Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Технология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері

 

1. «Технология» кабинетіне тек қана мұғалімнің рұқсатымен кіруге болады.

2.   Арнайы киімді киіп, қолынды сабынмен жу (егер сабақ ас дайындаумен байланысты).

3.   Бекітілген орныңда жұмыс істе, мұғалімнің рұқсатынсыз орныңнан тұрма.

4.   Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен баста. Жұмыс кезінде сақ бол.

5.   Қолдану ережелерін білмейтін құрал-саймандарды қолданба.

6.   Құрал-саймандарды жұмыстың түріне сай пайдалану керек.

7.   Дұрыс істемейтін немесе ұшталмаған құралдармен жұмыс жасама.

8.   Жұмыс кезінде құралды мұғалім көрсеткендей қолдану керек.

9.  Құрал-саймандарды өздеріне тиісті орында сақта. 

10. Өз жұмыс орныңды тазалықта ұста.

11. Құралдарды мұғалім көрсеткен ретімен орналастыр.

12. Жұмыс кезінде сөйлеме.

13. Жұмысты мұқият орында, басқа істерге назарыңды аударма. 

14. Қоңырау кезінде кабинеттен шығу керек.

15. Жұмыс аяқталғаннан соң өз жұмыс орныңды жинап кет.