Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қош келдің, Әз Наурыз!
18-03-2017 10:35
Қош келдің, Әз Наурыз!

Қош келдің, Әз Наурыз!

Мыңжылдық тарихы бар Наурыз мейрамы табиғаттың жаңарып жандануына, адамның рухани тазаруына және қоғамдағы өзара бейбітшілік пен келісімнің нығаюына жағдай жасайтын халықтың сүйікті мерекесі болып келеді. Ата заманнан біздің бабаларымыз өз жетістіктерін Наурыз қасиетті күнімен саралап, келешек жоспарларын болжап отырған.
Біздің Орталығымызда жыл сайын Наурыз мерекесін атап өту көлемінде экология, туризм және өлкетану бағыттарында әртүрлі қызықты танымдық, сауықтыру шаралары өткізіледі, оның ішінде ағаш және гүл көшеттерін отырғызу дәстүрлеріміздің біріне айналып отыр.
«Қазақстан - Павлодар» телеарнасының көрермендері үшін Орталық жылыжайының негізінде Г.М. Алибаева, А.А. Қасенова, Н.Е. Тлеуболдинов қосымша білім беру ұстаздары бересклет бұта ағашының көшетін отырғызу рәсімін өткізді. Мерекелік бағдарламаны 2017 жылғы 24 наурыз күні теледидардан тамашалауға болады.
Ұсынылған ағаш көшетін отырғызу тәртібін тәжірибеде қолданып, еліміздің көгалдануына әр азаматтың өз үлесің қосуына тілектеспіз.
Ұлыстың үлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын! Аспанымыз ашық болсын! Отбасыларыңызға ырыс, береке, табыс тілейміз!