Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Рождестволық кездесулер жалғасуда
23-01-2017 10:03
Рождестволық кездесулер салтын Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің поляк және болгар бөлімшелерінің тәрбиеленушілері жалғастырды. Балалар педагогтары М.Дронг, Г.Йорданова, М.Ершовалардың жетекшілігімен қаламыздың зағиптар кітапханасында тамаша кездесу ұйымдастырды. «Полония» бірлестігінің жастары мен ересектері Рождествоның өткізілу ерекшеліктері туралы айтып, колендалар орындаса, балалар тақпақ пен М.Дронг педагогымен бірге дайындаған көріністерін көрсетті. Көрермендердін көбі тек ести алғанмен олар орындаушылардың жан жылуын әндері мен рождестволық нанымен (оплатка) бөліскенде сезіп, жақсы әсерде, көтеріңкі көңіл күйде болды. Болгар бөлімшесінің педагогы Г.Йорданова ескі пісіру тәсілмен бұл нанды өз қолымен пісірген еді. Бұл бағдарламаға жастар «Нарцыз» ансамблі және «Сырэны» вокал тобы қатысып поляк рождестволық әндерін орындады (жетекшісі М.Ершова). «Поречье» казактар ансамблімен бірге шықған әндер де, осы кеш те көрермендердің естерінде жылы және жарық естелік болып сақталатынына сенімдіміз.