақыт желісімен жүрекке жол таба білетін кіттаптар құтқарады. Оқушылар балалар жазушысы С. Георгиевскаяның «Галина мама» шығармасын үлкен қызығушылықпен тындады. Жас оқырмандардың назарын «Соғыс туралы кітаптар балаларға» виртуалды кітап көрмесі аударды.
6-шы сынып оқушыларының қатысуымен Б. Васильевтің «Азори здесь тихие...» шығармасы бойынша «Соғыстың ауыр бейнесі» әдеби-музыкалық кеші өтті. Ж. Лукина, Н. Мүкәрәм, Р.Әбілдә, С. Мырзабаев соғыс тақырыбына арналған белгілі ақындардың өлеңдерін оқыды. Оқушылар жазушының шығармашылығымен танысты. Майданда жүріп, ол туралы жазбау ол үшін мүмкін болмады. Б. Васильевтің «Азори здесь тихие...» шығармасы жылдар бойы өз мұңын, құндылығын жоғалтқан жоқ. Аталмыш туындыда соғыс кезінде Отан үшін өздерінің жандарын берген батыр әйелдер туралы жазылған. Б. Васильевтің «Азори здесь тихие...» шығармасы бойынша оқырмандарға буктрейлер ұсынылды.
Мейрамға орай мектебіміздің кітапханасында «Ұлы Отан соғысының әйелдері – сіздерге арналады...», «Мен соғыс жылдары дүние есігін ашқанмын», «Соғыс туралы естеліктерді кітаптар оятады», «Бауыржан Момышұлы» кітаптар көрмесі дайындалды. Ондағы кітаптар әдеби және көркем шығармалар.