Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналар жадынамасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

АТА-АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық тестілеу орталығы

1. 2014 жылғы қорытынды аттестаттау

·        Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:

-         ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ);

-         жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.

·        ҰБТ-ға:

-         орта білімнен кейін және жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер;

-         жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;

-          «Алтын белгі» белгісін алуға үміткерлер;

-         үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері;

-         өзбек, тәжік, ұйғыр тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары (мемлекеттік немесе орыс тілінде – ерікті түрде) қатысады.

·        Дәстүрлі түрдеқорытынды аттестаттаудан:

-          ағымдағы жылы республиканың жоғары оқу орындарына (жоо) оқуға түспейтіндер үшін;

-         жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған бітірушілер білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.

 

2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

·        ҰБТ бес пәнбойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.

·        ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

·        Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті, олар одан кейін қосымша шығармашылық емтихан тапсырады.

·        ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

·        Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.

·        ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.

3. Тестілеуге өтініш беру

·        ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 10 наурыздан 25 сәуірге дейін бере алады.

·        Өтініш өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.

·        Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

-         жеке басын куәландыратын құжат;

-         2 фотосурет (3х4 өлшемді).

·        Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:

-         мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;

-         тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.

·        Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып, өздігінен өтініш беруге болады.

 

4. Емтихан  мерзімі мен ұзақтығы

·        Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.  

·        ҰБТ-ның басталу уақыты  – сағат 09.00.

·        ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.

 

5.  Тестілеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

·        Тестілеу кезінде ереже бұзушылықтардың алдын алу және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде металіздегіштер қолданылады.

·        Тестілеу кезінде ұялы байланыс  желісін сөндіру құралдары мен видеобақылау қондырғылары қолданылады.

·        Тестілеу басталардан бұрын ҰБТ өткізілетін ғимаратты жарылғыш затқа тексеру  жүргізіледі (міндетті түрде акт толтыру арқылы)

 

6.Апелляция

·        Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір тәулік мерзімінде қарайды.

·        Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.

·        Апелляция тест тапсырмаларының мазмұныбойынша мынадай жағдайларда беріледі:

-         тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;

-         дұрыс жауабы жоқ;

-         бірнеше дұрыс жауабы бар.

·        Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

-         дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

-         дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

·        Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.

 

7. Сертификат

·        ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі:

-         ҰБТ нәтижесі туралы сертификат;

-         жалпы орта білім туралы аттестат.

·        Сертификаттыңжарамдылық мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынадейін.

·        Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады. Ламинатталған сертификаттар ауыстырылады.

 

8.Білім беру гранты

·        Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.                        

·         Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан төмен жинамау керек («Жалпы медицина» мамандығы үшін 55 балдан төмен емес), ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 балдан төмен жинамау керек («Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары» және «Ветеринария» топтарының мамандықтары үшін 60 балдан төмен емес), соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.

·        Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.

·        Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында, болашақта оқуын жалғастыруды жоспарлаған ЖОО-да тапсырады.

·        Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.  

·        Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.

·        2013 жылы күндізгі оқу түріне бір орынға ең үлкен конкурс келесі мамандықтарда болды:

қазақ бөлімі:

1.    5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» (жалпы конкурс)- 174,44 адам;

2.    5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» (жалпы конкурс)- 168,48 адам.

3.    5В110100 - «Мейірбике ісі» (жалпы конкурс) – 133,59 адам;

орыс бөлімі:

1. 5В020700 - «Аударма ісі» - 250,25 адам;

2. 5В110400  - «Медициналық-профлактикалық іс» («Астана» медициналық университеті) – 97,45 адам;

3. 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Астана» медициналық университеті) – 90,17 адам;

Күндізгі оқу түріне бір орынға ең төмен конкурс келесі мамандықтарда:

қазақ бөлімі:

1. 5В011924 «Шетел филологиясы: екі шет тілі (француз тілі)» - 0,1 адам;

2. 5В021022 «Шетел филологиясы: француз тілі»  - 1 адам;

3. 5В021012 «Шет тілі: екі шет тілі (неміс тілі)» - 1,14 адам.

Орыс бөлімі:

1.    5В021020 «Шетел филологиясы: ұйғыр тілі» - 0 адам;

2. 5В072200 «Полиграфия» - 1,07 адам;

3. 5В051500 «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» - 1,1 адам;

4. 5В021100 «Теология» - 1,13 адам.

·        Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

·        Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні дәл уақытындаөзімен біргекелесі құжаттарды алып  келу керек:

-         ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;

-         жеке басын куәландыратын құжат;

-         қара сиялы қалам;

-         ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:

-         сөйлесуге;

-         орнынан тұруға ;

-          орын ауыстыруға;

-         кез-келген материалдар және заттармен алмасуды жүзеге асыруға;

-         аудиторияға калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы байланыс телефон, планшетник, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалка және анықтамалық құжаттарды (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқаларын) алып кіруге және қолдануға;

·        Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады және оның тест нәтижелері жойылады.

·        Тестілеуге берілген уақыт аяқталған соң (3,5 сағат)  емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан мектеп бітірушінің жұмысы өңделмейді.