Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері


 

         

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

(988-2007 ҚРСТ сәйкес суреті)

             Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Туының ені мен ұзындығының ара қатынасы-1:2

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

            Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді.

            Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

 (989-2008 ҚР СТ сәйкес суреті)

             Қазақстан Республкасының мемлекеттік Елтаңбасы-дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғары күмбезі тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.Жоғарғы бөлігінде-бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу-алтын түстес.

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізінде шаңырақ алынған.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардыңрухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың араманы, самғау биігі.

            Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер жұлдызы өз болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек.

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.