Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас талант
03-06-2017 05:09
Жас талант

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген, анасының сүтімен әкесінің
қанымен бойына тараған дарын иесі жас талант № 25 жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Ахметбек Данияр өз өнерімен биікке самғайтын жас талант.
Үш жастан әкесінен домбыра тартып, ән салуды үйренді. Әкесі облысқа мәлім дәстүрлі әнші Нұржан Сарқамбаев. Әке көрген оқ жанар демекші әкесінің әншілік өнері бойына дарып, бастауыш сыныптан бастап мектеп сахнасында ән шырқады. Мектептегі түрлі өнер үйірмелеріне қатысып, «2015- Балауса» қалалық ән байқауында лауреат атанды. Наурыз айында
«Жас Жұлдыз -2017» облыстық вокал сайысына қатысып Бас жүлдені жеңіп алды. Енді міне қаламызда өткен 4- ші Республикалық конкурс – фестивальі “Dionis” байқауынан 10 – 14 жас аралығында Бас жүлдені жеңіп алды.
Мектеп табалдырығын аттаған уақыттан бастап жеткешілік етуді өз қолыма алған едім. Данияр өзінің өнерге деген құштарлығын бойына біткен талантымен байланыстыра білді. Болашақта өңіріміздің, еліміздің атын әлемге танытатын саңылақ болып шығарына сеніміміз зор.