Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
«Масленица»
26-02-2017 07:25
«Масленица»

«Масленица» Мектеп ұжымы «Гагарин» саябағында ұйымдастырылған қалалық «Масленица» мерекесіне қатысты. Ұйымдастырушылар білім беру ұжымдарының арасында «Масленица» қуыршағын құрастыру сайысын ұйымдастырды. Біздің педагогтар бұл сайысқа мұқият дайындалып, құыршақты әр ұлттың киімімен киіндіріп, әнмен сүйемелдеу жасады. Саябақта жиналған жұрт құыршақтар көрмесін тамсана тамашалап, фотосуретке түсуге асықты. Біздің қуыршағымыз көрермендер көзайыма айналғаны сөзсіз! Соңымен қатар масленицаны мектеп бөлімшелері де атап өтті: орыс мәдениет орталығы, украин, поляк, чуваш, би топтары, болгар әсіресе бұл мерекені ерекше өткізген белорус бөлімшесі. Олар бүкіл бөлімшемен Черноярское ауылына барып халық алдында концерттік бағдарламасымен шықты. Барлық педагогтар, ата-аналар, балалар бұл күні бір-бірінен кешірім сұрап, жақсы тілектер тілесіп, тәтті құймақпенен шай ішіп тарқасты.