Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ДТ мұғалімдері туралы мәлімет

 Воронова Лариса Ивановна

 

Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы:Дене тәрбие сабақтарында иілгіштік дамыту үшін арнайы физикалық жаттығуларды қолдану.

Мұғалімнің жұмыс жүйесі оқушылардың денсаулығын сақтау және дене шынықтыру сабақтарына тұрақты қызығушылығын қалыптастыруына бағытталған. Бар оқыту шарттарын, оқушылардың жеке негізділігін қарастырып, әдістемелік нұсқамаларды оңтайлы қолданады. Оқу қызметін оқытудың бағдарлы-тұлғалық технология принциптерінен шыға отырып ұйымдастырады. Оқушылардың физикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмыс түрлері мен әдістерін қолданады. Өзін өзі жетілдіруімен шұғылданады, «Қазіргі заманға сай жағдайындағы дене тәрбиелеудің өзекті мәселелері» Республикалық  ғылыми-тәжірибелік мәжілістерге (сертификаты,баяндау мақала жинағында) және Тараз қ. «Жаппай спорт дамуындағы өзекті сұрақтар» (баяндау мақала жинағында) қатысты. «Дене шынықтыру бойынша технологиялық карталар жинағы, 3-4 сынып (ПМПИ аға оқытушы В.И.Лебедеваның рецензиясы, ББ Мадақтау қағазы, 2011 жыл) және «Екінші сыныптарда волейбол элементтерін қоса дене шынықтыру сабақтарын өткізу мен ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулықтар» (ПМПИ аға оқытушы Л.И.Струценконың рецензиясы, 2011 жыл).2011-2012 оқу жылында «Дене шынықтыру сабақтарында иілгіштік дамуы үшін арнайы физикалық жаттығуларды қолдану» педагогикалық тәжірибе ІІІ қалалық ғылыми-тәжірибелік мәжілісінде жинақтап қорытылған. 

 Қизат Саят Қизатұлы

 

Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы:Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық қозғалыс ойындарын қолдану» тақырыбында жұмыс істейді.

Жас мұғалім, жұмыс өтілі  3 жыл. Білімі жоғары.  Мұғалімнің жұмыс жүйесі оқушылардың денсаулығын сақтау және дене шынықтыру сабақтарына тұрақты қызығушылығын қалыптастыруына бағытталған. Бар оқыту шарттарын, оқушылардың жеке негізділігін қарастырып, әдістемелік нұсқамаларды оңтайлы қолданады. Оқу қызметін оқытудың бағдарлы-тұлғалық технология принциптерінен шыға отырып ұйымдастырады. Оқушылардың физикалық дамуын қамтамас ететін жұмыс түрлері мен әдістерін қолданады. ОТП ұйымы оқушылардың дене шынықтыру бойынша жоғары білім сапасымен қамтамасыздырады (75-85%). Сабақтар оқушылардың үнемі физикалық жаттығулармен айналысуына, өмір бойы физикалық дайындылықтың жоғары деңгейін қолдауына себеп болады.

Оқушылар қалалық және облыстық жарыстарының жүлдегерлері болып табылды: тоғыз құмалақ бойынша қала сайысының жеңімпазы  Г.Шайхислямов 2010 ж, тоғыз құмалақ бойынша қала сайысының жүлдегерлері  ұлдар құрама командасы, 2010. Жазғы Президенттік көпсайысы бойынша қала сайыстарының жүлдегер-оқушылары, 2011   (А.Классен, П.Гульванский, Ю.Ефграфова, М.Зайцев).Мектеп мұғалімдері үшін «Допты алып жүру техникасын үйрету» электронды тұсаукесер рәсімі және ашық сабақ өткізді. 2011-2012 оқу жылында «Дене шынықтыру сабақтарында иілгіштік дамуы үшін арнайы физикалық жаттығуларды қолдану» педагогикалық тәжірибе мектеп әдістемелік кеңесінде жинақтап қорытылған.

 

Азия ойындарының тарихы

Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт жарысы. Есептеу Нью Делиде өткен бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы – Ашылу және Жабылу салтанатын қоса есептегенде кем дегенде 7 және ең дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстарды олимпиада өтетін елдің Ұлттық Олимпиада комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен әнұран марапаттау рәсімінде бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27 қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында бірінші рет Крикет өтеді.

 

Азия ойындарының туындауы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа елдер өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда Он төртінші Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті Гуру Дутт Сонди тұлғасында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» құрылды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.

 

Федерацияның түрленуі

1962 жылы Федерацияда Тайвань мен Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия осы елдерді Федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпсіздікке қауіп туындауына байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы – Бангкокта өткізілді. 1973 жылы АҚШ пен Тайваньның бірнеше елдері мен Израильде Араб ұлттық оппозициясын танумен байланысты дау туындады. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістанмен қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары Федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. Азиялық Олимпиада кеңесі аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес ойындарды 1986 жылдан бері қадағалайды.

Тайвань қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай (Тайбэй)» деп атайды. Израиль еуропалық жарыстарға қосылды.

 

Кеңею

Ойындарға 1994 жылы бірнеше елдердің қарсы болуына қарамастан АОК Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан секілді бұрынғы кеңес республикаларын шақырды.

2006 жылы Австралия АОК кіруден бас тартты.

 

АЗИАДА ЛОГОТИПІ

Қысқы Азия ойындарының логотипі (эмблемасы) олимпиялық спорттық қозғалыс идеясын және Азиада өтетін елдің ерекшелігін көрсетуі тиіс. Мемлекет, яғни Азиаданы ұйымдастырушы ел логотип жасайды да, кейін оны Азия олимпиялық кеңесі бекітеді. Барлық Азия елдері эмблемасының ажырамас элементі жоғарыдан жарқырап тұрған күн сәулесі болып табылады.

2007 жылы Қазақстанда 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының ресми логотипін таңдауға байқау жа­рияланды. Оған барлығы 50-ден астам жұмыс келіп түсіп, 10 жоба мәреге жетті. Байқау қоры­тын­дысы бойынша Тигран Ту­ниянц бастаған дизайншы­лардың шығармашылық тобы дайындаған эмблема жеңіске жетті. Бұған дейін бұл ұжым Бейжің қаласындағы Олим­­пия ойын­дары­нан бұрын Ал­матыда өткен Олим­пиада алауы­ның эстафетасын өткізу стилис­ти­касы мен ресімдеуді әзірлеген болатын.

Жоба жетекшісі Т.Туниянцтің айтуынша, көптеген еңбектердің нобайын қоспағанда, бұған дейін дайындалған 20 жобадан осы лого­тип таңдап алынды. Онда негізгі төрт түс бар: меруерт түстес, көгіл­дір ақтық түстес, лағыл түстес және алтын түстес бояулар. Азия ойын­дарының эмблемасында түстердің түрлерін көбірек қолдану тәжіри­бесі бұған дейін еш жерде кездес­пеген. Мәселен, 2002 жылы Солт Лейк Ситиде өткен Олимпиаданың эмблемасы сары, қызыл сары және көк түстерге боялған қар ұшқы­нының бейнесінде болды. Бұл үш түс Юта штатының пейзажын көрсету үшін таңдап алынған-ды.

Қысқы Азия ойындарының логотипі сызба түрінде көш­пен­ділер арбасының доңғалағын көз алдыңызға елестетеді. Гераль­дика­лық өнерде доңғалақ кеңістікте де, уақытта да мәңгілік қозға­лыс­тың символы ретінде қызмет ат­қарады. Ұдайы даму идеяларының бейнесі болғандықтан, логотип өмірдің жасампаз динамизмі бей­несінің эмблемасы болып табыла­ды. Доң­ға­лақ символы шеңбер ны­шанына жақын келеді, ертедегі наным-сенім бойынша Жерді айналып жүрген Күн құдайының төңірегі идеясын білдіреді. Бұл ретте, логотип берекелі өмір сый­лай­тын қуат көзі дегенге саяды.

Азиада эмблемасы бірінің үстіне бірі қойылған үш түстен тұрады. Дайын нұсқасында ақ кристалл түрінде және фондағы суреті сары түсте пайдаланылады. Мағынасы жағынан мол мазмұнға ие. Мәсе­лен, көк түс еркіндік пен шексіз мүмкіндіктердің кеңдігін білдіреді, сондай-ақ спорт әлемінің шоғыр­ланған, әрі бір мақсатқа бағыттал­ған аспектілерін қамтиды. Қызыл түс жеңіске деген жігерді, ұмтылыс­ты және жарыстардың алауын бейнелейді. Осы екі түс үйлесе келе, көк мұз бен қып-қызыл жа­лын­ның ұштасқан идеясын береді.Бұл жар­қын спорттық оқиғаны елесте­те­тін Қысқы Азиаданың рухын көрсетеді.

7-қысқы Азия Ойындарының ұраны

7-ші қысқы Азия Ойындарының ұраны: «Мақсаты бірдің – рухы бір!». Аталмыш ұран спорттық Азияның біртұтас рухын, мемлекеттер мен халықтардың бір мақсатқа жетудегі ауызбірлігі мен достығын бейнелейді. Бұл ұран 7-ші қысқы Азия Ойындарын ұйымдастырушы-ел Қазақстанның олимпиада идеалдарына адалдығын тағы бір дәлелдейді.

 

Жазғы Азия ойындарының тізімі

2014 жылға дейін Азия ойындарына қатысқан және әлі де қатысатын елдер

Жыл Жазғы ойындар Қала Ел

1951 I Нью-Дели Үндістан

1954 II Манила Филиппины

1958 III Токио Жапония

1962 IV Джакарта Индонезия

1966 V Бангкок Таиланд

1970 VI 1 Бангкок Таиланд

1974 VII Тегеран Иран

1978 VIII ² Бангкок Таиланд

1982 IX Нью-Дели Үндістан

1986 X Сеул Оңтүстік Корея

1990 XI Пекин Қытай

1994 XII Хиросима Жапония

1998 XIII Бангкок Таиланд

2002 XIV Пусан Оңтүстік Корея

2006 XV Доха Катар

2010 XVI Гуанчжоу Қытай

2014 XVII Инчхон Оңтүстік КореяСПОРТ ТҤРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Төменде Азия ойындарында өткен және өтетін спорт түрлері алфавит ретімен

және олар ұсынылған жылдар көрсетілген.

Атлетика үнемі Есу 1982 ж. бастап Сепактакрав 1990 ж. бастап

Бадминтон 1962 ж. бастап Дзюдо 1986 ж. бастап Сквош

1998 ж. бастап

Баскетбол үнемі Кабадди 1990 ж. бастап Қазіргі бессайыс

1994, 2002

Бейсбол 1994 ж. бастап Каное/Каяк 1990 ж. бастап Софтбол

1990 ж. бастап

Бодибилдинг 2002–2006 Карате 1994 ж. бастап Атыс

1954 ж. бастап

Бокс 1954 ж. бастап Бильярд 1998 ж. бастап Садақпен ату

1978 ж. бастапКҥрес 1954 ж. бастап Ат спорты 1982–1986,

1994 ж. бастап Тэквондо

1958 – 1966,

1974 ж. бастап

Боулинг 1978,

1986 ж. бастап Жұмсақ теннис 1994 ж. бастап Ҥшсайыс

2006 ж. бастап

Ушу 1990 ж. бастап Ҥстел теннисі 1958–1966,

1974 ж. бастап Тэквондо

1986 ж. бастап

Велосипед 1951,

1958 ж. бастап Желкенді спорт 1970,

1978 ж. бастап Ушу

1990 ж. бастап

Волейбол 1958 ж. бастап Жҥзу үнемі Семсерлесу

1974–1978,

1986 ж. бастап

Гандбол 1982 ж. бастап Салмақ көтеру 1951–1958, 1966 ж. бастап Футбол

үнемі

Гимнастика 1974 ж. бастап Регби 1998 ж. бастап Хоккей

1958 ж. бастап

Гольф 1982 ж. бастап Шахматтар 2006 ж. бастапҚысқы Азия ойындары

Ойын № Қала, өткізген ел жыл

Қатысатын

елдер саны

Спорт

тҥрлері

нің

саны

Спортшылар мен ресми

тұлғалар саны

1-ші Саппоро, Жапония 1986 7 7 425

2-ші Саппоро, Жапония 1990 10 6 414

3-ші Харбин, Қытай 1996 16 7 660

4-ші Кангвон, Корея 1999 21 7 799

5-ші Аомори, Жапония 2003 17 11 641

6-шы Чангчун, Қытай 2007 45 10 1

 

2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойындарының жеңімпаздар медальдары

 

Монета сарайы 7-нші Қысқы Азия ойындары үшін медальдардың барлығы 69 жиынтығын әзірлейтін болады. Олар 2011 жылғы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы және Астана қалаларында өтетін ойындар барысында сарапқа салынады. Ойындар спорттың 11 түрі бойынша өтеді - конькимен жүгіру, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында), мәнерлер сырғанау, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл, допты хоккей бойынша жарыстар (бенди), таудағы шаңғы спорты, шаңғы жарысы, биатлон, шаңғымен қысқы спорттық бағдарлау және шорт-трек. Айта кетейік, спорттың 11 түрінен жарыстар бізге дейін бір-ақ рет ұйымдастырылды - Жапонияның Аомори қаласында өткен 5-нші Қысқы Азия ойындарында. Қазақстан, сондай-ақ өз алаңында Азияның 45 елінің спортшыларын қабылдағалы отырған екінші мемлекет. І, ІІ ойындарды өткізген Жапония сәйкесінше 7 және 10 елді, Қытай (ІІІ) - 16, Корей (IV) - 21, Жапония (V) - 17, Қытай (VI) - 45 елді қабылдады. Қысқы Азия ойындарының тарихында отандық спортшыларымыз әр жылдары барлығы 37 - алтын, 30 - күміс және 27 - қола награда жеңіп алды. Бұл жолғы бәсекеде де спортшыларымыз лайықты өнер көрсетіп, қазақстандықтардың келелі үміттерін ақтайды деген сенімдеміз.

   

  

  

 

Азия ойындарының ашылу салтанаты

 

2011 жылы 30 қаңтар күні кешкі сағат 18:45-те тұсауы кесілген Азия ойындарының ашылу салтанаты сол сәтте-ақ бүкіл әлемге тарады. Сол дүбірмен, сол әуенмен қазақтың абыройы төрткіл дүниеге қалықтады.

Азия ойындарының ашылу салтанаты Азиада алауын «Бейбітшілік және келісім» сарайынан алып шыққан ежелгі сақ киіміндегі жауынгерлер шеруінен басталды. Жауынгер­лер­дің қолынан алауды салт атты 24 сарбаз қабылдап алып, одан соң сахнаға орнатылған қазандықта тұтатылды. Қазақстаның барлық өңірін шарлап келіп, ең соңында Астанада көмбесіне жеткен Алау эстафетасын елордада бірінші болып Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қолына алды. Осы жерде бір ескерте кетерлігі, Азиада алауы шырағданының авторы – Иманғали Тасмағамбетов. Осылай Азиада алауы қолдан-қолға көшіп, сәулетті «Астана-Арена» стадионына жеткізілді.

VІІ қысқы Азия ойындары «Астана-Арена» ста­дио­нында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың қатысуымен ашылды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Қазақстанның арнайы шақыртуымен Қырғыз Республикасы Президенті Роза Отынбаева, Әбу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян, Азия олимпиадалық кеңесінің (АОК) президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах және Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге келіп қатысты.

 

Азиада ойындарының жабылу рәсімі

Азиада жабылу рәсімізия ойындарының ашылу рәсімі Астанада - елордада өтті. Қазақстан қонақтары әлемдегі ең биік таулы мұз айдыны - Алматыдағы «Медеуде» болды. Азия ойындарында алғаш рет олимпиадалық эстафета алауын Қазақстанның 20 қаласынан алып өтті. Азия Олимпиадалық кеңесі эстафетаны тұрақты өткізу туралы шешім қабылдады. Биылғы Азиаданың жарқын символы - қазақстандық барыс - барлығымыз үшін ыстық әрі жақын бола түсті.Азиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль иеленіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға - 13 алтын, 24 күміс, 17 қола медальдармен Жапония, ал үшінші орынға 13 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды 11 алтын, 10 күміс, 14 қола алған Қытай иеленді.Азиаданың жабылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтті.