Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Электрондық оқыту жүйесін пайдалану жөніндегі ата-аналарға арналған жадынама

Сіздің балаңыздың бағалар журналына қол жеткізу, күнделікті бағалар мен үй тапсырмасын белгілеу туралы СМС-хабарламаға жазылу, білім ұйымдарының порталы арқылы сынып жетекшілерімен, оқытушылармен байланысу - ЭОЖ пайдаланудың негізгі мүмкіндіктері болып табылады.

1)   ЭОЖ пайдаланушысы болу үшін:

Оқу ісінің меңгерушісі оқушының ата-анасының деректерін енгізген кезде, ата-аналардың есептік жазбасы (логині)  автоматты түрде құрылады және сынып жетекшісімен беріледі.

Ескерту: Құру кезінде барлық логиндер үшін пароль – 12345. ЭОЖ-ға алғаш кірген кезде парольді өзгерту ұсынылады.

2)   Пайдаланушылардың нұсқаулығы қайда орналасқан?

ЭОЖ пайдаланушысының нұсқаулығын қарау үшін Сізге мыналарды орындау қажет:

1.      https://e.edu.kz сілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз.

2.      «Нормативтік құжаттар» бөлімін таңдаңыз.

3.      «ЭОЖ пайдаланушылардың нұсқаулығы» қосымша бетін басыңыз.

4.      Тізімнен ата-аналар үшін пайдаланушы нұсқаулығын таңдаңыз.

3)   Күнделікті бағалар туралы және үй тапсырмасын белгілеу туралы СМС-хабарламаға қалай жазылуға болады?

Жазылуды жүзеге асыру үшін мыналарды орындау қажет:

1.        «Басқару» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс.

2.        «Қосымша» - «Хабарламалар менеджеріне» басу керек.

3.        Пайда болған терезеде мобильдік телефон нөмірін көрсету, хабарлама түрін таңдау, «Сақтауды» басу керек.

4.        «СМС теңгерімін толтыру» түймешігін басу қажет.

5.        Ашылған терезедегі нұсқауларды сақтау және СМС теңгерімін толтыру керек.

4)   ЭОЖ арқылы сынып жетекшілерімен/оқытушылармен қалай байланысуға болады?

Мәтіндік хабарлама құру және жіберу үшін мынадай әрекетті орындау қажет:

1.        https://e.edu.kzсілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз.

2.        «КІРУ» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс.

3.        «ӨТУ» қосымша бетін басу керек.

4.        Ашылған тізімнен «ЖЕКЕ КАБИНЕТТІ» таңдаңыз.

5.        «Жаңа хабарламаға» басыңыз.

6.        «Кімге» жолында оқытушының ТАӘ теріңіз, кейіннен хабарлама терезесінде мәтінді теріңіз  және «Жіберуді» басыңыз. Жіберілетін хабарламаға файлды қосымша тіркеуге болады.

 

ЭОЖ бойынша жауапты қызметкерінің байланыс деректерін https://e.edu.kz/63 сілтемесі бойынша табуға болады