Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әріптестік әлеуметтік жоба

 

Әріптестік әлеуметтік жоба

"Ойнау арқылы дамимыз"

Жобаның басты орындаушысы мен өтініш берушісі:

2012 жылы құрылған және мемлекеттік тіркелуден өткен «Біздің үй» мүгедектер қоғамдық бірлестігі.

Бірлестіктің мақсаты:

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, сонымен қатар олардың отбасыларының тұтынушылық, мүліктік, еңбек және құқықтық қызығушылықтарын қолдау мен қорғау. Олардың қоғамда белсеңдірілуі, оңалтылуы және толық бейімделуі.   

Жобаның басты әріптестері мен қызығушылық танытқан жақтары:

"Павлодар қ. № 15 ЖОМ" ММ, "Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдау мен қорғау Павлодар қайырымдылық қоры – тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы" ҚҚ, "Самал" оңалту орталығы, "Павлодар қ. №3 спорттық мектебі" ММ.

Жобаның мақсаты:

№ 15 ЖОМ оқушыларын сабақтан тыс уақытта жүйеленген интеллектуалды спорттық сабақтарға еліктіру және мемлекеттік бюджет қаражаты арқылы мектеп бағдарламасына дойбы, шахмат және тоғыз құмалақ сабақтарын, ал дене шынықтыру сабақтарына үстелдік теннис пен бассейн, сонымен қатар  психолог-равбилитологпен және спорт бойынша нұсқаушы-әдіскермен қосымша сабақтар қосуылуын жоспарлайды.  

Жоба тапсырмалары:

  • мектептің материалдық-техникалық қорын жақсарту мен оқушыларды спорттық жабдықтармен және мектептен тыс орындарға - Шахмат үйі мен Павлодар қ. жүзу  бассейндеріне еркін рұқсаты болуын қамтамасыз ету;
  • мектепте мәдени-спорттық клубты құру;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аз қамтылған отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларын оқу мен қосымша сауықтыру сабақтарға тасымалдауды жергілікті мемлекеттік бюджет қаражатынан қамтамасыз етуге қол жеткізу;
  • 20 сыныпта дойбыдан команда құру, сонымен қатар жоба бойынша үстелдік тенниссімен және басқа да ойындармен шұғылданатын балалардың санын 200-ге дейін жеткізу;
  • 6 мектепішілік командалық және жеке спорттық сайыстарды, сонымен қатар үздік оқушыларға ресми түрде спорттық дәреже берумен ««Самал» оңалту орталығы» және «Біздің үй» мүгедектер қоғамдық орталы командаларымен 2 достастық кездесу өткізу;
  • Мектеп оқушыларымен, қызметкерлерімен және олардың туысқандарымен үш ұжымдық психологиялық тренинг пен жеке жүйеленген сабақтардың жүргізілуі;
  • Даму ойындарының жүйеленген сабақтары мен спорт түрлері, сонымен қатар психологиялық тренингтер мен психолог-реабилитологтың жеке сабақтары арқылы кемінде 10% оқушылардың үлгерімін, тәртібі мен денсаулығын жақсартып, оқушылардың, қызметкерлердің және олардың туысқандарының арасындағы өзара байланысынкүшейту;
  • мектептің қоғамдық дәрежесін, оқу мен сабақтың беделін көтеру.