Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Түлектерге кеңес

Талапкер - 2017

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, 
Әуре етеді ішіне қулық сақтап. 
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, 
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Абай

 

1. Апелляцияға өтініш беру

xТестілеу нәтижесі бойынша апелляцияға өтінішті берушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін береді және ол өтінішті апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

xАпелляцияға өтініш ұлттық біріңғай тестілеу өткізу пунктінде (ҰБТӨП) тестілеу тапсыру орны бойынша беріледі.

xӨтініш беруге қажетті құжаттар:

þжеке басын куәландыратын құжат:

þұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) кіруге рұқсаттама:

Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.

 

2. Апелляцияның түрлері:

x  Апелляция ҰБТ қорытындысы бойынша екі түрлі болуы мүмкін: тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептер бойынша.

x Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда  беріледі:

þтест тапсырмасы дұрыс  құрылмаған;

þдұрыс жауабы жоқ;

þбірнеше дұрыс жауабы бар.

 

xТехникалық себептер бойынша апелляциякелесі жағдайларда қарастырылады:

þдұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

þдұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

 

3. Апелляцияға өтініш беру үлгісі

xАпелляцияға өтініш арнайы үлгі бойынша беріледі:

1.    тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш;

2.    техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш:

xАпелляцияға берілетін өтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде ҰБТӨП-тен алуға болады.

 

 

           

                 4. Апелляцияны қарау тәртібі.

x  Апелляциялық комиссия бітірушілердің өтініштерін     тестілеу  нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14.00-ден бастап  қарайды.

x  Апелляциялық комиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

x  Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляциялық комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.

x Егер бітіруші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.

x Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

þ   Жергілікті жердегі апелляциялық  комиссия бекітілген нысанға сәйкес мәліметті толтырып Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

þ   республикалық апелляциялық комиссия апелляцияға берілген тест тапсырмаларын қарастырады және шешім қабылдайды, қабылданған шешімді ҰБТӨП-тегі жергілікті жердегі апелляциялық комиссияға жібереді.

þ    Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі соңғы    шешім болып саналады.

x   Жергілікті апелляциялық комиссияның шешімімен техникалық себептер бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

þ  апелляциялық комиссия қажетті мәліметті Ұлттық тестілеу орталығына (ҰТО)     жібереді.

þ  ҰТО барлық мәліметті қарап шешім қабылдайды, қабылданған шешімді ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді.

 

xСұрақ-кітапшасын тарату барысында оның мұқабасында тестілеу нұсқасы үш орынды санмен берілген, нұсқаның 4-ші саны жасырын болып табылады.

x  Тестілеу аяқталуға 15-20 минут қалғанда  ҰТО электрондық почтамен ҰБТӨП-ке кезекшілердің аудиторияларға хабарлауы үшін нұсқаның 4-ші санын анықтайтын қажет мәліметті жібереді.

x  Нұсқадағы 4-сан сұрақ-кітапшасының мұқабасында орналасқан матрицаның көмегі арқылы анықталады.

Мысалы:ҰТО-дан И7 белгісі келсе, онда нұсқаның төртінші саны 7 баған мен И тұрған жолдың қиылысында тұрған сан, яғни 3.

 

Бұл жерде мектеп бітірушілерге жауап парағында бояйтын  нұсқаның 4-ші саны – 3.

Есте сақтаңыз!!!

xЖауап парағы қара пастасы бар  қаламмен толтырылады.

xНәтижелерді өңдеу үшін арнайы қондырғыдан өтетіндіктен жауап парағын ластауға,бүктеуге және жыртуға болмайды

xЖауап парағын толтырған кезде корректор сұйығын қолдануға рұқсат етілмейді.

xТест тапсырмаларына берген жауаптарыңызды жауап парағына көшірмес бұрын  бұл сектордың Сіз жауап беріп отырған пәнге сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз.

xбір тапсырмаға 2 немесе одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды.

xЖауап парағы - тестілеу материалдарын өңдеу жүзеге асырылатын негізгі құжат, сондықтан оны қате және түзетулер жібермей,  мұқият толтырыңыз.


 

xЖауап парағының  қызметтік секторларын   дұрыс толтыру емтихан материалдарын өңдеуге кететін уақытты үнемдейді және көпшілік назары үшін ілінетін тестілеу нәтижелерінің уақытын тездетеді.

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША

ЖАДЫНАМА

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық тестілеу орталығы

1.      Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі емтихан материалдары туралы жалпы ақпарат

xҰлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)  кезінде  келесі емтихан материалдары  пайдаланылады:

þсұрақ кітапшасы – мектеп бітірушіге емтихан кезінде берілетін пәндер бойынша тест тапсырмалары жинақталған  арнайы емтихан құжаты;

þжауап парағы – мектеп бітіруші өз жауаптарын белгілейтін, нәтижелерді бағалау мақсатында сканерде оқуға арналған арнайы бланк;

þжауап парағының көшірмесі – мектеп бітіруші өз жауаптарын белгілеген, тестілеуден кейін балдарын өз бетінше санауға арналған арнайы бланк;

x  мектеп бітірушіге тестілеу кезінде ең алдымен  жауап парағы, жауап парағының көшірмесі, содан кейін сұрақ-кітапшасы беріледі.

Емтихан материалдарын аудитория кезекшісі аудиторияда береді, оны аудиториядан  алып шығуға тыйым салынады.

xТестілеу уақыты аяқталғаннан кейін  сұрақ-кітапшасы мен жауап парағы кезекшіге өткізіледі, жауап парағының көшірмесі мектеп бітірушінің өзінде қалады.

2. Жауап парағын толтыру

xЖауап парағы екі  бөліктен тұрады:

þжауап парағының қызметтік секторлары – тестіленуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.), тестіленушінің жеке коды (ТЖК), лек, аудитория, орын және нұсқа нөмірлері сияқты жеке мәліметтерді толтыруға арналған жауап парағының арнайы секторлары;

пәндер бойынша жауаптарға арналған секторлар –

пәндер бойынша тесттапсырмаларыныңдұрыс жауаптарын белгілеуге арналған жауап парағының арнайы секторлары;

Жауап парағының барлық секторлары, сонымен қатар  әрбір тест тапсырмасына жауап нұсқасы торкөздегі сандық белгілерге тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы толтырылады:

Жауап парағы таратылғаннан кейін қызметтік секторларлар келесі тәртіппен толтырылады:

1-сектордабітірушінің Т.А.Ә. жазылады;

2-сектордажоғарғы тор көздерге көлденеңінен бітірушінің  рұқсаттамасында көрсетілген талапкердің жеке коды  жазылады, әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады.

3 және 4-секторлардаемтихан тапсыру кезінде бітірушінің отыратын орны және оның сұрақ-кітапшасының нұсқасы боялады;

5-секторда  бітіруші ҰБТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі толтырылады. Сұрақ-кітапшасының мұқабасы толтырылғаннан кейін және емтихан басталғандығы хабарланғаннан кейін пәндер бойынша тест тапсырмаларына жауап бергендігіне байланысты пәндер бойынша секторлар толтырылады.

6, 7, 8, 9    секторлардаҚазақ тілі, Орыс тілі, Қазақстан тарихы, Математика пәндеріне сәйкес жауаптар боялады;

10-секторда таңдаупәні бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;

 

 

 

11-секторкешенді тестілеумен шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін қарастырылған.ҰБТ тапсыратын түлектер бұл секторды боямайды.

12 сектордажауап парағының нөмірі көрсетілген және боялмайды;

13 сектордабітіруші жауап парағында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растап қол қояды.

        3. Сұрақ-кітапшасының мұқабасын толтыру

Сұрақ кітапшасының мұқабасында бітіруші келесі мәліметтерді толтырады:  

Т.А.Ә.;

ТЖК;

Жауап парағының №

Лек;

Аудитория және  отырғызу орнының нөмірі;

Бесінші пәннің атауы  (таңдау бойынша пән).

  Сұрақ-кітапшасының мұқабасын толық толтырғаннан кейін бітіруші қолын қояды.

  Сұрақ- кітапшасымен жұмысты бастамас бұрын бітіруші кітапшаның беттерін түгендейді және типографиялық ақаудың болмауын тексереді. Егер ақау болған жағдайда  аудитория кезекшісіне хабарлайды.

4. Сұрақ-кітапшасы нұсқасының  4-санын анықтау тәртібі

 

 

11-сынып түлектеріне ақыл-кеңес

Құрметті түлектер!

Тестілеуді өз мектебіңде тапсырмасаң да, сені мейірімді педагогтер қарсы алатынына сен, егер қандай-да бір сұрақтар туындап жатса, олардан көмек сұрауыңа болады. Ал тестілеу алдында психологтен көмегіне жүгін. Психолог емтихан алдында қорқынышты, абыржуды азайтуға жәрдемдеседі, өзін-өзі бақылау дағдыларына, олардың өзіне, өз күшіне деген сенімділігін арттыруға, емтихан тапсыру кезінде өз эмоцияңды ұстауға үйретеді.

Түлектерге ақыл-кеңес:
Емтихан тапсыруға дайындық.


- Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен артық заттарды ал, керекті кітаптарды, дәптерлерді, қағаздарыңды, қалам саптарыңды ыңғайлап жина.
• Бөлмеге сары, ақшыл көк (фиолетовый) түстерді енгізуге болады. Ол түстер адамның интеллектуалды белсенділігін көтереді. Бұл түстерді қолдану үшін сол түстері бар қандай да бір сурет немесе эстампы пайдалануға болады.
• Сабақ жоспарын құр. Алдымен анықтап ал, жапалақсың ба, әлде бозторғайсың ба? Осыған байланысты таңғы немесе кешкі уақыттарыңды максималды түрде жұмса. Дайындықтың әр күніне жоспар құр, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек.
• Ең қиын, өзің нашар білетін тақырыбыңнан баста. Егер саған қиын болса өзіңе қызық және ұнайтын тақырыптан баста.
• Оқу мен демалысты ауыстырып отыр. Қырық минут сабақ оқы, он минут демал. Осы уақытта ыдыс жууға, су құюға, денеңді шынықтыруға, душ қабылдауға болады.
• Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігіңше қағазға жоспар құрып, сызба сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн.
• Әр пән бойынша әртүрлі жарияланған тестерді көбірек орында. Бұл жаттығулар сені тестердің құрылымымен таныстырады.
• Секундомермен уақытты белгілеп тестерді орындап жаттық (тапсырмадағы А мен Б бөлімдеріне екі минут керек).
• Емтиханға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет.
• Емтиханға дейін барлығын қайталауға, ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру керек.

                                           Емтихан қарсаңында:

• Теске 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал. Таза ауада достарыңмен, ата-анаңмен серуенде.
• Тест күні күндегіден ерте тұру керек.
- салқын сумен жуыну қажет.
- гимнастикалық жаттығулар жасау керек.
- дұрыстап тамақтану керек.
• Тамақтану үлгісі:
- аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды.
- жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.
• Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
• Емтихан, бұл - өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу.
• Емтихан тапсыратын жерге кешікпей, жарты сағат ерте баруың керек.
• Емтиханда 3,5 (үш жарым) сағат отыратыныңды ұмытпа, қажетті құралдарыңды алып кел.
• Ойыңды жинақта! Бланкті толтырғаннан кейін, өзіңе түсініксіз жағдайларды анықтағаннан соң, ойыңды жинақта және айналаңдағыларды ұмытуға тырыс.
• Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы, сағат және тесті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың тығыздығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеуі керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз.
• Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содан кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің. Есіңде сақта: мәтінде сен міндетті түрде орындай алатын сұрақтар табылады. Қиын сұрақтарға көп уақыт жетпей қалғаннан, керекті ұпай жинай алмасаң – ол ұят.
• Тапсырманы аяғына дейін оқы! Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Оңай сұрақтардан қате жіберу осы әдіске тікелей байланысты.
• Алдыңдағы тапсырманы ғана ойла! Жаңа тапсырманы көргенде өтіп кеткен қиыншылықтарды ұмыт. Тестегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан бір сұраққа қолданған білімің 2-ші сұраққа көмектеспейді. Психологиялық эффект саған мына кеңесті ұсынады - өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.

                                     Психологиялық кеңес.
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әрбір күн, әрбір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

                                    Түлектерге сәттілік тілейміз!