Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа қазақстандық патриоттылық

Жаңа қазақстандық патриоттылық - біздің көпұлтты және көпкомфессиональды мемлекетіміздің табыс негізі.

 

Қоғамдық келісімнің күшейтілуі және сақталуы мемлекеттің және қоғамның өмір сүруінің бөлінбейтін шарты.

1.Жаңа қазақстандық патриоттылық азаматтар өз мемлекетіне, келешегінің мүмкіншілігіне, жеке және мамандығының өсуіне сенген жағдайда ғана мүмкін болады.

Қазіргі заманда мемлекеттік сапа, қауіпсіздік кепілдігі, азаматтардың келешегі мен әртүрлі мүмкіндіктері маңызды. 2050 жылға таман Қазақстанның әрбір азаматы ертеңгі күнге, болашаққа сенімді болатындай саяси жүйені құру керек.

 

2. Барлық ұлыс азаматтарының тең құқылығы. Біз - көпұлтты қоғамбыз, ұлтаралық қатынастарда бірыңғай стандарт болу керек, егер ұлыс бойынша біреуді кемсіту болса, онда барлық қазақстандықтарды кемсіту деп саналады. Еңбек саясатында бір ғана критерий болу керек, ол жоғары әдеп және кәсіпқойлық.

 

3. Жауапты тілдер саясаты көшбасшы фактор болып табылады. Халықтың тапсырмасы - қазақ тілін дамыту және белсеңді пайдалану. 2025 жылдан бастап латынға көшу қажет, тұрғындардың 95 пайызы тілді игеретіндей қазақ тілінің модернизациясын жасау керек. Сонымен қатар, үш тілділікке көшу азаматтардың өміріндегі шексіз мүмкіндіктерін ашу үшін мемлекеттік деңгейде мадақталуы қажет.

4. Дәстүрлер мен мәдениет - бұл ұлттың генетикалық кілті. Біз мәдениетіміздің көптүрлілігі мен жоғарылығын сақтауымыз керек.

 

5. Мемлекетіміздің басты ролі болып ұлттық интеллигенция саналу керек. Ол:

- ұлттық құндылықтарды нығайтудың басты күші;

- мемлекет болашағын ментальды жоспарлауда кілттік ролін ойнауы керек;

- ұлттың тарихи санасын қалыптастыруды жалғастыру.

 

6. Бүгінгі таңда басты мәселелердің бірі болып біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни ағымдар болып отыр. Біз дәстүрге және мемлекеттің мәдени нормаларына сай діни санамызды қалыптастыруымыз керек. Сонымен қатар, мемлекет діни қауымның ішкі істеріне араласпауы қажет.Біз ар-намысымыздың бостандық принциптерін, толеранттылық дәстүрлерін және сенім шыдамдылығын ұстануымыз қажет.