Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептегі тәртіп ережелері

Оқушыларға арналған ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту,оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай  туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп  тұруына қауіпсіздік  жасау.

ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар  мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.

Оқушылардың сыртқы келбеті.

Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)

Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек. 

Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

 Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

 Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін  киіп келеді.  

 Жалпы тәртіп ережелері.

Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10минут  қалғанда кешікпей келулері керек.

Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.

Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және сол Ережелерді сақтауға міндетті.

Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.

Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін сақтап, ұқыптылықпен қарауға, мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.

Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз»  деп сөйлеседі.

Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберуге және де ұлдар  қыздарға жол берулері керек.

Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.

 Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын  заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезе алдына мінуге, шкафқа шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанап түсуге, басқа оқушыларды итеруге, мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге, электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Сабақ кезінде.

            Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек. Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады.Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек.

Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады.

Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.

Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.

Сабақ аяқталған туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Ол сабақ аяқталуының дәл уақытын белгілеп оқушыларға оның аяқталғаны туралы хабарлайды.

Егер оқушы мектептегі сабақты босатса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша қолхат әкелуі керек. Сабақты себепсіз босатуға, кешігіп келуге рұқсат етілмейді.

Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң.

Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.

Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.   

Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.

  Мектеп маңайындағы тәртіп.

Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).

Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алаңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.

 Соңғы ереже.

Осы Ережені және мектеп Жарғысын бұзғаны үшін, оқушыларға мектеп Жарғысында қарастырылған тәртіп және тәрбиелеу шаралары қолданылады.

Осы Ережелер мектептен тыс өткізілетін барлық шараларға  да таратылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Заңымен,кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында балалар қаңғыбастығының алдын-алуға бағытталған құқықтық шараларының кешені қарастырылып жатыр.

  336-3 бап. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемесінде жүруі.

 

1.                Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта  (сағат  22 ден таңғы  6 -00ге дейін) – ойын сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүруі, - заңды өкілдеріне ескерту салынады.

2.                Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса, заңды өкілге бес айлық есеп көрсеткіштен он айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

336 бап. Спирт ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келу.

1.                                        Спирт ішімдіктерін көшеде немесе қоғамдық орындарды ішу, сауда ұйымдары мен қоғамдық тамақтанудан басқа, жергілікті атқару органдары рұқсат берген жерлерде спирт ішімдіктерін сату, немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу, адамның қадір – қасиетін немесе қоғамдық имандылығын қорлау, - бір айлық есеп көрсеткішімен айыппұл салынады.

2.                                        Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса,- бір айлық есеп көрсеткіштен екі айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

3.                                        Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, тұлғамен жасалса, спирт ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келгені, жыл бойы екі рет әкімшілік жазаланғаны расталса,- екі айылық есеп көрсеткіштен бес айлық есеп көрсеткішке дейін айыппұл салынады, айрықша жағдайда, егер бұзушылық тұлға есебінен істің мән – жайы бойынша шара жеткіліксіз деп саналса, мерзімі он бес күн әкімшілік тұтқындау.