Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің мектеп


 

Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы жалпы орта мектебі (қысқаша атауы: №4 ЖОМ) құрылды және өз жұмысын ҚР "Білім туралы" заңнамасы, жалпы білім мекемелері туралы Типтік жағдайы негізінде іске асырады.

Мектептің ұйымдастырылған  - құқықтық формасы - Мемлекеттік жалпы білім беру мекемесі.

Мектептің мекен - жайы: 140000, Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58

Электронды поштасы: 4school_pav@mail.ru

Мектептің құрылған жылы: 1972 жыл

Камал Макпалеев есімінің берілген жылы: 1999 жылы 22 қыркүйек

К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта мектеп заңды тұлға болып табылады.

ҚР "Білім туралы" заңына сәйкес мемлекеттік аттестаудан өтеді, ҚР заңы қойылған ретте білімнің сапалығына және оның мемлекеттік стандартқа сәйкес болуына, формалардың адекваттылығына, оқушылардың қызығушылықтарына, қабілеттеріне, пейілдеріне, психофизиологиялықялық ерекшеліктеріне, өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарына оқыту үрдісін ұйымдастырудың құралдары мен әдістеріне жауапкершілікті алып жүреді.

Мектеп бастауыш жалпы, негізгі жалпы, орта жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және Қазақстан азаматтарына мемлекеттік стандарт аумағында мемлекет кепілдік берген тегін жалпы білім алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндігін береді.  

Мектептің қызметі демократия және гуманизм қағидалары, тәрбиенің зайырлы сипаты мен тұлғаның еркін дамуы, азаматшылық, адамның өмірі мен деңсаулығы, барлығына қолайлы жалпы адамдық құндылықтар негізінде құрылады.

Мектеп қызметінің негізі: заманауи білім беру технологияларын жүзеге асыру, жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыру үшін сапалы дайындау. Мектепте білім беру мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

1-сыныпқа оқушыларды қабылдау баланың мектепте оқуға дайын екендігін көрсететін психолого - дәрігерлік - педагогикалық комиссия (кеңес) қорытындысы негізінде іске асырылады.

10 сыныпқа қабылдау ата-анасының өтініші немесе баланың оқу профилін негізінде жүзеге асырылады.

Мектеп түлектеріне қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін мемлекеттік үлгідегі құжаттар беріледі.