Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері

Абжатов Қайырболат Айтқалиұлы – дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Білімі жоғары, 2012 жылы «Дене шынықтыру және спорт» бакалавры мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. 2016 жылы Қазақстан Республикасы білі және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 25 шақырым қашықтықтағы «Дуатлон» жарысына қатысқан үшін Мадақтамамен марапатталды. Қазақстан Республикасының Күніне арналған қазақша күрес бойынша Павлодар қаласының ашық біріншілігінде 81 кг салмақтағы балуандар арасында 1 орын алған үшін Мадақтамамен марапатталды. Қазақстан Республикасының Күніне арналған самбо бойынша Павлодар қаласының ашық біріншілігінде 73 кг салмақтағы балуандар арасында 1 орын алған үшін Мадақтамамен марапатталды.

 

байзаков

Байзаков Азамат Сансызбайұлы- алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Павлодар Мемлекеттік Институтын 2007 жылы «Алғашқы әскери және дене шынықтыру дайындығы» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 3 жыл. Санаты жоқ. 2014-2015 жетістіктері жеңіл атлетика, үстел теннис, шағын-футбол түрлерден, оқушылар 2014 жылы 43- спартакиада бағдарламасы, 2014 жылы 44- спартакиада бағдарламасы бойынша жүлдегері.

Алпысов Даулет  Ерсаинұлы - дене шынықтыру мұғалімі

Павлодар Педагогикалық Институты 1996жылы «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі - 21 жылы. Санаты – бірінші. Интернационалист жауынгер Аскар  Абдраимовты қыздар  арасында волейболдан  еске  алу  турнирінде  I орын Көктөбе ЖОББМ  марапаталлды. Қыздарды  дайындаған үшін алғыс жарияланды.Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесіне  арналған волейболдан қыздар арасында жүлдегерледі дайындаған  үшін  грамотамен марататталды.2015 жылы Май  ауданының білім  беру бөлімінің Алғыс хатпен марапатталған.  2016 жылы  «Нұр Отан» партиясы Май аудандық филиалы атынан Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы   Май аудандық  мәслихатының   Алғыс хатымен марапатталды.

Сұлтанғазин Мұрат Қайроллаұлы - дене шынықтыру мұғалімі.

Білімі жоғары. 2016 жылы дене шынықтыру және спорт бакалавр мамандығы бойынша Павлодар Евразиялық Инновация университетің аяқтады. 2017 жылы балаларды дайындаган үшін, мини-футбол қалалық ойыны жарысында  Афган ардагерлеріне арналған ойында үшінші орын алған үшін қалалық спорт басшылығынан граммота берілді. 2017 жылы ҚР білім және ғылым министрлігі "Өрлеу" біліктілікті артыру ұлттык орталығы "Инклюзия" такырыбы бойынша курстарын өтті. 2017 жылы қалалык Асық ату балалар арасындағы жарыста, спорт басшылығымен "Балаларды дайындаған үшін" мадақтама граммотасы берілді.