Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаз - 2017

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

Құрметті оқушылар!

"Күншуақты қала" лагеріне шақырамыз.

      2 маусым «Танысу» күні «Кел,танысайық!» атты ойын тренингі өткізілді. Топтар өз аттары мен ұрандарын жаттап,топ басшысын сайлады. Таза ауаға шығып, қызықты ойын түрлерін ойнатуға дене шынықтыру мұғалімдері өз үлесін қосты. Әр топтан 5 ұл, 5 қыз қатысты. Жарыс өте қызықты болды және «ЭКСПО – 2017» туралы  ақпарат берілді. Рәміздер күніне қарсы  «Біз бақытты ұланбыз» Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған кеш өткізілді.Мемлекеттік Әнұранмен ашылды.Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз екенін айқындайтын тақырыпта дайындалған. Рәміздеріміз жайлы түсініктемелер беріп, отан тақырыбында өлең, мақал-мәтелдерін нақышына келтіріп айтып отырды.Соңы әдемі ән кешіне айналып, балалар мәз-мейрам болды.

         

  

  

    5 маусым күні мектепішілік  сауықтыру лагерінде   дене шынықтыру мақсатымен «Бассейнге» бірнеше топтар барды. Ал қалған топтар «Экологиялық орталық»  мұражайына қатысып балалар өз көңілдерін көтерді. «ЭКСПО-2017» жоспарына сәйкес  шығармашылық шабыт шеруі өтті.

  

 

 

6 маусым «Салауатты өмір салты» күні.

Балалар Ж.Аймауытов  театрына шықты. Қалған топтар Естай атындағы мәдениет үйіне концертке барды. Ал ересек топтар Әскери даңқ мұражайына шықты.«Тазалық - саулық негізі, саулық-байлық негізі» деп бекер айтылмаған. Бұл шарамызға түстен кейін  5 топтың балалары қатысты. Әр топ өздеріне тақырыпқа сай ат қойды. 1-топ «Ертіс», 2-топ «Барыс», 3-топ «Қайрат», 4-топ «Оқжетпес», 5-топ «Айбын». Сайыс ІІІ кезеңнен тұрды. 1- сайыс «Таныстыру». Әр топ өзінің атын, ұранын, эмблемасын таныстырып шығады. 2- сайыс «Мақал-мәтелдерді жалғастыру». 3- сайыс «Қолтырауын». Әр топқа сөздер берілген, сөздерді оқып, дыбыссыз көрсету. Үзіліс кезінде музыка әуенімен жаттығулар жасалынды. 4-сайыс «Білігіңе сенбе, біліміңе сен» жұмбақ шешу. Іс-шара өте қызықты, тартымды өтті.

   

7 маусым күні  «Өз қалаңды тани біл» өлкетану күні болды. «Өз қалаңды тани біл» өлкетану күнінде топсеруенге шықты. Қала өміріне белсене араласқан, ерлігімен көзге түскен, мақтан тұтар адамдар жайлы ақпараттар жинады. Қаланың сәулетті орындарына барып, суретке түсіп, таза ауада серуен құрып қайтты. Түстен кейін балалар «Шаңырақ»  мәдени орталағы, «Ертіс Синема»  кинотеатрына, қалған топтар  «Экология орталыққа»  қатысты. ЭКСПО-2017 жоспарына сәйкес «ЭКСПО балалар көзімен» - суретшілер шеберханасы өтті.

             

                   

  

 

   8 маусым «Қауіпсіздік күні» таза ауада музыка әуенімен жаттығулар жасаумен басталды. Кіші топтар «Багаев» мұражайына барса, қалған балалар «Нептун» бассейніне барды. Суда шомылуда балалар алдына жан салмайды. Бассейн бәріне ұнады. Бассейнға бармаған балалар Потанин мұражайына барды.Түстен кейін әр топ өз топтар аттарына мағлұмат, фото суреттер жиналды. «Жолда жүру ережелеріне арналған» сайыс өтті. Бұл сайысқа 6-шы топ  жауапты болды.Күн көңілді өтті.

  

 

   9 маусым «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»  күні таңертеңгілік жаттығудан басталды. «Оқушылар сарайы» 3,4,7,8,9,10,11 топтар қатысты. Ал қалған топтар « Ертіс Синема»  кинотеатрына  шықты. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты шараға 7 топ жауапты болды.