Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
қазақ мәдени орталығының тәрбиеленушілері мен жетекшісі Апушева Әлия Әбішқызы «Наурыз-Думан» атты концерттік бағдарламасын ұсынды
15-03-2017 11:43
қазақ мәдени орталығының тәрбиеленушілері мен жетекшісі Апушева Әлия Әбішқызы «Наурыз-Думан» атты концерттік бағдарламасын ұсынды

14-ші наурызда №120 Бала-бақшада Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі, қазақ мәдени орталығының тәрбиеленушілері мен жетекшісі Апушева Әлия Әбішқызы «Наурыз-Думан» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Қойылым арқылы Наурыз көрінісін көрсетіп, әр ұлттың әуендерін домбырада ойнап, қазақ әндері орындалды және де қазақ халқының «Бесікке салу» дәстүрі көрсетіліп, шашу шашылды. Наурыз қыздың келуі, Қыдыр бабаның келуі балаларға ерекше әсер етті. Ежелгі ата-бабаның «Алтын қабақ» ойыны да балалардың көңілінен шықты. Жеңімпаз атанған Азат есімді бала сол кештің Ханы болып сайланды. Бала-бақша тәрбиеленушілері де өз өнерлерін ортаға салды. Тақпақ, ән айтылып, батырлар биі биленді. Әрі қарай «Арқан тартыс», «Әтештер сайысы», «Білектесу» ойындары ойналды.