Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Көріскенше күн жақсы!
23-06-2017 07:08
Көріскенше күн жақсы!

Лагерьдің жабылу салтанаты – көңілді де мұңды мереке. Себебі бір жағынан балалар ортаға бар біліп-үйренгендерін салса, екінші жағынан достармен қоштасу өкінішті ақ. Бұл күн техникалық жағдайларға байланысты екі күнге ертерек өтті, бірақ келесі аптада балалар әлі сурет сайысында жүздеседі.
Бір ай шамасында балалар тату-тәтті  күн кешті. Олар күндерін бой жазу жаттығуларынан бастап, әр ұлттық бөлімшенің және мектепішілік шаралар қатысушылары болды.  Бүгінгі мереке сол күндердің түйінін түйіндеп, қорытындысын шығарды. Сахнада ән де, би де, сахналық көрінес те, караоке да болды! Ұйымдастырылған қызықты жарыстар мен жылдамдыққа арналған би сайыстары балалардың көңілінен шықты. Балаларға мереке соңында естелікке фотосуреттер, тәтті сыйлықтар таратылды! Шараға қатысушылар барлық ұстаздарға рахмет айтып, естелікке фотоға түсті.