Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да/нет/незнаю - 20
Всего проголосовало: 20
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңалықтар

1 маусым күні мектеп ауласында жазғы «Достық» лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көңілді мереке жарқын музыкалық нөмірлермен, би, ойын және флешмобпен есте қалды. Мерекеге қалалық мәслихат депутаты Гульнар Шамаровна Кайдарова қатысып, балаларға көңілді жазғы демалыс тіледі. Мектеп директоры Х.В.Бекбосынова да балаларды мерекемен құттықтады.  

2017 жылдың 2 маусымында Павлодар қаласындағы Гагарин атындағы саябақта оқушылардың жазғы уақытын тиімді өткізу барысында №7 ЖОББББММ оқушылардың қатысуымен «Спорттық демалыс» атты қалалық жобадағы спорттық сайыс өткізілді. Бұл спорттық іс шараға оқушылар өте қызығушылықпен қатысты. «Жас құтқарушылар» тобы бұл жобаға белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

2 маусым күні «Күншуақ» тобы А.П.Чехов атындағы театрға барып келді. Театрға бару балаларға әсерлі әрі қызықты болды. Спектальды жоғары қызығушылықпен қарап, сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты. «Ханшайым мен ханзада» спекталі балаларға өте ұнады. Театрадан алған әсерлері мол болды. 

 03.06.17 жылы "Жас инспекторлар" тобы  қаламыздағы Ш.Айманов атындағы кинотеатрына «Трое в перьях» атты мультфильмін тамашалады. Мульфильм өте қызықты өтіп, балалар жақсы көңіл күймен қайтты.

Бүгін 05.06.2017ж «Достық» лагерінің оқушылары «Шафер музей үйі» -не экскурсиямен барды. Қызметкерлер балаларды өте жылы қабылдады. Музей қызметкері балаларға граммафонның, патифонның,күйтабақтың шығу тарихын,олардың айырмашылығын,қандай заттардан жасалғанын және кімдер ойлап тапқаны жайлы мағлұмат берді.Сонымен қатар теледидардан Пушкиннің «Алтын әтеш» ертегісін тамашалап, талдап берді. Экскурсия балаларға ұмытылмастай әсер қалдырды.

5 маусым «Күншуақ» тобының күні өте жемісті әрі сәтті өтті. №17 қалалық кітапханасына «Арманнан туған рәміздер» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған викторина сайысына қатысып қайтты. Балалар викториналық сұрақтарға белсенді жауап беріп, тәтті сыйлықтар алып, қуанып қайтты. 

07.06.2017ж «Достық» лагері «Балдырған» тобының оқушылары «Потанин» музейіне экскурсиямен барды. Қызметкерлер балаларды өте жылы қабылдады. Музей қызметкері балаларға музейдегі экспонаттардың тарихы жайлы мағлұмат берді. Экскурсия балаларға ұмытылмастай әсер қалдырды.

Мектебімізде ән сабағынан «Балдәурен» тобы «Көңілді әуен » сайысына қатысты. Сайыс өте қызықты болды. Әр елдің билерін билеп, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар белсене қатысты.

8-маусым күні мектеп жанындағы достық лагерьіндегі «Балдаурен»тобы Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Ертегілер еліне саяхат» атты қойылымды тамашалады.Қойылымнан алған әсеріміз керемет.Қойылым шытырмен оқиғаға толы болды .Алғысымыз шексіз.

8 маусым күні мектебімізде үлкен бір іс-шара сән үлгісі байқауы болып өтті.Топтар әр түрлі заттардан,пакеттерден,газеттерден,мешоктардан киімдер жасап,өз үлгілерін ұсынды.Үздік жасалған жұмыстар мадақтамамен марапатталды.Топтар белсене қатысты. «Балдаурен» тобы 3 орынды иеленді.

Қалалық саябақта «Жас дарын» балалардың бос уақытын қамту орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Ерке ханшайым» жобасы аясында «Ертіс әншісі» сайысы өтті. №7 ЖОББББММ Ұзақбай Еркебұлан, Бопышева Аружан, Джардамхан Арайлым, Мантай Сәнсұлу, Жұмабай Әзілхан 5 адамнан құралған «Жас толқын» тобы қатысып, ең шығармашыл белсенді топ ретінде грамотамен марапатталды.

Бүгін 12.06.2017жылы Қалалық саябақта «Жас дарын» балалардың бос уақытын қамту орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Супер ұлдар» жобасы аясында «Қаланы таң қалдыр» шулы аспаптар оркестры сайысы өтті. №7 ЖОББББММ 5 адамнан құралған «Болашақ» тобы қатысып, ең шығармашыл белсенді топ ретінде мадақтамамен марапатталды.