Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сіздерге, ата-аналар!

Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді демалысты қызықты өткізуге 2017 жылғы маусымның 2-сі мен 22-сі аралығында мектеп жанындағы «Күншуақты қала» лагеріне шақырамыз. Лагерь  бағдарламасында

Сіздерді қызықты ойындар, қозғалмалы

эстафеталар, интеллектуалды сайыстар

күтеді, психологтерпсихологиялық тренингтер

өткізеді, информатикакабинеті компьютер

ойындарына шақырады.Әскери бөлімге, мұражайларға, театрларға саяхат, бассейнде сауықтыру жоспарланған.

Келіңіздер!

Барлықтарыңызды лагерьде демалуға шақырамыз.

 

Төлемақысы 100% - 6000 теңге, 50% - 3000 теңге        

 

 

Ата-аналар, оқушылар назарына !

2017 жылы наурыздың 17-18 күні біздің мектебімізде 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өтеді, уақыты 18 сағат 00 минут.

 

Мектеп әкімшілігі.

Ата – аналар, түлектер назарына!

 

2016 жылғы ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!

ЖОО (ВУЗы) түсуге құжаттар тапсыру мерзіміне назар аударыңыздар. Шығармашылық мамандықтарды (сурет, сызу, өлең, дене шынықтыру, АӘД) таңдаған мамандықтарға құжаттар тапсыру мерзімі 2016 жылғы 01- шілдеге дейін. Педагогикалық мамандықты таңдаған түлектерге 2016 жылғы 04- шілдеге дейін. Педагогикалық мамандықтарға пікірлесу 2016 жылғы 05-14 шілде аралығында. Колледж бітірген абитуриентер және былтырғы мектеп түлектері КТ (КТА) 2016 жылғы 17-23 шілде аралығында өтеді.

 

Балаларды қатаң бақылаңыздар. Мұз қатқан кезде су айдындарына балаларды ересектердің бақылауынсыз жібермеңіздер. Оларды жаға-жайда бақылаусыз қалдырмаңыздар. Қатпаған мұздың үстінде конькимен сырғанауға, шаңғы тебуге және биік жардан мұз үстіне сырғанап түсуге рұқсат етпеңіздер. Су айдындарында мұз үстінен өткенде қаңдай қауіпке ұшырайтындарын қатал ескертіңіздер.

Мұз қатқан кезде балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіздер.

 

Павлодар погода информер

Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай

index

Ата-ананың мектептегі алатын орны

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген. Осыған байланысты 2 мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

 

Ата-аналар, оқушылар назарына !

 

index

 

Қысқы мерзімде мектептердегі сабақтың температуралық режимі

Павлодар облысының Білім беру басқармасының қысқы мерзімде білім беру ұйымдарындағы сабақтың температуралық режимі туралы бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарында мынадай шекті температурада сабақ өткізу тоқтатылады: А) ауа райы желсіз немесе секундына 5 метр орташа жылдамдықпен соққан кезде: 1-9 сыныптарда t - 33 С және төмен болғанда; 1-11 сыныптарда t - 38 С және төмен болғанда. Ә) желдің күшеюі секундына 5 метр жылдамдықта және одан жоғары соққан кезде: 1-9 сыныптарда t - 30 С және төмен болғанда 1-11 сыныптарда t - 35С және төмен болғанда.