Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖАЗ

 

2014 ЖАЗ

№1 ЖОМ ММ

«ЖАЗ - 2014» бағдарламаның тұжырымдамасы

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында 1 маусымында біздің мектеп оқушылары үшін жазғы сауықтыру ауысымы ашылады.

   Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

    Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға,олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру,ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға,балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.

«Алтын кілт» мектеп жанындағы лагерінің негізгі өмірлік құндылықтары

Лагердің жұмыс мақсаты: жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру.

Міндеттері:

-уақытша ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау;

-ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту;

-оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттықты қалыптастыру;

-оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;

-оларда салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;

-балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;

-мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту.

Жаз жайлау неткен кең еді.

Жұпарын желмен төгеді.

Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Ұшқан құсқа сорғалап,
Жаяды төсін шартарап.
Құлын, тай тұрмас орнында
Бір-бірін қуып, жорғалап.
Жұмыртқадай ақ үйлер,
Төгіліп тұрған ән күйлер.
Жұп - жұмсақ алақанымен
Жаз жайлау, бәрін-әлдилер.

Жазғы лагерь жұмысынан біз қандай нәтиже күтеміз?

1. Тәрбиеленушілерді жалпы сауықтыру, олардың денсаулығын нығайту.

2. Балалар мен жасөспірімдердің дене және психологиялық күштерін нығайту, лидерлік және ұйымдастырушылық сапаларын дамыту,жаңа білім беру, шығармашылық қабілеттіліктерін, дербестігін және өнерлерін дамыту.

3. Ауысым тәрбиеленушілерінің жеке басының және топтық шығармашылық  және еңбек әрекеттерінің,әлеуметтік белсенділіктерінің біліктері мен дағдыларын алуы.

4.Коммуникативтік қабілеттері мен толеранттығын дамыту.

5. Балаларды әлеуметтік маңызы бар істерге тарту арқылы олардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

6.Үйірмелерде жұмыс жасау жолымен жаңа білімдер мен біліктер алу (ән, ойындар үйрену,жобалар жасау)

7.Балалардың ой-өрісін кеңейту.

8.Оқушылардың жалпы мәдениетін арттыру, оларды әлеуметтік-адамгершілік нормаларына баулу.

9.Ауысым тәрбиеленушілерінің жеке басының өсуі. 

"Жаз- 2014" маусымның ашылуы

Мектеп жанындағы лагердің қызметі туралы

1.      «Алтын кілт» мектеп жанындағы сауықтыру орталықтың тәрбиешілері болып тағайындалсын:

-          1 маусым бастауыш сынып мұғалімі Е.К. Андронова, аға тәлімгер У.Е. Камаржанова, оқушылар саны (134 адам) 02.06-20.06.2014 жылы.

-          2 маусым  бастауыш сынып мұғалімі У.Е. Камаржанова, аға тәлімгер Т.О. Астафьева, оқушылар саны (84 адам) 23.06-12.07.2014 жылы.

-          1,2 маусымның музыкалық жетекшісі- Л.С.Қуанова.

-          1,2 маусымның медбикесі – Н.М.Сафяникова.

-          1,2 маусымның дене шынықтыру мұғалімі – Л.И.Воронова, С.Қ.Қизат.

2.      1 маусымның тәрбиешілері болып тағайындалсын:

1 жасақ – Н.В.Щербинина, С.А.Еленич

2 жасақ – Р.А.Түсіпова, С.Н.Жүсіпова

3 жасақ – Г.Е.Рыбалова, И.А.Нұрмағамбетова

4 жасақ – Г.Қ.Оразалинова, М.Ж.Абылқасанова

3.      2 маусымның тәрбиешілері болып тағайындалсын:

1 жасақ – Г.Е.Рыбалова, С.А.Еленич

2 жасақ – М.Ж.Жүсіпов, Н.В.Замятина

4.      Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жүктелсін:

-          ТЖДО Г.М.Ахметжановаға, әлеуметтік педагог Ж.М.Зылкеноваға (1,2 маусымдағы мектеп жанындағы лагердің толықтыруы, ата-аналардың қарауынсыз қалған жетім балалар, көп балалы және аз қамтамасыздырылған отбасылардан балалар, МІБ,КЖТБ, қауіп-қатер аймақтағы балалар мен жасөспірімдердің қамтылуын ұйымдастырсын).

-          ТЖДО С.Б.Джамбусиноваға (оқушылардың, пед.қызметкерлердің жазғы уақыттағы ҚТ бойынша журналы, ЖЖЕ бойынша стендтер, ОСВОД, өрт сөндіру қауіпсіздігі).

-          У.Е. Камаржановаға – 2 маусым, Е.К.Андроноваға – 1 маусым – 1,2 маусымның мектеп алдындағы лагерді әшекейлеу).

 

          2014 жылғы жазға уақытта баларлар мен

жасөспірімдердің қамтылуын ұйымдастыру туралы  

1.      2014 жылғы жазғы уақытта ЖСЕО жұмыстырының 4 маусымы құрамында 40 оқушы ұйымдастырылсын. Жауапты: ТЖДО – Г.М.Ахметжанова.

  1. ЖСЕО-ның 1,2,3,4 маусымына  мынадай жетекшілері тағайындалсын:

1 маусым – әлеуметтік педагог Ж.М.Зилкенова

2 маусым - ағылшын тілі мұғалімі С.В.Фельдман

3 маусым – мектеп психологы  Т.Т.Бұқаева

4 маусым – тарих мұғалімі Саваровская Т.С.

Бірінші кезекте 14 жасқа толған ата-аналардың қарауынсыз қалған жетім балалардан, көп балалы және аз қамтамасыздырылған отбасы балалар оқушыларынан  ЖСЕО-ның 4 отряды ұйымдастырылсын. (тізімі қоса берілген). Жауапты: ТЖДО Г.М.Ахметжанова, 1,2,3,4 маусым жетекшілері Ж.М.Зилкенова, С.В.Фельдман, Т.Т.Бұқаева, Д.М.Апсаликова.