Сенім телефоны
8(7182) 20-10-11
email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 15.00- 18.00 дейін.
«Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 28 қаңтардағы

№ 27 бұйрығымен бекітілген

 

«Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің

қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі»

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 83 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген және отбасылық жағдайында, оның ішінде отбасылық балабақшаларда тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің (бұдан әрі – АКП) қызметін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.

2. АКП өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының талаптарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын білім беру ұйымының бөлімшесі ретіндегі мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналып құрылады.

 

 

2. АКП жұмысының мақсаты мен міндеттері

 

3. АКП қызметін құрудың және ұйымдастырудың мақсаты отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жасаудың мазмұнын, құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету болып табылады.

4. АКП міндеттері:

1) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтырудың мәселелері бойынша отбасылық балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың мектепке қабылдануына тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ата-аналарына психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

2) ата-аналармен жұмыс жасауда серіктестік байланысты орнатуға көмек көрсету;

3) мектеп жасына дейінгі балаларға дербес нәтижеге бағытталған педагогикалық және психологиялық көмекті жүзеге асыру;

4) балалар мен ата-аналарға әлеуметтік және медициналық қолдау көрсететін басқа да ұйымдардың мектепке дейінгі ұйымдармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

5) мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге көмек көрсету;

6) ата-аналар жұртшылығының педагогикалық білімін арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар: диспуттар, жас отбасылар фестивальдері, конференциялар, ата-аналар жиналыстары, экскурсиялар ұйымдастыру;

7) ақпараттық және "консультациялық" парақтарды, анықтамалық басылымдарды, естеліктерді, жарнамаларды әзірлеу және тарату, интеллектуалдық ойындарды, сауалнамаларды, конкурстарды және танымдық-оқыту тренингтерін өткізу;

8) отбасы тәрбиесінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыста болу.

 

 

3. АКП қызметін ұйымдастыру

 

5. АКП қызметі Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының шеңберінде меңгеруші, тәрбиеші, әлеуметтік мұғалім, психолог, логопед, медициналық қызметкер, дефектолог (логопед) және басқа мамандардың қызметтерінің негізінде ұйымдастырылады.

6. Ата-аналарға консультация бір немесе бірнеше маманның бір мезгілде түрлі топтық, топшалар, жеке формалары арқылы жүргізілуі

мүмкін.

7. АКП таңертеңгі және кешкі уақыттарда аптасына 2-3 рет болуы мүмкін. Консультацияның ұзақтығы 25 минут.

8. Ата-аналардың өтініштері бойынша АКП жедел көшпелі консультациялық көмек ұйымдастыруы мүмкін.

9. АКП пен балалардың ата-аналарының (немесе басқа заңды тұлғалардың) арасындағы өзара қарым-қатынас қызмет көрсетудің ауқымы мен мерзімін, төлем мөлшері мен басқа да талаптарды айқындайтын шартпен реттеледі.

10. Консультациялар әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық- педагогикалық және медициналық-сауықтыру бағыттары бойынша жүргізіледі:

1) педагогикалық, психологиялық және медициналық бейіндегі жоғары білікті мамандарды іріктеу;

2) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге, оқытуға және дамытуға қатысты жеке және дифференциалды тұрғыдан келу мәселелерінде консультациялық көмек алудағы ата-аналардың қажеттіліктерін талдау;

3) мектеп жасына дейінгі балаларды диагностикалау, олардың тәрбиесін түзету және дамыту мәселелері бойынша көшпелі консультациялық көмек көрсетумен қамтамасыз ету;

4) балалармен жүргізілетін педагогикалық және психологиялық өзара іс-қимылдың өзекті проблемаларына арналған ата-аналардың өтініштері бойынша жеке консультациялар өткізу;

5) балаларды когнитивті, әлеуметтік, эмоционалдық, физикалық тұрғыдан дамытуды психологиялық-педагогикалық алып жүру бойынша тақырыптық консультациялар жүргізу.