Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің мектеп тарихы

Мектеп туралы қысқаша ақпараттық анықтама

      Павлодар қаласының №2 мемлекеттік жалпы орта білім беру мектебі 1965 жылы 1 қыркүйекте негізін қалады.

50 жыл жұмысында осы оқу орнын 6 412 оқушы бітірді. Түлектердің 18-і үздік, 8-і медальмен бітірді.

Бүгінгі күнде мектепте 938 оқушы оқиды: қазақ тілінде оқитын 34 сынып-жиынтық, гимназия сыныптары - 11, терендетіп оқыту – 3 сынып, экперимент - 2 сынып. 2017-2018 оқу жылы 1,5 параллель гимназиялық сыныптар ашылды, ағылшын тілі мен информатиканы тереңдетіп оқыту, сонымен қатар ағылшын тілін ерте оқыту енгізілді.

Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ПМУ, ПМПИ және ИнЕУ ресурс орталықтары арқылы бейінді оқыту жүзеге асырылады.

Мектеп педагогикалық ұжымы білім берудіжетілдіру мақсатында қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейді, саралап оқытуды жүзеге асыра отырып, денсаулық сақтауды ұйымдастыру үшін оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасайды.

2013 – 2014 оқу жылын 740 оқушы аяқтады. Соның ішінде - 383 қыз бала, 357 ұл бала. Ұлты бойынша: қазақ - 723, қырғыз - 5, орыс - 2, украин – 1, өзбек - 4, шешен – 1, татар - 3.

Мектеп бойынша сыныптардың орташа тығыздығы – 23,1 оқушы. Сатылар бойынша: бастауышта – 22,4, ортаңғы буында – 22,3, жоғары сатыда – 19,5. Мектепте 32 сынып-комплект, соның ішінде 15 сынып-комплект бастауыш буында (366 оқушы), 15 – ортаңғы (335 оқушы), 2 – жоғары сатыда (39 оқушы).  Мектеп екі ауысымдық тәртіппен жұмыс жасайды: І ауысымда 18 сынып-комплект (434 оқушы), ІІ ауысымда 14 сынып-комплект (306 оқушы). Бастауыш сынып оқушыларына арналған үш ұзартылған күн тобы жұмыс жасайды, әр топта 25 оқушыдан. Педагогикалық ұжымның құрамында 50 мұғалім: жоғары білімді – 46 (92%), орта-арнаулы – 4 (8%); ерлер – 8, әйелдер – 42; жоғары категориялы – 17, І – 18 (70%); ІІ – 11, санатсыз – 4; жасы бойынша: 20–30 жастағы – 9, 31–40 жастағы – 17, 41–50 жастағы – 13, 51–60 жастағы – 11 (орташа жасы - 40); педагогикалық өтімі бойынша: 3 жылдан төмен – 2, 3–8 жылға дейін – 11, 9–16 жылға дейін – 9; 17–20 жылға дейін – 9; 20 жылдан астам – 19. Мектептің қамту мүмкіндігі - 860 оқушы. Мектепте мәжіліс, спорт, хореография залдары, екі шеберхана (ұлдар мен қыздарға), 20 оқырмандық залы бар кітапхана, медициналық блок, стоматология кабинеті, 60 оқушыны қамтитын асхана, психологиялық жеңілдету кабинеті, арнайы жабдықталған физика, химия, АӘД, музыка, интерактивті тақталары бар 2 компьютер кабинеті, мультимедиялық кабинет. Жалпы 24 пә н кабинеті бар.Мектеп жанында тир, спорт алаңы, мектеп учаскесі жұмыс жасауда. Мектеп ішінде 5-6 жастағы балаларға арналған «Мерей» шағын орталығы бар. Онда 2 топ, жалпы бала саны – 57. 2007 – 2008 оқу жылынан «Жаңа ғасырдағы жаңа мектеп» атты мектептің даму бағдарламасы енгізіле бастады. Бағдарлама келесі аспектілерді қамтиды: білім беруді жаңарту, оқу-әдістемелік кешендерін өндеп енгізу, шығармашылық зертхана қалыптастыру, дамыта оқыту технологияларын енгізу. Осы бағдарламаға сай мектепте гимназиялық сыныптар, жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптар желісі дамуда, ағылшын тілін ерте оқыту енгізілді. Мектеп - бастауыш сыныптарға арналған ағылшын тілін апробациядан өткізу және электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша республикалық эксперимент алаңы. 2012 – 2013 оқу жылынан бастап мектеп мемлекеттік тілде білім беру мектебі мәртебесіне көшті. Бүгінгі күнде мектепте норма сыныптарымен қатар жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары: 4 сынып – ағылшын тілі, 7 сынып – қазақ тілі, 8 сынып – информатика, 2-ші сыныптар – ағылшын тілін ерте оқыту; 11 гимназиялық сынып: бастауышта – 5, ортаңғы буында – 6. Оқушыларды бағдар бойынша алдын ала дайындау мақсатымен 5 – 9 сыныптарда элективті курстар енгізілген. 10 – 11 сыныптарда оқыту жаратылыстану-математикалық бағытта жүргізіледі. Мұғалімдер элективті және қолданбалы курс бағдарламаларын өндеп, іске асыруда. Бағдарламаларға реценезияларын Инновациялық орталықтың әдіскерлері, ПМПИ, ПМУ, ИнЕУ-дің педагогикалық ғылым кандидаттары мен профессорлары жазған. Мектептің негізгі бағыты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында құзыретті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. 2016 – 2017 оқу жылынан бастап мектеп «Құзыретті білім беруге көшудегі инновациялық технологиялардың рөлі» тақырыбы бойынша жұмысын атқарып жүр. Мектепте 6 әдістемелік бірлестік бар: қоғамдық-гуманитарлық, қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сыныптар, жаратылыстану-математика, мәдениеттану, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі. Әдістемелік бірлестік тақырыптары, мақсаты мен міндеті мектеп тақырыбымен байланыс-ты болды. ӘБ-тер төмендегідей тақырыптар бойынша жыл бойы жұмыс жасады: Қоғамдық-гуманитарлық: «Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру арқылы оқыту сапасын көтеру». Қазақ тілі мен әдебиеті: «Сабақта инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» Бастауыш сыныптар: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттерін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру» Жаратылыстану-математика: «АКТ технологиясын қолдану арқылы м ұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру» Мәдениеттану: «Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу арқылы мұғалімдердің педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру» Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі: «Сынып жетекші-лерінің шеберліктерін арттыру арқылы мектепте құзыреттілікке тәрбиелеу формалары мен әдістерін жетілдіру». Мектеп ұжымының алдында 2016 – 2017 оқу жылы келесі негізгі міндеттер тұрды:

  1. Оқушылардың білім сапасын және ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық деңгейін

арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау.

  1. ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық бойынша ӘБ жұмыстарын жүйелеу.

  2. № 10 лицей мектебінің пән мұғалімдерімен бірлескен кәсіби жұмыс

ұйымдастыру.

  1. Әр пән мұғаліміне әр түрлі білім деңгейіндегі оқушылармен ҰБТ мен ОЖСБ-ға

дайындалу жеке-дара жұмыс жоспарын өндеу.

  1. Білім спасын жоғарлату мақсатында таңдаулы курстар жұмыстарының

тиімділігі мен оңтайлылығын арттыру.

  1. Инновациялық бағыттағы жұмыстарды жалғастыру....

Оқу жылына қойылған мақсаттарды іске асыру нәтижелілігі ретінде келесілерді атауға болады: 2013 - 2014 оқу жылы бастауыш пен жоғарғы сыныптың 10 оқушысы қалалық олимпиаданың жүлдегерлер атағына ие болды. Мектеп оқушылары - жыл сайын қалалық оқулар, ғылыми жобалар конкурстарының; облыстық, республикалық, халықаралық интеллектуалдық марафондар мен олимпиадалардың жүлдегерлері. Биылғы жылы бастауыш сыныптың 1 оқушысы қалалық ғылыми жобалар конкурсында лауреат атанса, ортаңғы буын оқушысы облыстық ғылыми жоба конкурсында ІІІ орынға ие болды; 8 оқушы қалалық оқулардың жүлдегерлері; 1 оқушы – облыстық, 1 – республикалық, 20 – халықаралық интеллектуалдық марафондардың жүлдегерлері. 9 оқушы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстарының жүлдегерлері. Мектеп футбол командасы – қалалық «Былғары доп-2014» жарысының жүлдегері. Әскери-спорттық дайындық бойынша жоғарғы сынып оқушылары (ұлдар) ҚБББ грамотасымен марапатталды. Спорт жарыстарының басқа түрлерінде 19 оқушы грамоталарға ие болды. Педагогикалық ұжымның барлық жұмысы, ең алдымен, білім сапасын арттыруға бағытталған. Қорытындысы ҰБТ нәтижесінен анықталады. Соңғы екі жылдың нәтижелерін салыстырсақ, өсу динамикасын байқауға болады: 2013 – 2013 оқу жылы орташа ұпайы – 71,61болса, 2013 – 2014 оқу жылы – 87,21 ұпай. Бұл 15,6 ұпайға былтырғыдан жоғары. Ал қалалық орташа ұпаймен салыстырсақ, 6,06 ұпайға жоғары. Қала мектептерінің ішінде – 7 орын. Әрине, бұл біздің мектеп үшін үлкен жетістік.2011 – 2012 оқу жылы 16 түлектің үшеуі, ал 2012 – 2013 оқу жылы 19 түлектің алтауы грантқа ие болып, республиканың әр түрлі жоғары оқу орындарында білім алуда. Мектеп педұжымы да кәсіби конкурстарға белсене қатысады. Мұғалімдер бірнеше жыл қатарымен қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды: «Білім беру көшбасшысы», «Жыл мұғалімі», «Заманауи сабақ» интернет-фестиваль, әдістемелік-дидактикалық құралдар конкурсы, пән олимпиадалары, т.б. Биылғы жылы «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құрал» қалалық конкурсында 1 мұғалім І орынға - психолог С.М. Ахметжанова, ІІ орынға – дене шынықтыру мұғалімдері С.А. Бихиянов пен Қ.Қ. Тезекбаев, ІІІ орынға – биология мұғалімі А.А. Омарова ие болды. 5 мұғалім халықаралық интеллектуалдық марафонға жүлдегерлерді дайындағаны үшін халықаралық сертификаттарды иеленді (бастауыш сынып мұғалімдері Естаева А.У., Сәрсебаева Ж.О., Бұшымбаева М.Х., Намазбаева С.Қ., Жетыбаева Ж.А.). Қазақ тілі мұғалімі Ж.Ш. Қалымова халықаралық шығармашылық олимпиаданың жүлдегері атанды. Орыс тілі мұғалімі А.Б. Абуова қалалық олимпиадада ІІІ орынға ие болды, 3 бастауыш сынып мұғалімдері (Ерімбетова Ж.Б., Смағұлова Б.Б., Намазбаева Р.Ж.) алғыс хатпен марапатталды. Қазақ тілі мұғалімі Ү.І. Рахметова – қалалық «Қалижан Бекқожиннің 100 жылдық мерейтойы» конкурсында ІІІ орын алды. Мұғалімдер арасында өткізген қалалық волейбол спорт жарысында мектеп командасы ІІІ орынға ие болды, дене шынықтыру мұғалімі Қ.Қ. Тезекбаев «Ең үздік ойыншы» атанды. Қорғаныс-спорт сауықтындыру лагері жұмысының қорытындысы бойынша АӘД мұғалімі А.Қ. Сатыбалдин ҚБББ грамотасымен марапатталды. Жетістіктермен қатар кемшіліктер де анықталды. 2016– 2017 оқу жылы жұмысының талдауы қорытындысында келесі проблемалар айқындалды:

  1. Гимназия сыныптарынан оқушылардың кетуі (бастауыш сыныпты аяқтау

кезеңінен кейін кейбір үздік және екпінді оқушылардың дарынды балаларға арналған мектептерге ауысуы: Жас дарын, НИШ, қазақ-түрік лицейі).

  1. Жоғарғы сатыда гимназия сыныбының жабылуы (9 сыныптан кейін

оқушылардың көбі колледждерге түсіп кетеді, сондықтан 10 сынып құрамды болады).

  1. 10 сынып оқушыларын іріктеу.

  2. Гимназия сыныптарынан шығып кеткен балалардың орнына норма

сыныптардан балаларды ауыстыру.

  1. Сыныптағы оқушылардың жеткіліксіз тығыздығына байланысты кей пәндерден

топтарға бөлінбеуі. Бұл проблемаларды шешу үшін келесі жолдарды белгіледік:

  1. Гимназиялық сынып оқушыларының мектепке деген қызығушылығын арттыру

жұмыстарын ұйымдастыру.

  1. Жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптарының санын көбейту, сапасын

жоғарлату.

  1. Дарынды балалармен жұмысты нығайту.

  2. Озат педагогикалық тәжірибе жұмысын жүйелеу.

  3. Шығармашылық топ жұмыстарын белсендіру.

  4. ЖОО мамандарымен бірлескен жұмысты жалғастыру.

  5. Ата-аналардың мектеп өміріне байланысты қызығушылықтарын арттыру

жұмыстарын күшейту

  1. «Мұғалім рейтингі», «Оқушы рейтингі» бағыттары бойынша оқу жылының

аяғында ең үздік мұғалім мен ең үздік оқушыны марапаттау. 2017 – 2018 оқу жылына келесі міндеттерді ұсынамыз:

  1. Оқушылардың білім сапасын және ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық деңгейін

арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау жұмыстарын жалғастыру.

  1. ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық бойынша ӘБ жұмыстарын белсендіру.

  2. ЖОО-дары мен № 10 лицей мектебінің пән мұғалімдерімен бірлескен кәсіби

жұмысты жалғастыру.

  1. Әр пән мұғаліміне әр түрлі білім деңгейіндегі оқушылармен ҰБТ мен ОЖСБ-ға

дайындалу жеке-дара жұмыс жоспарын өндеу.

  1. Білім спасын жоғарлату мақсатында таңдаулы курстар жұмыстарының

тиімділігі мен оңтайлылығын арттыру жұмыстарын жетілдіру.

  1. Инновациялық бағыттағы жұмыстарды жалғастыру.

  2. Алдынғы жылдары ҰБТ мен ОЖСБ-дан өткен мұғалімдермен тәжірибе алмасу

жұмыстарын ұйымдастыру.

  1. Ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыруына бағытталған әдістемелік

бағдарламасын өндеу.

  1. Оқушылардың бос уақыттарын толық қамту жұмыстарына ата-аналардың

қатысуын белсенді ету.

  1. Сынып жетекшілердің тәрбие қызметін жетілдіру үшін жұмыстың

инновациялық формалары бойынша практикалық семинарларды өткізу.

  1. Қоршаған ортада өзін шығармашылық жағынан қайта құруды анықтап,

өзін-өзі дамытуға дайын тұлғаны қалыптастыру.

  1. Әрбір оқушының өзінің қажеттілігі мен мүмкіндігіне сай білім алу

құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

  1. Мектеп оқушылыраның тұрақты таным қызығушылықтарын

қалыптастыру.

  1. Әр оқушының өзіндік жұмысының жетістігін қамтамасыз ететін,

технологияларды меңгеру есебінен оқушылардың оқу сапасын арттыру.

  1. Оқушының тұлғасын әлеуметтендіру арқылы, оны жаңа экономикалық

жағдайға бейімдеу, өзін - өзі болашақ маман ретінде танып білуіне.

  1. Мектеп тұлғасының қалыптасуына мектептің тигізер әсерін күшейту.

  • Мектептің толық атауы, мекен-жайы, ұйымдастырушылық–құқықтық нысаны, құрылтайшысы.

  • Оқушылар туралы мәлімет. Жалпы саны, білім сатысы, жынысы, ұлты бойынша саны.

  • Білім сатысы мен мектеп бойынша орташа тығыздығы.

  • Білім сатысы мен мектеп бойынша сынып-комплектілері.

  • Педагогиклық кадрлардың білімі, біліктілігі, жынысы, жасы туралы мәліметтер. Бос қызметтік орын. Біріктірілген қызмет.

  • Оқу-материалдық негізі.

  • Ұзартылған күн тобы

  • Ауысымы.

  • Балаларды мектепке жеткізу.

  • Эксперименттік жұмыстардағы шығармашылық- зерттеу жұмыстарына қатысу.

  • Бәсекелестік қабілеті. Аймақтағы / шағын аудандағы/ мектептің беделі.

  • 1. Салауатты өмір салты мен денсаулық деңгейін талдау

  • Қорытындылар: Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен денсаулығын нығайту және сақтауға оң және теріс әсер етуші факторлар? Жаңа оқу жылын жоспарлаудағы қорлар.

  • 2. Тәрбие деңгейін талдау.

  • Қорытындылар: Оқушылардың тәрбие деңгейінің өзгерісінде қандай бетбұрыс бар? Оқушылардың тәрбиесіне қандай факторлар оң әсер етеді ? Жаңа оқу жылында жағымсыз әсер ететін қандай факторларды болдырмау керек ?

  • 3. Негізгі және қосымша білім деңгейін талдау:

  • Қорытындылары: Білім кеңістігінде қол жеткізген жетістіктер оқушыларды, ата –аналарды педагогикалық ұжымды қанағаттандыра ма ? Алға қойылған мақсатқа сай ма ?

  • Алдағы уақытта қандай мәселелерді шешу керек ?

  • 4 Мектеп түлектерінің әлеуметтендіру деңгейін талдау

  • Қорытындылар:Түлектерді әлеуметтендіру мәселелерін мектеп қандай жетістікпен шешуде?

  • Жаңа оқу жылын жоспарлауға арналған қорлар

  • 5. Міндетті негізгі жалпы білім берудің жүзеге асырылуы.

  • Қорытындылар: балалардың жалпы білім алуын сәтті жүзеге асыру үшін мектепке қандай мәселелерді шешу керек?

  • Жаңа оқу жылының қызметін жоспарлаудағы қорлар.

  • 6. Педагог кадрларымен жұмысты талдау.

  • Қорытындылар: Ұстаздардың еңбек шығармашылығына деген құлшынысын қандай факторлар ынталандырады? Педагогтардың тиімді , шығармашылық еңбектенуіне не кедергі келтіреді?

  • 7. Ата-аналар, қоғам, өнеркәсіптердегі еңбек ұжымдары, демушілермен жұмысты талдау.

  • Қорытындылар: Өзара бірлескен жұмыс нәтижесінде қандай оң өзгерістер өтті ? Осы жұмысты атқару барысында қандай қиындықтар кездеседі ? Қоршаған ортаның жақсаруына өзара бірлескен жұмыстардың қандай нәтижелі мүмкіншілктері бар?

  • 8. Мектеп қызметін қаржымен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін талдау.

  • Қорытындылар: білім үрдісінің жалпы материалдық-техникалық қамтамысыз етілуінің жалпы бағалану жағдайы ? Мектептің нормативтік жағынан қамтамасыз етілуі үшін қандай басты қадамдарға баруы керек.

  • 9. Мектепішілік басқарудың мектептің жұмыс нәтижесіне әсер етуін талдау.

  • Қорытындылар: Мектепішілік басқару жүйесі жоспарланған нәтижеге жеткізуді қамтамасыз етті ме?

  • Қандай шешілмеген мәселелер қалды?

  •  

  • Жаңа оқу жылына мектептің мақсаты мен міндеттері

  • Жаңа оқу жылына арналған мектептің мақсаты жұмыстары:

  • Мектеп Жарғысында, даму бағдарламасында, болашақтағы даму жоспарында белгіленген жұмыстардың болашақ (ұзақ мерзімді) мақсаттарынан;

  • Осы не басқа да мәселелерді шешу деңгейіндегі мектеп жұмысының жай-күйін талдау.

  • (мемлекет, қоғам, ата-аналар, оқушылар мен т.б.) әлеуметтік тапсырыс талаптары.

  • Ғылыми ұсыныстар.

  • Мектептің шынай мүмкіншілктері ( кадр мәселесі, материалдық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру және нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі және т.б.) Олар 2-3 –ден аспау керек. Бұл мақсаттарға жету үшін білім мекемелеріндегі барлық педагогикалық кадрлар соның ішінде педагогтар және білім үрдісін жетілдіріп отыратын әр түрлі қызмет орындары жұмыс істеу керек.

  • Мектеп жұмысы мақсаттарының шамамен алынған тұжырымдамасы:

  • -қоршаған ортада өзін шығармашылық жағынан қайта құруды анықтап,

  • өзін-өзі дамытуға дайын тұлғаны қалыптастыру;

  • - әрбір оқушының өзінің қажеттіліг мен мүмкіндігіне сай білім алу

  • құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

  • - мектеп оқушылыраның тұрақты таным қызығушылықтарын

  • қалыптастыру;

  • - әр оқушыны білім үрдісі жұмысына ұйымдастырушы және сабаққа

  • қатысушы есебінде енгізу;

  • - әр оқушының өзіндік жұмысының жетістігін қамтамасыз ететін,

  • технологияларды меңгеру есебінен оқушылардың оқу сапасын арттыру;

  • - оқушының тұлғасын әлеуметтендіру арқылы, оны жаңа экономикалық

  • жағдайға бейімдеу, өзін - өзі болашақ маман ретінде танып білуіне

  • мектептің тигізер әсерін күшейту;

  • Мектепте оқушылардың физикалық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасалады. Шәкірттер жыл сайын әр түрлі конкурс, олимпиада, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, грамота-дипломдармен марапатталады.