Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№ 25 жалпы орта білім беру мектебіндегі Республикалық 55 пән олимпиадасына қатысушыларды қарсы алу
18-03-2017 10:10
№ 25 жалпы орта  білім беру мектебіндегі Республикалық 55 пән олимпиадасына қатысушыларды қарсы алу

15.03.2017. күні № 25 жалпы орта білім беру мектебі Республикалық 55 пән олимпиадасына қатысушы оқушыларды қарсы алды. Мектебімізде Ақмола және Маңғыстау облысынан білім додасында бақ сынасуға келген оқушылар мен жетекшілері қонақ болып қайтты. «Жас ұланшылардың» жалынды сәлемімен қарсы алынған қонақтарды әрі қарай қазақтың күмбірлеген домбырасынан төгілген «Балбырауын» күйі баурап алды. 8-сыныптың ұл-қыздарынан құрылған бишілер тобының орындауындағы «Қуаныш» биі жас білімділерді ерекше әсерге бөледі. Кейіннен олимпиада қатысушыларды мектеппен таныстыру жұмыстары өтті. Амфитеатрында мектебіміздің 11-сынып оқушылары өздерінің алыстан білім бәйгесіне келген замандастарымен қосылып үш тілде ән айтты. Бұдан кейін қонақтар мәжіліс залында өткен концертті тамашалады. Бимен басталып, әдемі әндерге ұласқан концерт бір сағаттан аса уақытқа ұласты. Алыстан келген білімді балалар мектептің ұйымдастыру шаралары мен оқушыларының өнеріне тәнті болып, ерекше көтеріңкі көңілмен кетті.