Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәрбие жұмысының жүйесі
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым – қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу – тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:
  1. Білім алушы тұлғасының өзін – өзі дамыту мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін, оның қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
  2. Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау әрі оңды дамыту, қорғаныс, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық – педагогикалық жағдайлар жасау.
  3. Тәрбиеленушілердің әр түрлі шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық мәнді іс – әрекетін өмірдің әлеуметтік – жарамды тәжірибесінің көзі ретінде ұйымдастыру: қазіргі және болашақ есейген өміріндегі өзін – өзі дамыту білімі, икемі мен дағдылары, тұлғаның өзін – өзі анықтауы және өзін іс жүзінде көрсете білуі.
  4. Өзара бірлескен қарым – қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым – қатынастары мен алаңдататын мәселелерін сәйкестендіре ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
  • Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;
  • Тұлғаны дамытып, әрбір алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып, оның әлеуетті қабілеттерін ашу үшін психологиялық – педагогикалық оңды жағдай тудыру;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Сынып ұжымының түрлі үлгідегі тәрбиелеу қызметінің нысандары арқылы қарым – қатынас жүйесін ұйымдастыру;
  • Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру;
  • Білім алушылардың, оқушылар ұжымы мен педагогика қызметкерлерінің арасындағы қарым – қатынасты ізгілендіру;
  • Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру;
  • Оқушылардың әлеуметтік мәні, шығармашылық іс – әрекетін қалыптастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады:
  • Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру;
  • Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру;
  • Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру;
  • Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну;
  • Оқушыларды әлеуметтік қорғау;
  • Ата – аналармен жұмыс.
Мына талаптар да маңызды:
  1. Оқушыларды тәрбиелеу функциясы. Тәрбиелік мақсаттағы міндеттерді шешуге бағытталған бүкіл педагогтардың күш – жігерін біртұтас ету сынып жетекшісінің мойнында. Бұл тұрғыдан тәрбиені адамды әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады, яғни дамуы үшін жағдай жасу тұрғысында мақсатқа лайықты бағыттай әрекет етуді алға қояды. Бұл үрдіс қоғам өмірінің экономикалық, саяси және рухани салаларындағы әлеуметтік қатынастардың күрделі жүйесіне араласып кетуге даяр болуын қажет ететін әлеуметтік қалыптасуға себепші болмақ.
  2. Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен баланы әлеуметтік қорғаудың функциясы. Әлеуметтік қорғау – психологиялық – педагогикалық шаралар кешені, онда баланың әлеуметтік оңды өсуі мен жеке тұлғалық қалыптасуы, қазіргі нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайларға бейімделуі қамсыздандырылады.
  3. Ұйымдастыру функциясы. Сынып жетекшісі танымдық, еңбекке баулу, эстетикалық тұрғыдағы әр түрлі іс – әрекеттерді, сондай – ақ оқушылардың бос уақытын саналы өткізуде басты ерекшелік болып табылатын қарым – қатынас жасай білуге үйретеді. Ол сыныптағы қарым – қатынас құрылымын үйлестіріп, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуге ынталандырып, сондай – ақ жауапкершілік, көмек көрсету, бірлесе шығармашылықпен айналысу қатынасын қалыптастыруға ұмтылады. Ұжымдық шығармашылық қызметті, әсіресе оны оқу барысындағы әрі сабақтан тыс іс – әрекеттерде пайдаланудың мәні ерекше.
  4. Оқушылардың өзін – өзі басқаруын дамыту функциясы. Оқушылардың өзін –өзі басқаруы дегеніміз оқушылар ұжымындағы тыныс – тіршілікті ұйымдастырудың түрі және қоғамдық мәні бар мақсаттарға қол жеткізу үшін олардың өз бетінше дамуы мен шешімдерді іске асыруда өсе түсуін қамтамасыз етеді.
  5. Диагностикалық функция сынып жетекшісінің оқушылар тәрбиесіндегі бастапқы деңгей мен өзгерістерді ұдайы айқындап отыруды міндет етеді. Ол баланың адамдық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге, тиімді нәтижелерге қол жеткізудің жолдарын іздеуге бағытталған.
  6. Сынып жетекшісі қызметінің жоспарлау функциясы. Тәрбие жұмысын жоспарлау ең алдымен қызметті оңтайлы ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің өзіне және сынып ұжымына деген көмегі. Жоспарды белгілеу дегеніміз педагогикалық қызметті тәртіпке келтіру, педагогика үрдісіндегі нәтижелер жоспарлылығы мен жүйелілігі, басқару икемділігі мен сабақтастығы секілді талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
Сынып жетекшісі қолынан мынадай істер келуге тиісті:
  • Өзінің жеке басындағы іскерлік пен жауапкершілік арқылы үлгі бере отырып, бала белсенділігін, жауапкершілігін көтермелей қарым – қатынас орнату;
  • Өз тәрбиелік мақсаттарын көре білу және тұжырымдау;
  • Өз сыныбында жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасау;
  • Тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыру;
  • Ата –аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу;
  • Психологиялық – диагностикалық тестерді, саулнамаларды, сұрақ – жауаптарды және басқа да диагностикалық әдістемелерді қолдану және оларды тәрбие жұмысында орынды пайдалану.
Сынып жетекшісі:
  • ҚР «Білім туралы» заңын;
  • Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;
  • Балалардың және олардың жас ерекшелігіне қатысты, педагогиканы сондай – ақ әлеуметтік, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;
  • Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
  • Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс.
Сынып жетекшісі:
  • Мектептің өзін - өзі басқару құрылымдары жұмысына қатысуға;
  • Бастама көтеруге, мектеп қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізуге, іскерлік, сындарлы сын айтып шығуға;
  • Өзінің жеке тәрбие жүйесі мен бағдарламасын жасауға, «теріс ықпал етпейтін» ізгілікті қағиданы басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа әдістерін, түрлері мен тәсілдерін шығармашылық тұрғыда пайдалануға;
  • Мектептің өзін – өзі басқару мен қорғау органдарында, мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік билік органдары мен сотта өзінің ар – ожданы мен абыройын қорғауға;
  • Еңбектің түрлі көлемі мен нәтижелері үшін берілетін материалдық және ынталандырушы қосымша төлемдерді белгілейтін құжаттар әзірлеу ісіне қатысуға құқылы.
Сынып жетекшісінің:
  • Тәрбиеленушінің жеке басын қорлауға, оны түрліше ат қою және басқа әрекеттер арқылы іспен немесе сөзбен кемсітуге т.б.;
  • Білімге қойылатын бағаны оқушыны жазалау немесе сазайын тартқызу үшін пайдалануға;
  • Баланың сеніміне қиянат етуге, тәрбиеленушіге берген сөзінде тұрмай бұзуға, саналы түрде оны шатастыруға;
  • Баланы жазалау ісіне отбасын тартуға;
  • Мұғалімнің және бүкіл педагогика ұжымының беделін кетіріп, өз әріптестерін өсек – аяңға тиек етіп, оларды лайықсыз тұрғыдан көрсетуге құқы жоқ.
Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері:
  • Журналды жүргізуге;
  • Оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай – күйін бақылап отырады;
  • Сынып ұжымын ұйымдастырады:белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
  • Мектептегі кезекшіліктің жұмысын ұйымдастырады;
  • Бекітіліп берілген кабинеттің санитарлық жағдайын сақтайды;
  • Оқушылардың киім киісін бақылайды;
  • Нақты бір себептерсіз сабаққа қатыспай қалатын оқушыларды бақылайды;
  • Оқушылар күнделігімен жұмыс істейді,
  • Дарынды балалардың өсе түсуі үшін, яғни олардың танымдық қызығушылығының, ой – өрісінің кеңеюіне жағдай жасайды, үйірмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға тартады;
  • Театрға, көрмеге, мұражайларға баруды ұйымдастырады;
  • Психологпен байланыс жасайды;
  • Сыныпта жағымды ахуал қалыптасуын қадағалайды;
  • Сыныптағы шығармашылық ісін ұйымдастырады;
  • Оқушылардың денсаулығын нығайтып, оларды дене шынықтыру мен спорт шараларына тартады;
  • Әрбір ұйымдастырылатын істің қызықты түрлерін, терең мазмұнын іздейді, сынып жетекшісінің кез – келген сыныппен кездесуінің мақсатқа лайықты әрі бағытталған болуын белгілейді, айына бір рет тақырып бойынша сынып сағаттарын өткізеді, сыныпта сабақ жүргізетін мұғалімдердің, сондай – ақ ата – аналардың пікірлерін ескеру арқылы әрі қолда бар әдістемелерге сәйкес оқушы тұлғасын зерделейді, олардың мінездемелерімен жұмыс істейді;
  • Оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетеді;
  • Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік педагогпен ынтымақтастықта әрекет етеді;
  • Әлеуметтік қорғаусыз қалған балаларды анықтап, есепке алады;
  • Отбасы «қиын» балаларды анықтап, есепке алады;
  • «Қиын», «қауіпті топ» қатарындағы жасөспірімдер мен есепте тұрғандардың тәртібін бақылап жүреді;
  • Тоқсан сайын бір рет ата – аналар арасында тақырып бойынша жиналыс өткізеді;
  • Отбасы тәрбиесіндегі жағдайды зерделейді;
  • Ата – аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
  • Сыныптың сабақтан тыс іс – әрекетін ұйымдастыру ісіне ата – аналарды тартады.
Сынып жетекшісінің міндеттері: Оқу жылының басында:
  • Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;
  • Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;
  • Оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді.
  • Қазақстан Республикамыздың "Білім туралы" Заңды мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыру сынып жетекшісіне жүктеді.
  • Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Осы себеппен педагогтардың да ой-пікірі, жан-жаққа бөлінуде.
  • Республикамыздың бірқатар мектептерінде тәжірибе ретінде сынып жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерінің әртүрлілігі жүзеге асырылуда. Жоғары мектептерде жекелеген сыныптарда өзін-өзі басқарудың дамығандығы соншалықты. Тіпті оқушылардың бастауыш ұжымы жұмысын сынып жетекшісіз-ақ құруға мүмкіндік береді. Сірә, сынып жетекшісі жұмысының әртүрлілігі мәселені тікелей нақтылы мектептер мен сыныптарда шешу керек болар. Кейбір жерлерде, мүмкін, тәрбие процесін сынып жетекшісіз ұйымдастыру да орынды шығар.
  • Республикамыздың педагогикалық жылдарының және басым көпшілігінің пікірі бойынша бүгінгі күні сынып жетекшісін мектеп өмірінен алып тастау өзін-өзі бастауыш жетекшісінің біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген білім екендігі даусыз.
  • Ережеге сәйкес, сынып жетекшілікке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі мектеп директорының жарлығымен тағайындалады. Ол тәрбие жұмысын өзіне сеніп тапсырған сынып ұжымымен, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушыларының қоғамдық ұйымдары, олардың ата-аналарымен, мектептен тыс мекемелермен, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске асыруға бар күш-жігерін жұмсайды.
  • Демократиялық мектеп өзінің назарынан адамның мінез-құлқын, қабілетін, тіршілік әрекеттерін тыс қалдырмауға тырысады. Сондықтан тәрбиенің мақсатын белгілеуші тек қана мемлекет емес, сонымен қатар баланың рухани, ұлттық дамуын қалайтын ең жақын адамдары, ата-аналар, мұғалімдер, қоғамдық күштер. Осы тұрғыдан алатын болсақ, біздің жеткіншектеріміздің денсаулығын, адамгершілік табиғи қабілетін (ақыл-ой, еңбек, көркемдік, коммуникативтік) дамыту, жетілдіру бірінші кезектегі істер. Себебі осы қасиеттер арқылы ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұра атадан балаға жетіп отыр. Сондықтан, осы 3 ірі блоктар арқылы әрбір тәрбиешінің міндеттерін белгілеуге болатын сияқты. Тәрбиеші бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызу керек: қолайлы іс-әрекеттер ұйымдастыру арқылы (оқу, өнімді еңбек, бос уақыт), қатынас арқылы (өнер, ақпарат, құралдары, т.б.), күнделікті тұрмыс арқылы. Өзгеше айтқанда, іс-әрекет, қатынас, тұрмыс қалпы тәрбиенің басты кұралдары. Соларды мәдениеттендіре отырып, ал баланың дамуына ықпал жасайды. Әр тәрбиеші тұтас тұлға тәрбиелегендіктен ол баланың денсаулығы, қабілеті және адамгершілігі туралы қам жейді. Бірақ, сынып жетекшісі өзінің кәсіби және әлеуметтік, роліне байланысты, бала өмірінің бір бағытына басын көңіл аударады, сонымен қатар оны ұйымдастырады-ал көбіне оқу-тәрбие ісіне көңіл аударады; ата-аналар-баланың денсаулығы қамқорлыққа алады, мектептен тыс ұйымдар баланың бос уақытын қамтиды. Осы арада сынып жетекшісінің ролі ерекше, тәрбиешілер өздерінің күнделікті қызметінде "сынып жетекшілер өздерінің әріптестерімен, отбасымен, жұртшылық пен бірігіп жұмыс істейді" деген түсінікте.
  • Сонымен, сынып жетекшінің бірінші меңгеретін, жүзеге асыратын бағдарламасы- ал "Денсаулық" бағдарламасы. Бұл бағдарлама сынып жетекшісі мен педиатрлық, мектеп дәрігерінің тығыз байланыста болуын талап етеді. Мұғалім бұл сонада өзінің білімін жетілдіру қажет. Сынып жетекшісі ата-аналармен бірге дансаулығы нашар оқушының ерекшеліктеріне сәйкес демалу, үйықтау тамақ ішу тәртібін белгілейді.
  • Балаға қамқорлық қажет ететін келесі өріс — ал қатынас. Осы жағынан кейбір оқушылар мектепте көп қинайды; біреулерін ешкім байқамайды, екіншілерін мазақтайды, ызаландырады, үшіншілеріне күліп, төртіншілеріне ортақ ойынға араластырмайды, бесіншісі қорлық көрсетеді (моральдық жағынан да, күш жағынан да), осындай қолайсыз жағдайға негізінен оқушыларды өзін-өзіне сенбеушілік, психологиялық тұрақсыздық пайда болады. Сондықтан, ондай балалар айналасындағы адамдармен қатынасқа өрескелдіп, дөрекілік, әдепсіздік көрсетеді.
  • Тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-балалардың қатынас өрісіне ену, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу. Жоғарыда айтылған қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен оте тығыз байланысты.Бұл арада біз жалпы адамзаттың құлдықтарды негізге аламыз. Ең биік құндылықтардың - бәрі адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық саған өмір силаған, дүниеге келген адамның алдында бас ию. Туған жер, үй отбасы – бұл құндылықтардан адамның ары, абыройлы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық, азаматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіндік ерекшелікке, өзіндік пікірге құқығы екенін мойындайды. Егер осы қасиет бала кезінен қалыптасса, ал сонда ғана басқа адамдардың, қоғамының дамуына мүмкіндік бере алады. Табиғат ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра осыны бәрі жалпы адамзаттың құңдылықтар.
  • Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине өте қиын. Бірақ, оларды күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар адамдардың қылықтарын, араларындағы қатынастарында реттеп отыратын ережелерге айналатыны сөзсіз. "Балаларды қорғаушы" тұрғысынан алатың болсақ оқу өзіндегі сәт тіліне жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары ерекше тарапынан көрінеді.
  • Егер тәрбиеші оқушының жақсы мүмкіндігіне сенсе, оған жаны ашыса ғана, оны қорғауы мүмкін. Керісінше негізінде жақсы жақтарын байқап, сынып балаларына көрсете білу. Ендігі өріс - баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс қалып. Оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп қалмайды. Мектепте ауық-ауық белгілі бір модаға байланысты "эпидемиялар" болып тұрады. Кейбір оқушылар (әсіресе, ересек). сыныптарындағы, құрбыларындағы киім, аппаратура оларда болмағанына насып, өзін кеисітіп жатады. Сондықтан көп жағдайларда ата-аналармен келіспеушілік болады. Осы себеппен сынып жетекшісі отбасындағы тұрмыс жағдайларын жақсы білсе, ал дер кезінде қолайсыз істерге кедер болар еді.
  • Мектепте сынып жетекшісі оқушылар оқитын бөлменің эстетиканың жағынан тартымды, әдемі болуын қамтиды. Модаға, тұрмыс жағдайына байланысты ашық әңгімелер, пікір талас, іскерлік ойындар, т.б. шаралаф өткізіп тұрады. Осымен, қорыта келсе, айтарымыз; сынып жетекшісінің басты назарында — оқушы — Адай, оқушы — тұлға әр оқушының ерекше қасиеттері; оларды қорғау, дамыту міндеттері. Ал сынып ұжымы - әр балаға өолайлы ортағы айналуы қажет. Тәрбие процесінің ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие ісін басқаруда сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса, ол жұмыстың нәтижесі болуы сөзсіз:
  • І. Тәрбие ісінің негізі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Негізгі психологиялық педагогикалық ұғымдарын түсіну, оқу тәрбие жұмысын тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін (методикасын) меңгеріп алуы.
  • Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатныда сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиесін іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің. көзқарасын қорғап дәлелдей алуы.
  • З. Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиесін мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын көре білуі. Жоспарды оқушылардың даму нәтижесіне байланысты құруы.
  • 0қушыларды зерттеу арқылы тәрбиесін міндеттерді аныктауы.
  • 0қушылардың даму деңгейіңде байланысты тәрбиенің негізгі міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі:
  • Тандап алған іс-әрекегтердің түрлері мен тәрбие жұмысының әдістері, формалары тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал жасайтынына мұғалімнің толық сенуі.
  • б.Тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы.
  • 0қушылардың дамуын болжауы, оларды әртүрлі іс-әрекеттерге араластырып, өзара жақсы қарым-қатынастарда болуға бағыттауы, адамгершілігін дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші іс-әрекеттерді ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасау тиіс (істі қортындылағанда оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөяіп, қажет болса асырыңқырап мақтағанда артық емес, баланың мінез құлқына байланысты).
  • Оқушылардың қабілетіне, қызығушылығына, ынтасына даму деңгейіне байланысты, тәрбиенің оларды дамыту мақсатымен; баланың күшті жақтарына сәйкес істер тандап, тапсырмалар беріп отыруы.
  • Тәрбиелеу мақсатында мұғалім өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі.
  • Тәрбие ісін жетілдіру мақсатпен мезгіл мезгіл өз жұмысын өзі (тең) тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зертгеп отыруы.
  • Сынып жетекшісі - ол кім ?
  • Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, негістіріп өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
  • Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан бала үшін;
  • - Жалпы адамзаттың мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухпни жалғастырушы;
  • - Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
  • -Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуі; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік,экономикалық,саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші.
  • Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
  • - Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиесін күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
  • Сынып жетекшісінің негізі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланыста, ал әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.
  • Сынып жетекшісінің міндеттерін айқындағанда, мына идеяларды негізге алдық;
  • Ең "қиын" деген оқушының өзі де жақсы болып, түзеліп кетеді, бірақ оған айналасындағы адамдардың сенімі, сыйластығы, сүйіспеншілігі, көнегі қажет:
  • Тәрбиелейтін - тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателіктерін бетке басу емес, тәрбиелейтін бірігіп атқаратын әрекет, ынтымақтастық қатынастар, бір-біріне деген жьшы сезімдер.
  • Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.
  • Тәрбиеші - өз шәкіртінің көмекшісі, қорғаушысы. Тәрбиеші - педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект-тәрбиешілік жеке дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру бастапқы міндет. Себебі ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Ұғымды ұйымдастыру жеке дамыту-сынып жетекшісінің назарындағы екінші обьектісі мен міндеттері.
  • Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, орта түсінуіне жағдай жасау-сынып жетекшісінің тәрбиесін ықпалдарының үшінші міндеті.
  • Кейбір зерттеушілердің пайдалануы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналармен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен;
  • Бірінші топ міндеттері. Олар әлеуметтік міндеттер деп атауға болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен жеке басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
  • Екінші топ міндеттерді — диагностикалық - әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс, ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшелікгерін, дара қасиеттерін білуін керек.
  • Үшінші топ міндеттерді адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық мен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілігін шешім қабылдай алуына мүмкіндік береді.
  • Төртінші топ міндеттерді жеке дара практикалық сыныптағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдарды тандап алуы; өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудегі және педагогикалық көзқараста болады.
  • Осы бастапқы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады:
  • Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері қандай ?
  • диагностикалық
  • коммуникативтік
  • тәрбиелік
  • жобалаушылық
  • ұйымдастырушылық - әрекеттік
  • дамытушылық
  • әдістемелік
  • ынталандырушылық
  • бағалаушылық
  • қорғаушылық, қамқоршылық
  • түзетушілік
  • Халықтық педагогикалық, кұбылыстарға зерттеушілер ресми педагогикамен халық педагогикасының бірін — бірі толықтыратын, кеңейтіп отыратын өз — ара ықпалы мен шаттастығын дәлелді ашып түсіндіреді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері білдіретін саяси, құқықтық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастардың ықпалы қашанда сезіліп отырса, халық педагогикасы бұл ықпалға ұшырағанмен тұтас алғанда халықтың ойы мен мүддесін ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдіреді.
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  • Назарбаев Н.А. «Қазақстан 2030» Алматы -1997ж.
  • Бастауыш мектеп -Тәрбиенің қайнар көзі педагогикасы №3, 2000ж.
  • Бастауыш мектеп -Ұлттық өсиеттер мен даналық сөздер №8-9, 1999ж
  • Болашақ-Халық педагогикасы-тәрбие өзегі №6, 2000ж
  • Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері
  • Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:
  • Адам-адамгершілік тәрбиесі
  • Отбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.
  • Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу
  • Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу
  • Мәдениет-мәдениетке қатыстыру, руханилылықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.
  • Отан-өз халқының тарихын құрметтеуді тәрбиелеу
  • Жер-планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпы адамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыру
  • Әлем-тіл табыса білу мен азаматтық бейбіт қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.
  • Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.
  • Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Сынып жетекшінің қызметтері:
  • Тәрбиелік-түзетушілік:
  • мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру
  • креативті қабілеттерін дамыту
  • жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу
  • қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу
  • Жеке жұмыс
  • психологиялық педагогикалық жұмыс
  • Карталары
  • Тестілеу
  • Сауалнама жүргізу
  • Бала денсаулығын қадағлау
  • Ауырған балаларға қамқорлық көрсету
  • Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау
  • Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
  • Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
  • Ұйымдастырушылық
  • түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру
  • оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру
  • Бақылаушылық
  • оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру
  • оқушы үлгерімін есепке алып отыру
  • оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру
  • оқушылардың сырт киімдерінің талапқа сай болуын қадағалау
  • тамақтануды ұйымдастыру
  • Коммуникативтік
  • - балалар арасындағы қатынастарды реттеу
  • - «Оқушы-мұғалім » , «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу
  • - оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету
  • Аналитикалық
  • - әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу
  • - сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау
  • - әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау
  • Дамытушылық
  • ақыл –ой дамыту ойындарын ұйымдастыру
  • оқушылар үшін ДИ тәжірибесі
  • ТЖ сабақтарында белсенді жұмыс түрлерін енгізу
  • Халықтық, классикалық жаңашыл әдістері
  • Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері.
  • Сынып жетекшісі білуі тиіс:
  • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын
  • Бала құқықтары туралы конвенцияны
  • Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын,балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін
  • Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын
  • Педагогикалық этиканы
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін
  • Оқушылардың (тәрбиеленушілердің ) бос уақытын ұйымдастыру
  • Еңбек заңнамасының негіздерін
  • Нұсқаулық-нормативті құжаттарды, еңбекті қорғаудың нормаларымен ережелерін
  • Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді.
  • Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды.
  • Қарым - қатынастың дамуына ықпал етеді.
  • Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі.
  • Тәрбиеленуші тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға (тәрбиеленушілерге) қосымша білім алуға ықпал етеді.
  • Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады.
  • Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.
  • Игеруі тиіс:
  • кіріктірілген тұлғалық қасиеттер: эмоциялық-ерікті өзін басқару және бақылауға қабілеттілік, аналитикалық, болжамдық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер.
  • Жоғары мәдениет, тұрақтылық, адамгершілік бағдар.
  • Оның бойында болуы тиіс:
  • кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:
  • жалпы, жас ерекшілік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім
  • балалар қарым-қатынасындағы, іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу
  • психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін
  • балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу
  • балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу
  • балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.
  • Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:
  • жеке, тұлғааралық қиындықтар мен қақтығыстарды анықтау
  • зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешу әдістерін игеру
  • «ересектер-бала» және «ересектер-ересектер», сонымен қатар «сынып жетекшісі-бала-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық тұрғысынан мақсатқа сай және психологиялық дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыру
  • Ұжымдармен, балалардың бірлестіктерімен және үлкен, кіші топтармен жұмыс жасау
  • Балалармен әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер ұйымдастыру, олардың әлеуметтік өзін-өзі анықтау мен қалыптасуы үшін жағдай жасау
  • Шығармашылық бейімділіктерін және балалардың қабілетін анықтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау
  • Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып, сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық құбылысының ерекшелігі мен үрдіске қатысушыларына қатысты оның рольдік ұстанымы өзгереді.
  • Сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің мазмұны – формальды түрде болмайтын кәсіби-педагогикалық емес, керісінше «табиғи» қызметтестік, ересек адам мен баланың өзара түсінікті қатынасы. Оның мазмұны ерекше адамға өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасап, оның тұлғалық қасиеттерін баламен қарым-қатынасқа түсу барысында неғұрлым байыта түседі. Үдерістің қатысушысы болып балаға өзінің ересек адам ретінде сезінуге, оның өз күшіне сенім артып, өзі «менің» көрсетуге мүмкіндігі туады, осындай да бала ересек (досынан, жолдасынан) адамнан нағыз көмек көре алады. Осы компонент субъект ұстанымының қалыптасуына, жас тұлғаның жалпы дамуына оның жеке ерекшелігін ескере отырып, оң әсер етеді.
  • Сынып жетекшесінің балаларымен тәрбие жұмысының бағдарлаамсы әрдайым инновациялық, авторлық, динамикалық болады, бұл –педагогтың шығармашылық, нақты тәжірибеге бағытылған және жемісті іс-әрекетінің нәтижесі.
  • Жұмыс формалары:
  • Эксперименттік жұмыс және ғылыми зерттеулер:
  • - эксперименттік алаң
  • - авторлық және вариативті бағдарламаларды жасақтау және сынақтан өткізу
  • - зерттеу мәселесі бойынша теориялық материалдарды оқу
  • - ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу
  • - авторлық материалдар жасақтау
  • Әдістемелік құжаттарды жасақтау
  • - оқу жоспарлары мен бағдарламалары
  • - әдістемелік нұсқауларды
  • - сауалнамаларды
  • - ережелерді (қойылымдар, байқаулар, көрмелер, шығармашылық жұмыстар
  • туралы және т.б.)
  • -диагностикалау әдістемесін.
  • Тәрбие жұмысы бойынша мектеп директоры орынбасарының, сынып
  • жетекшісінің және тәлімгерлердің біліктілігін көтеру
  • әдістемелік тақырыпта жұмыс жасау
  • проблемалық, үйретушілік семинарлар
  • біліктілігін жетілдіру курстары
  • тәжірибе толықтыру
  • дөңгелек үстелдер
  • жеке кеңестер
  • авторлық семинарлар
  • ашық тәрбиелік іс-шаралар
  • өзара тәжірибе алмасу
  • ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жұмыс
  • ұстаздық жұмыс
  • «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі» және т.б. кәсіби шеберліктің байқауларына қатысу
  • Жаңашыл педагогикалық тәжірибені қорытындылау мен тарату
  • - шығармашылық топта жұмыс
  • - шығармашылықпен жұмыс жасайтын пелагогтың материалдарын жүйелеу және қорыту
  • - БАҚ-ғы зерттеу нәтижелерін дайындау (баяндама, кітапша, мақала, көрнекі құралдар)
  • - жаңашыл жобалардың, шығармашылық жұмыстардың тұсаукесер рәсімі,таратылуы және енгізілуі.
  • - мастер-кластар, педагогикалық шеберхана
  • - педагогикалық кеңесте, тамыз конференцияларында баяндама жасау
  • - жылжымалы семинарларға қатысу және т.б.
  • Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасының, санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш мектеп – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп – бұл балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, қоршаған орта туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, дәлелді сөйлеуге үйретеді. Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық және рухани салаларда көптеген өзгерістер болып жатқандығы баршаға аян. Солардың бірі – білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялармен оқыту. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс- әрекетке қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар: Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу. 2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу. 3.Шығармашылық іс - әрекетке жағдай тудыру. Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс - әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Осыған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар: -Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау. -Арнайы бір тақырыпта пікірталас тудыру. -Шығарма, шағын әңгіме құру. -Сөзжұмбақ құру, шешу -Қиялдау арқылы сурет салу, рөлдерге бөлу. -Мазмұндама түрлерін жазу. Сондай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу – танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Осы орайда 4 – сынып оқушыларымен пәндерді кіріктіре отырып өткізген «Туған елге саяхат» тақырыбындағы «Шығармашылық есеп» үлгісіндегі сабағымды айта кетуге болады. Сабақ шығармашылық есеп болғандықтан, кіріктірілген сабақ ретінде барлық пәндерді ( ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика, бейнелеу өнері, логикалық тапсырмалар) толық қамтыды. Әр пән бойынша берілген жекелей тапсырмалар бойынша оқушылар алған білімдерін толық көрсете отырып, топтағы жұмыс арқылы шығармашылықтарын дамыта түсті. Бұл сабақта оқушылардың логикалық ойлауы, ізденісі, өз бетімен жұмыстары, шығармашылық тапсырмаларды орындаулары айқын көрініп, оқушылардың танымдық қабілеттері, белсенділіктері дами түсті. Шығармашылық есеп сабағы кезінде оқушы өз ойларын ортаға салып, өз пікірін анық, еркін айта алады. Сабақ кезеңдерінің арасындағы байланыста жұмбақ, өлең құрастыру, ребустар шешу, логикалық тапсырмалар орындау, сурет салу тапсырмалары өте тиімді болады. Сонымен қатар ертегі сабақ, саяхат сабақ, сайыс сабағы және тағы да басқа сабақ түрлерінің оқушы шығармашылығын дамытуда атқаратын маңызы ерекше. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл – күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Қорыта айқанда, оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой - өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.