Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналар үшін кеңестер

Логопед кеңестері

Логопедпен жұмыс

Логопедпен жүйелі түрде жұмыс істеген дұрыс.Егер сіз логпедпен жұмысты бастап сосын белгілі бір себептермен оқуынызды аяқтамай тоқтатсаңыз, онда балада немесе ересек адамда қалыптасқан білім мен дағды жойылуы мүмкін.Сіз оларды қалпына келтіру үшін қайтадан сол жұмыстарды қайталап орындайсыз.

Сөйлеу қызметін уақытында және дұрыс дамыту мен баланың психофизикалық денсаулығы көптеген факторларға тәуелді. Көптеген жағдайда сөйлеу қызметінің бұзылу себебі әлеуметтік жағдай болады, ол баланың сөйлеу қызметінің паталогиялық қалыптасуына әсер  етеді. Бұл не деген жағдай? Ересек адамдардың баламен қарым-қатынас жасамауы, оның дамуы туралы заңдарды білмеуі және баланың жас ерекшелігіне сай онымен қуанып ойын ойнамауы.

Ал баланың жақсы дамуы үшін не қажет, және оның психомоторлық және сөйлеу қызметінің дамуы қалыптасуы үшін.Ең алдымен, бала тумай жатып анасы онымен достастық әрі жақсы қалыпта қарым-қатынас жасауы керек. Қазір басқа заман деп көбісі айтады.Бірақ баланың даму заңдары өзгермеді, өзгермейді де.Бала педагогтары, психологтары, психоневрологтардың көбісі ананың жүктілігі кезіндегі жағдайы  баланың денсаулығына физикалық жағынан ғана емес, сонымен  бірге психоэмоционалды қалпына да әсер етеді.Мысалы, А.А. Захаровтың мәліметі бойынша ананың жүктілігі кезіндегі уайымы   (некедегі келеңсіз жағдайлар, көп шаршауы  және т.б.) баланың жүйке жүйесіне зиянын келтіруі мүмкін. Бұл соматика бұзылуы, вегетативті дистония, зат алмасуының бұзылуы, аллергияға жақын болуы. Оның белгілері: мектепке дейінгі ұйымға бейімделу тежеледі, құсу пайда болады, бас аурулары; ата-аналармен ұйықтау талабы, ұйқысы тынышсыз болады; психомоторлы бұзылу. Жүйке жүйесінің бұзылуы баланың алғашқы өмір сүру жылында білінеді – бұл құсудың көбеюі, дене ыстығының тұрақтамауы, қатты жылауы.

Егер денсаулықты нығайту шаралары сақталса, онда жүйке жүйесінің бұзылуы төмендейді.

Бірақ бұл шараларды орындау сақталмаса, онда жүйке жүйесінің бұзылуы баланың жалпы белсеңділігінің төмендеуіне базалық конмпонент ретінде әсер етеді, оның психикалық және физикалық даму қалпы тежеледі, бейімделу үшін қиындықтар пайда болады. Нәтижесінде өмірге деген қызығушылығы төмендеп, депрессия қалпына ұшырайды. Баланың жатырда дамуы өте маңызды, сонымен бірге баланың алғашқы өмір сүру жылында дамуы да маңызды.

Бала кішкентай кезінен бастап ана бетіне қараған кезде, оның сүйкімді күлкісі мен мейірімді сөздерін аңсайды. Есіңізде ме, әжеміз уақытын аямай біз үшін әдемі әуенді ертегілер тербете айтатын. Бұл еркелік пе, баланың психикалық, жалпы және ұсақ моториканың дамуына бағытталған істері ме.

Баланың алғашқы жылындағы бала мен ана арасындағы әлеуметтік-эмоционалды қарым-қатынасы баланың білімінің дамуына ғана емес, мектепке дейінгі жасындағы диагностикалық критерийіне де әсерін тигізеді.

Баланың кішкендай кезін зерттеу нәтижелерінің көбісі, әсіресе дефектологтар оның ішінде Е.М.Мастюкованың зерттеуі бойынша әлеуметтік-эмоционалды даму білім дамуымен байланысты. Әлеуметтік-эмоционалды қарым-қатынаста 3 кезең белгіленеді:

Бірінші кезеңде  (5 айға дейін) бала адам бетін нашар ажыратады, дегенмен ересек адаммен дене және сөйлеу қатынасын жасауға қуанышты болады.

Екінші кезеңде ( 5-тен 6-ға дейін) спецификалық жақындасу қалыптасады. Солай бала оған ең көп қамкорлық жасаған адамға жақын болады, мысалы ана. Ол оны көргенде қуанады.Бірақ басқа (бөтен) ересек адам жақындаған кезде қорқынышын, қарсылығын көрсетеді.

Үшінші кезеңде тағы да 2-3 адамға жақындасу дамиды, мысалы, әке, әже, ата.

Барлық балалар бұл кезеңдерден бірдей өтпейді. Дегенмен, бұл кезең бұзылса, онда келесі кезеңде ана мен бала арасындағы қатынас ауырлайды, таным-зерттеу қалпы қалыптаспайды, әлеуметтік қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін.

Бұл кезеңде баламен дұрыс қарым-қатынас жасау, оған қажетті ойыншықтарды беріп онымен бірге қуанған маңызды. Есіңізде сақтаңыз, саусақ ойындары мен  «Ладушки-ладушки…», оларды ойнау өте қызық.. Ал ең бастысы олар қарапайым. Баланың қолы мен сіздің аялы қолыңыз бен жылы сөздеріңіз ғана керек.

Егер балада 1-ден 2-ге дейін пәндік-ойындық қызметі қалыптаспаса, 2-ден 3-ке дейін Сіз балаңызға аз көңіл бөлсеңіз, онда баланың сөйлеу қызметі ғана емес, және барлық психикалық процесстер (жады, зейін, ойлау, қабылдау), моторика және оған қажетті қызметтер де бұзылады.Сондықтан баланың мектепке дайындалуы мен әлеуметтік бейімделуі нашар болады және тәртібі бұзылады.

Баланың кішкентай кезінен қалай қарым-қатынас жасау керек екенін, қандай ойыншық , қалай ойнау керек екенін барлық ата-аналар біле бермейді.

Сіз балаға ЛЕГО конструкторын немесе басқа конструкторды сатып алдыңыз. Ах, олар қандай әдемі! Бірақ онымен ойын-ертегі өткізуге болады.Бөлшектердің түсін тануға, тамаша үй-ғимараттарды салып, оның кішкентай-үлкен екенін танып, оған тұрғындарды көшіру.Көңілді жуынуға үйрену. Қалай?!Мысалы, конструктормен ваннада ойнау.Бұл туралы тақпақ  «ЛЕГО-мен біз мықты боламыз».

Кәсіпшіл ағаш ойыншықтар моториканың, демалу функциясының, эмоциналдықтың, сөйлеу қызметінің дамуына бағытталған. Біздің аталарымыз бұндай ойыншықтарды балаға қуаныш сыйлау үшін және сол ойыншықтар даму функциясын орындау үшін жасады.

Ал А,У,И,О дыбыстарының әуенін орындауға және ертегі ойнауға болатын баланың анасымен бірге өз қолынан жасаған ойыншығы оған қандай қуаныш сыйлайды.