Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы
26-04-2017 13:21
Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы

Тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды облысының 19 педагогтардан тұратын делегация 3 күндік іс-сапарымен Павлодар қаласының білім беру мекемелерін аралады.
№25 мектепте қонақтарды мектепішілік Жас ұлан ұйымының Президенті - Ахметжанова Софья сәлемдесіп, әрі қарай оқушылар тобы «Қара жорға» биін флешмоп түрінде бийлеп, одан кейін «Домбыра сазы» оркестрі «Балбырауын» күйін ойнап қарсы алды. Қонақтар шағын орталық жұмысымен танысты, Тұңғыш Президент кабинетінде «жасұланшылармен» кездесу өткізді /аға тәлімгер E.Болат/. «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі M.M. Сүлеев және 8 «А» сынып оқушылары қонақтарды неғұрлым жетілдірілген роботтармен таныстырды. С.Х. Жұмабаевтың басшылығымен 8 «Ә» сынып оқушысы Кәрібай Санжар басқа оқушылармен бір мезеттік шахмат ойының өткізді. Шетел тілдер кабинетінде Ж.Қуаныш 3 «В» сынып оқушылармен қытай тілі сабағын өткізді, мұнда балалар қытай тілінде сөйлеу дағдыларын көрсете білді. Биология кабинетінде Ә.Н. Ташимова және Н.Ү. Ермагамбетова қонақтарға интегривті биология ағылшын тілінде сабағын көрсетті. Кітапханада «Зияткер» атты оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы көрсетілді және ПМПИ-дің филология ғылымдарының докторларымен Р.A.Вафиев және Р.Ж. Саурбаевпен кездесу өткізілді. Мектептің спорт кешенінде Ж.А. Алашпаев бастауыш сынып оқушылармен «тоғыз құмалақ» ойыны туралы айтты, әрі қарай күрес залында жаттықтырушы Е.С. Қалкенов 8-9 сынып оқушылармен «қазақ күресі» спорт секцияның жұмысын көрсетті. Гүлдер галереясында экологиялық үйірмесіне қатысатын 7-сынып оқушылары қонақтарға гүлдердің көшеттерін ұсынды. Музыка пәнінің мұғалімі Н.Қ. Асылбекова 2 «А» сыныбында Мұрагер бағдарламасымен ашық сабақ өткізді. Музыка пәнінің мұғалімі Ж. Қ. Балкенов «Асыл мұра» шығармашылық ән байқауының жеңімпаздарымен вокал үйірмесінің жұмысын көрсетті. Би үйірмесінің жетекшісі Т.Хамсурен оқушылармен үйірме жұмысын ұйымдастырды. Одан әрі қонақтар 1-қабаттағы «Жетістіктер галереясына» өтеді, мұнда мектеп директоры Г.К. Бабыкова қонақтарды мектептің жетістіктерімен таңыстырады.