Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Математика, информатика, физика мұғалімдері

Қангелдиева Қарлыға Қабиқызы - математика пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 1981 жылы Павлодар Педагогикалық Институтының физика-математика факультетінің «Математика мұғалімі» бойынша аяқтады. Санаты жоғары. Еңбек өтілі -35 жыл. ҰБТ-ден жоғары нәтиже көрсеткен үшін Мадақтама және Алғыс хаттарымен марапатталған. Әдістемелік көмек көрсеткен үшін аудан мұғалімдеріне, оқушыларды ҰБТ-ке дайындау үшін, облыстық иновациялық орталықтан грамотамен марапатталған. «Жоғары педагогикалық мектепте иновациялық білім беру ортасын институциоландыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан сертификат иегері. Жас ғалымдар,магистранттар,студенттер мен мектеп оқушыларының «XVI Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясына жоғары нәтижеге қол жеткізген үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. «Білім беру және оқыту сапасын бағалау» атты 34 сағаттық Халықаралық ғылыми- әдістемелік семинарда білім алғаны үшін сертификаттың иегері. «Студенттік ғылым күндері»шеңберінде өткізілген «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуметі: білім және ғылым сапасы» атты ХІІ институт ішілік студенттер ғылыми конференциясының «ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломның иегері. «Математика пәнінен ұлттық біріңғай тестке дайындалуға арналған тақырыптық үлгі есептер жинағы» оқу әдістемелік құралды шығарған. «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан» Алғыс хатымен марапатталған. 2016 жылы қарашада ұйымдастырылған Облыстық кешенді олимпиададан шәкірттері 5 сынып оқушылары Канапин Асылбек және Әубәкір Нұрасыл 3 орын иегерлері дипломын иеленді.

 

 

жананұр

Шәймұратқызы Жаңанұр – математика пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2014 жылы «Информатика және математика» бакалавры мамандығы бойынша Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Жұмыс өтілі – 4 жыл. Санаты-2

 

 

Жүсіпова Айдана Болатқызы - физика пәнінің мұғалімі

Білімі жоғары, 2015 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Физика» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілі – 1,5 жыл. Санаты жоқ.