Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2016-2017 оқу жылында атқарған жұмысының талдауы

№ 2 ЖОББМ-ің  2016-2017 оқу жылында атқарған жұмысының талдауы

«№ 2 жалпы орта білім беру  мектебі» мемлекеттік мекемесінің  жалпы сипаттамасы

№ 2 жалпы орта білім беру мектебі1965 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектеп ғимараты 860 орындық. 2012 – 2013 оқу жылы мектептің жалпы білім беру жүйесінде күндізгі оқыту түрінде 15 бастауыш, 13 негізгі, 2 жоғары сыныптар болды. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Сабақ кестесі негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастылды.

Мектептің  педагогикалық ұжымы тілдерді қолдану мен  дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану  мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың талдауы жасалып, жылына екі рет қорытындысы директор жанындағы отырыстарда қаралады.

Мектеп қажетті оқу – педагогикалық әлуетке ие болып отыр, оқу – тәрбиелік үдерісті іске асыруға барлық қажетті оқу – материалдық базасы бар, оның барлығы облыстық білім беру басқармасының нормативтік құжаттарына сәйкес атқарылады. Білім беру мазмұнын жаңарту -  оқу жоспарының вариативтік бөлігі, жеке мектеп пәндері бойынша тереңдетіп оқыту, бейіндік оқыту арқылы іске асырылып жатыр. Мектепте мұғалімдердің педагогтік шеберліктерін жетілдіруге, оқу үрдісін өткізіп және қамтамасыз етуге барлық  жағдайлар жасалған, білім беру үрдісінің сапасын арттыруға қажетті резервтер бар. Мектеп қызметінің оқу – тәрбиелік үрдістің негізгі мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым өз қызметтерін нормативтік құжаттардың талаптарына сай жүргізіп, сонымен қатар мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Мектеп қазақ тілінде білім беретін мекеме болғандықтан оқу-тәрбие жұмысы мен іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жоғары ұйымдарға есептер мен мәліметтер қазақ тілінде тапсырылады. Статистикалық есептер, қаржылық құжаттамалар тиісті мекемелердің жұмыс істеу тілі - ресми тілде жүргізіледі. Мектеп қызметкерлерінің, басқа азаматтардың, ата-аналардың, оқушылардың т.б. өтініштері ана тілдерінде жазылып, жазылған тілде қабылданады.

            Барлық кәсіпорындармен және мекемелермен хат жазысу, қатынас қағаздары мектеп тарапынан ұдайы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сонымен бірге мектеп ішін безендіру, ақпараттық көрнекілік мәліметтер мемлекеттік тілде жазылады.

Кадрлық әлует сараптамасы

             Мектепте 55 мұғалім қызмет атқарады, 52 жоғары білімді, яғни, 94,5 %, 3 орта арнаулы білімді, бәрі мамандығы бойынша жұмыс істейді. 13 жоғары, 22 бірінші санатты қызметкер, бұл қызметкерлердің 63,6% құрайды.

  Педагогикалық кадрлардың аттестациясы Білім және ғылым министрлігінің «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау Ережелері» № 16 бұйрығына сәйкес өткізілді. Аттесттацияға дайындық барысында мұғалімдердің шығармашылық есептері әдістемелік бірлестік отырыстарында шыңдалады,

               Кадрлармен жұмыс жасау мәселесі әкімшіліктің бақылауында. Әкімшілік өз қызметі барысында кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста. Ұұжымдағы моралдік – психологиялық жағдай қанағаттанарлық.

Оқу-әдістемелік жұмыс

Биылғы оқу жылы мектеп келесі әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс жасады:

«Құзыретті  білім беруге көшудегі инновациялық технологиялардың рөлі». Осыған орай

мынадай міндеттерді анықтады:

1. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқытудың сапасын  арттыру.  

     2. Тұжырымдамалық негіздерін оқып-үйрене отырып, мектеп тәжірибесін  оқытудың   тиімді технологияларын сатылап ендіру.

     3. Жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені      зерттеп тарату.

4. Оқытудың сапасын байқау   үшін тестік тапсырмалар  жасау,  қорытынды емтиханға

даярлау.

5. Оқу-тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жүргізу

6. Дарынды және нашар оқитын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру. 

     7. ҰБТ-ға  өзін-өзі  танитын әр оқушының қабілетін  ояту, өзін-өзі басқаруға     жетелеу, жоғары  оқу  орындарымен  байланыс  жасау.

          2015-2016  оқу жылына арналған мектеп оқу-тәрбие проблемасы негізінде әдістемелік жұмыс жоспары жасалды.

Мектебіміздің әдістемелік жұмысы- жаңаша оқытудың жолдарын тауып және оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын жүзеге асыру мақсатында  жұмыстың үлгісі мен әдіс –тәсілдері  басшылыққа алынды.                                

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша  5, кезектен тыс 2  әдістемелік кеңес  және ӘБ отырыстары  болып өтті, онда қаралған мәселелер: Жаңа тенология негізінде оқу процесін жетілдіру, пән апталықтарын өткізу, мұғалімдерді аттестациялау жұмыстары, оқушыларды мектепішілік, қалалық пән олимпиадаларына дайындау,жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату,  білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары, оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе алмасу  жұмыстары,нормативті құжаттар мен педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге шолу, тағы сол сияқты мәселелер, қажетті  тақырыптарда әдістемелік баяндамалар тыңдалып, пікір алысулар жүргізілді.

         Қалалық  2  семинар өтті. Олар: 1.  «Орыс тілі сабағында АКТ-ны қолдану» - А.Б.Абуова; 2.  «Үшіншідеңгейлік курстың тарих сабағындағы тиімділігі.» - Қ.С.Ерғалиев, М.Т. Кажмағамбетова

       Павлодар облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру институтында жекелеген оқыту технологиясы бойынша математика мұғалімі С.Қ.Жүнісова семинар өткізді.

      Мұғалімдер өздерінің факультативтік курс бағдарламаларын, шығармашылық

тапсырмаларын, тест жинақтарын  басып шығарды. Ұстаздар арасындағы  «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар»  қалалық байқауына біздің мектептең 22 әдістемелік құрал қатысып,  1 орынға  -  Г.Қ. Досанова, Б.Қ. Қазтаева ие болды, ал А.А. Омарова 2 орынға ие болды.

            Мұғалімдер арасында өткен қалалық олимпиадаға  бірнеше мұғалім қатысып Ж. Зорький.- бастауыш мұғалімі, Т.Қ. Сульбаев - ағылшын тілі мұғалімі,    3-орынға ие болды. Ал физика мұғалімі облыстық олимпиадаға катысып 3 орынға ие болды. Бірақ  олимпиадаға қатысу сапасын бұдан да жоғарлату үшін бұл бағытта әлі көп жұмыс жасау керек.  «Замануи сабақ-2013» Интернет фестиваліне қатысып  Еркасова А.Ш - 3 орынға, ал Шажанканова Б.М – 1 орынға ие болды. 

 Биылғы оқу жылы бастауыш сынып мұғалімдері қалалық бастауыш кабинеттері байқау-конкурсына қатысып, № 21, № 24 кабинеттер «Үздік кабинет» атағына ие болды. Кабинет жетекшілері – Естаева А.У.,               Сәрсебаева Ж.О.

Біздің мұғалімдер облыстық және республикалық конференцияларға қатысып, тәжірибелері бойынша еңбектері конференция жинақтарына енді: Б.Ю. Сағындықова – облыстық «Б. Ахметов оқулары» мен республикалық «V Қапенов оқулары», М.Ш. Қазанғапова - республикалық «V Қапенов оқулары» , Омарова А.А «Нәтижеге бағытталган білім».

            Орыс тілі мұғалімдері Н.Б.Асылбекова, Ғ.Қ.Беғайдарова және А.Ж.Камалиденова  «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі –білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету шарты» Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінің жеңімпазы болды және  «Білім беру көшбасшысы - 2013»  сайысының «Болашаққа бағытталған қадам» аталымының жеңімпаздары. Асылбекова Н.Б  «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру:

Мектеп  мұғалімдері жыл сайын арнайы график бойынша қайта даярлау курстарынан өтеді. Осы оқу жылында келесі курстарға катысып, серификаттарға ие болды: директордың орынбасары- Кәрімова Г.Т., қазақ тілі – Рамазанова Е.Х., Жаменкенова Г.Ш., химия- Омарова А.А., математика - Жүнісова С.Қ., Наманаева А.Қ., психолог - Ахметжанова С.М., орыс тілі - Ашитова Г.А., Нуралина А.К., өзін-өзі тану -Токжигитова А.К., технология –Кожанов Н.Т., әлуметтік педагог - Мұхаметжанова А.С., АӘД - Сатыбалдин А.К., кітапханашы - Жұмалина А., электрондық оқыту - 46., жаңа форматтағы біліктіліктерін арттыру курстарына 5 мұғалім қатысты: Сейітова А.Қ., Арынжанова Ж.Д., Жапарова А.М., Б.М.Шажанканова, А.Б.Абуова.

     Биылғы    жылы     санатын көтерген    мұғалімдер: жоғары санатқа – 7 (беру: Ашитова Г.Т., Рахметова Ү.И., Жүнісова С.Қ., Бұшымбаева М.Х, Габбасов Е.Е., растау: Нұралина А.Қ., Макина Г.Т.,),   1 санатқа - 3 (беру: Наманаева А.Қ., Абуова А.Б.,Еркасова А.Ш.,  2 санатқа - 1 (Жигебаева Г.Е.)

Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқыту үдерісіне жаңа технология түрлерін енгізеді. Мұғалімдері жүйе пайдаланадын технологиялар:

 

АКТ

17

30%

1.Сульбаев Т.К

2.Абуова А.Б

3.Рамазанова Е.Х

4. Досанова Г.К

5.Намазбаева С.К

6.Жаменкенова Г.Ш

9.Табулова К.С

10.Мухтарова М.Н

11.Машимова А.Ш

12.Камалиденова А.Ж

14. Арынжанова Ж.Д

15.Наманаева А.К

16.Омарова А.А

 

Толық меңгеру технологиясы

1

2%

Казтаева Б.К

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту.

4

7%

1.Арынжанова Ж.Д

2.Еркасова А.Ш

3.Казангапова М.Ш

4.Жапарова А.М

ЖОӘТ

2

4%

1.Омарова А.А

2. Жунусова С.К

Сын тұрғысынан оқыту технологиясы

8

15%

1.Естаева А.У

2.Еркасова Ж

3.Сагындыкова Б.Ю

4.Намазбаева Р.Ж

5.Токжигитова А.К

6.Сеитова А.К

7.Калымова Ж.Ш

8.Рамазанова Е.Х

Құзыреттілікті дамыту тапсырмалар

3

5%

1.Бушымбаева М.Х

2.Сарсебаева Ж.О

3.Ашитова Г.А

Барлығы:

35

64%

 

Шығармашылық топтың жұмысы

 

 Жыл бойы мұғалімдер қалалық семинарларға, ашық сабақтарға, шығармашылық  топтарға  қатысты. Жүйелі түрде қалалық шығармашылық топтарда белсенді жұмыс жасаған келесі мұғалімдер: Арынжанова Ж.Д., Жапарова А.М., Қазанғапова М.Ш. - «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту»; Зорький Ж., Тоқжігітова А.М., Сағындықова Б.Ю. – «Сын тұрғысынан оқыту технологиясы», Бұшымбаева М.Х. – «Құзыреттілікті дамыту тапсырмаларын жобалау», Жүнісова С.Қ. – «Жекелендірілген оқыту әдіс технологиясы», Жүнісова С.Қ. – «Математика пәнінен тақырыптық бақылау жұмысын құрастыру», Б.Қ.Қазтаева.- «Толық менгеру технологиясы», Омарова А.А.- «Химия пәнінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар құрастыру», Ү..І. Рахметова мен Б.М. Шажанқанова АКТ бойынша, Рамазанова Е.Х., Қалымова Ж.Ш. «Қазақ тілінен 5-11 сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының өлшем бірліктерін құрастыру».

  Сонымен қатар мұғалімдер мектеп ішінде «Құзыреттілікті дамыту тапсырмаларын жобалау» және «Сын тұрғысынан оқыту технологиясы» бойынша жұмыс жасады. Осы оқу жылы Ж.Д. Арынжанова «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту», Омарова А.А., Жүнісова С.Қ «Жекелендірілген оқыту әдіс технологиясы», Б.Қ.Қазтаева «Толық меңгеру технологиясы»  тақырыптары бойынша мектептік шығармашылық топ жұмысын ұйымдастырып жүргізді. А.А.Омарова, Б.Қ.Қазтаева және С.Қ.Жүнісоваларда «Мектеп бапкері» сертификаты бар, ал С.Қ.Жүнісова «Қала бапкері» сертификатына  ие болды.

Жыл бойы әдістеме бірлестігінің отырыстарында мұғалімдер өздігінен білім алу тақырыптары бойынша есептерін берді.

 

2015-2016 жылға қойылатын мақсат-міндеттер:

1. Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру жұмысын көтеру

2. Оқытудың сапалы түрін жекелеген жұмыстар арқылы жоғарылату

3. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және ортаға салу

4. Оқу-тәрбие ісін жүйелі талдау әдістерін меңгеруін жетілдіру

5. АКТ-ны пайдалану арқылы бірегей ақпараттық кеңістік құру

6. Ұстаздардың білім сапасын арттыруына бағытталған әдістемелік бағдарламасын құру

7. Өз білімін жетілдіру үшін көмек ұйымдастыру

8.Мұғалімдердің өзіндік білім алуын ұйымдастыра отырып бақылау жүргізу.

Оқу-тәрбие жұмысы

Бала тәрбиесі - қоғам дамуының қандай сатысы болмасын мәнін жоймайтын, әрдайым ізденіс пен жауапкершілікті қажет ететін мәңгілік мәселе.

       Халқымыздың біртуар ұлы М. Ғабдуллин: «Тәрбие мәселесі- мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс» деп атап көрсеткеніндей, тәрбие – үздіксіз жүргізілетін әрі қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе.

Мектеп тәрбиеленушісіне тәрбие алуға мектептегі педагогикалық процесс, сыныптан тыс сабақтар, іс-шаралар, мектептен тыс қарым-қатынас, қоғам, орта ықпал етеді. 

Тәрбиеленушіге ықпал ететін адамдар

Биылғы оқу жылы тәрбие жұмысының тақырыбы «Жеке тұлғаның әлеуметтенуі арқылы бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу»тақырыбына ауыстырылған болатын. Тәрбие жұмысы мектептің білім алушыларының  өзіндік қалыптасуы мен тұлғалық бекуіне сай жағдайлар жасайды, азаматтық жетілуі мен мәдени өсуіне, шығармашылық тұрғыда қалыптасуына ықпал етеді. Себебі бала өмір сүру үрдісінде тек дене бітімі мен психикалық тұрғыда дамымайды, сонымен қоса әлеуметтік тұрғыда жетіледі. Оның барлық тұрғыда дамуы қоршаған социумы мен мектеп жасындағы әлеуметтік қарым – қатынаста ғана көрінбейді, сонымен қоса «үлкен өмірге аяқ басқандағы» жалпы қоғаммен қарым-қатынасынан байқалады. Осы қарым – қатынастың сапасы – тәрбие жүйесінің нәтижесі.

Тәрбие жүйесінің мақсаты:

Мектепте  жоғары рухани қасиеттер мен шығармашылық белсенді азамат, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Берілген мақсат бірқатар міндеттердің шешілуін қажет етеді:

1.                         Оқушылардың өмірлік ұстанымын қалыптастыруына, адами өмірінің әлеуметтік құрылымына  «құндылық» ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.

2.                         Оқушылардың өздері өмір сүретін қоғамның мәдени құндылықтарын игеруіне,  өзін  тану әдістерін меңгеруіне ықпал ету.

3.                         Оқушы бойында өзінің  денсаулығын сақтауға және адамгершілік дамуына деген саналы көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау.

4.                         Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруға таңдау жасауға мүмкіндік туғызу.

5.                         Мәдени өмірдің нормаларына деген құнды көзқарас қалыптастыруға ықпал ету.

 Тәрбие жүйесі жүйелі жүргізілген уақытта әлеуметтік белсенді тұлға болып қалыптасқан мектеп бітірушінің тұлғалық моделі:

 
   

Қазіргі таңда әрбір педагог алдында тұрған мақсат өз елін сүйіп, тарихын білетін, тарихи құндылықтарды бағалай алатын, Отанды қорғау азаматтық борышым деп ұғынатын тұлға қалыптастыру. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізіндегі тәрбие жұмысын жүргізудің 12 бағытын негіздей отырып, жыл көлемінде оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, рухани жан сұлулығына тәрбиелейді. Осы мақсатты іске асыру жолында әр бағыт бойынша сынып сағаттары, мектептен тыс шаралар өткізілді.

Мектепте барлығы 720 оқушы оқыды, 30 сынып-комплект.

2016-2017 оқу жылына ұсыныстар:

–       Оқушылардың бос уақыттарын көбірек қамту үшін ата-аналар жиналыстарына үйірме, секция, мектептен тыс ұйымдардың жетекшілерін шақырып, үгіт жұмыстарын жүргізу:

–       Сынып жетекшілердің тәрбие қызметін жетілдіру үшін жұмыстың инновациялық формалары бойынша практикалық семинарлар өткізу:

–       Балалардың әртүрлі жұмыстармен көбірек қамтылуы мақсатында оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын белсендендіру.

 

ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫМДАР

 

2014 – 2015 оқу жылының жұмысын қорытындылай отырып, 2014 – 2015 оқу жылына келесі ұсыныс жасалады:

1.     ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық бойынша ӘБ жұмыстарын жүйелеу.

2.     Оқушылардың білім сапасын және ҰБТ мен ОЖСБ-ға  дайындық деңгейін

арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау.

3.     № 10 лицей мектебінің пән мұғалімдерімен бірлескен кәсіби жұмыс

ұйымдастыру.

4.     Әр пән мұғаліміне әртүрлі білім деңгейіндегі оқушылармен ҰБТ мен ОЖСБ-ға

дайындалу жеке-дара жұмыс жоспарын өндеу.

5.     2015 – 2016 оқу жылына 10 сынып оқушыларын іріктеу бойынша сапалы жұмыс

жүргізу.

6.     Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үрдісінде психологиялық

қызмет көрсету және консультация беру бағдарламасын жетілдіру.

7.     Білім сапасын жоғарлату мақсатында таңдаулы курстар жұмыстарының тиімділігі

мен оңтайлылығын арттыру.

8.     Ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыруына бағытталған әдістемелік

бағдарламасын өндеу.

9.     Дарынды балалармен жұмыс жасау бағдарламасын құрастыру.

10.  Жеке пәндерді тереңдетіп оқыту мен гимназиялық сыныптар жұмыстарын

жетілдіру.

11.  Инновациялық бағыттағы жұмыстарды жалғастыру.

12.   АКТ-ны пайдалану арқылы бірегей ақпараттық кеңістік құру.

13.  Оқушылардың бос уақыттарын толық қамту жұмыстарына ата-аналардың

қатысуын белсенді ету.

14.   Сынып жетекшілердің тәрбие қызметін жетілдіру үшін жұмыстың инновациялық

формалары бойынша практикалық семинарлар өткізу.

15.  Оқушылардың өзін-өзі басқару ұжымының жұмысын белсендендіру.