Сенім телефоны
8(7182)629144
email: sad38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 46/1
8(7182)62-91-44 қабылдау бөлмесі, 8(7182)32-59-91 бухгалтерия 8(7182)32-39-28 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күнтізбелік сағ 9.00 –ден сағ.12.00-ге дейін сәрсенбі сағ 9.00 –ден сағ.12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
9 МАМЫР
10-05-2017 18:47
9 МАМЫР

4 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 72 жылдығына орай: «Мен білемін!Мақтан етемін!» балабақшамызда тақырыптық іс-шара өткізілді. Балабақшаның залы балалардың суреттерімен, қол бұйымдарымен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің портретерімен безендірілді. Мерелік іс-шара ҰОС ардагерінің алғыс сөзінен басталып, кейін оқиғалар хроникасы көрсетілді. Соғыс жылдарының "Катюша", "Смуглянка" әндері шырқалды. Барлығы қосылып ән салды. Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж студенттерінің орындауында әуендер орындалды. Аталарының портреттерін қолына ұстаған балалар олар туралы әңгімелеп берді. Іс-шараның соңында қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осы күні Ұлы Жеңіс күніне арналған мәнерлеп оқу бауқауы өткізілді. Барлық балалар мақтау қағазымен марапатталды. Ересек және даярлық тобының балалары Г.Н.Потанин ат. тарихи-өлкетану мұражайына барды, экскурсия жетекшісі балаларға қызықты да мазмұнды экскурсиясын өткізді. Соғыс жылдарындағы фото суреттер,сонымен қатар соғыстың зардабын көрген адамдар туралы және олардың ерліктері туралы жүрек жарды оқиғаларды әңгімелеп берді. Бұл іс –шараның басты мақсаты балаларда патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз елін мақтан ету, барлық ардагерлерге және соғыста қаза болғандарға ризашылық білдіру, балалар әр кезде осы соғысты есте ұстауы керек. Осы іс-шараны ұйымдастырған ортаңғы тобының тәрбиешілері - И.В. Михайлова мен О.А. Корешкова.