Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Казахский язык

Қазақ тілін үйренеміз

МАҚСАТЫ «Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру; Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіру; Өзге ұлт өкілдерінің қазақша сауаттарын ашу; Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде жаза білуге үйрету; Мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға және қазақ тілінде сөйлеуге машықтандыру;   МІНДЕТТЕРІ: Мемлекеттік тілдің қажеттілігін түсіну; Қазақ тілінде сауаттарын ашу; Қазақ тілінің әр бөлімі бойынша тақырыптар өту; Сынақ тапсырмаларын орындау; 1-тақырып: Әдеп ережелері. «Амандасу», «Танысу», «Кешірім», «Өтініш», «Алғыс», «Келісу», «Қарсылық білдіру», «Құптау», «Құптамау» тақырыптары бойынша өнімді лексиканы игеру, берілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға (жай фразалармен) жауап бере алу Сөздік минимум: Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу, ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол, кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау. Сөйлесім үлгілері: - Сәлеметсіз бе? - Сәлеметсіз бе? - Халіңіз қалай? - Шүкір, жақсы. - Кездескенше сау болыңыз! - Сау болыңыз! Сөйлесім үлгілері: - Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім? - Менің атым – Гүлнәр. - Сіздің атыңыз кім? - Менің атым – Ержан. - Өте жақсы. - Танысқаныма қуаныштымын. Сөйлесім үлгілері: - Кешіріңіз, кіруге бола ма? - Кіріңіз. - Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін. - Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз? - Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды? - Сағат 8-ден 5 минут кетті. - Сізбен әңгімелесуге бола ма? - Жоқ, уақытым жоқ. - Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.   2-тақырып. Адам. Өзім туралы. Досым туралы. Отбасы. Туыстық қатынастар. Мекенжай. Біздің үй. Менің бөлмем. Берілген тақырып бойынша өнімді лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну Сөздік минимум: Ұлтым, туған жерім, туған жылым, жасым, дүниеге келдім, тудым, мектеп, балабақша, спортпен айналысу, сурет салу, ән шығару, өлең шығару, ән айту, менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте, отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын, біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме. Сөйлесім үлгілері: - Кешіріңіз, сіз неше жастасыз? - Мен 18 жастамын. - Қай жерде тудыңыз? - Павлодар қаласында. Сөйлесім үлгілері: - Сіздің досыңыз кім? - Менің ең жақын досым – Болат. - Ол қандай адам? - Ол өте сабырлы, ақылды жігіт. Сөйлесім үлгілері: - Бұл кім? - Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын. - Ал анау ше? - Ол – менің ұлым, аты – Айсұлтан. Сөйлесім үлгілері: - Сіз қай көшеде тұрасыз? - Мен С. Торайғыров көшесінде, 25-үйде, 9-пәтерде тұрамын. Ал сіз ше? - Менің мекенжайым: Естай көшесі, 125-үй, 27-пәтер.   [1] 157-159 бет, 11-18 жаттығу,[1] 46-48 бет, 6-10 жаттығу,[1] 177-178 бет, 12-16 жаттығу,[1] 251-252бет, 8-11жаттығу   3-тақырып. Мезгіл, уақыт. Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн. Сағат неше? Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс. Мереке күндері. Шақыру. Құттықтау. Тілек айту. Берілген тақырып бойынша лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну. Сөздік минимум: Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық, жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты, уақыт, сағат, минут, жарым, тура, дәл, кетті, қалды, бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, таңертең, әдетте, ерте, кеш, ояну, тұру, музыка тыңдау, биге бару, спортпен айналысу, шахмат ойнау, тауға шығу, мереке, мейрам, демалыс, серуендеу, қыдыру, концерт тамашалау, теледидар көру,қызықтау, құттықтау, шақыру, сыйлау, сыйлық, туған күн, мерейтой, кездесу кеші, салтанатты жиын, тойға келу, шақыру, күту, құттықтау, рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу. Сөйлесім үлгілері: - Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды? - Маған көктем ұнайды. Сөйлесім үлгілері: - Кешіріңіз, сағат неше болды? - Айтайын, сағат 10-нан 20 минут кетті. Сөйлесім үлгілері: - Сіз жұмысқа (сабаққа) нешеде барасыз? - Мен жұмысқа таңертеңгі 8.00-де барамын. - Сіз демалыс күні не істейсіз? - Мен демалыс күні, әдетте, тауға шығамын. Сөйлесім үлгілері: - Бүгін жұмыс күні ме? - Жоқ, бүгін мейрам емес пе? - Онда үйде отырмайық, концертке барайық. - Барсақ, барайық. - Жақсы, келістік. Сөйлесім үлгілері:
  1. - Мерекеңіз құтты болсын!
- Рахмет, бірге болсын!
  1. - Мейрамыңызбен!
- Құтты болсын!
  1. - Бүгін маған қонаққа келіңіздер.
- Жақсы, сағат нешеде?
  1. - Жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын.
- Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сәттілік тілеймін! - Рахмет. Айтқаныңыз келсін.   [1] 202бет, 6-7жаттығу, [1] 232бет,11-13 жаттығу, [1] 324бет, 16,17жаттығу, [1] 25-27бет, 21-27жаттығу, [1] 203бет, 19-21жаттығу, [1] 25-27бет, 21-27жаттығу.     4-тақырып. Ас – адамның арқауы. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан Сіздің сүйікті асыңыз. Асханада (Дәмханада.Мейрамханада). Берілген тақырып бойынша өнімді лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну Сөздік минимум: Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті, сүйікті ас, ас әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл, тұзды, тұзсыз, ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз, пияз, көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын, жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді. Сөйлесім үлгілері: - Сізге ұлттық тағамнан не ұнайды? - Маған қазақша ет ұнайды. - Оны қалай әзірлейді? - Иә, өте оңай. Айтып берейін. Сөйлесім үлгілері: - Сәлеметсіз бе? - Сәлеметсіздер ме, жоғарылатыңыздар! - Дастарқан мәзірін көруге бола ма? - Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар. - Рахмет. Бізге қуырылған еттен екеу, қияр салатынан біреу, және қызылша салатынан біреу, жеміс шырынынан екеу әкелсеңіз (әкеліңіз). - Жақсы. - Ас болсын, тағамдарыңыз дәмді болсын.   [1] 188-190бет, 6-11жаттығу, [1] 244бет, 21-25жаттығу.   5-тақырып. Денсаулық – зор байлық. Дене мүшелері. Емханада. Ауруханада. Берілген тақырып бойынша өнімді лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну; Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек, кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ., емхана, кабинет, дәрігер, дәрі, қан қысымы, дене қызуы, емдеу, тексерілу, айығу, тәуір болу. Сөйлесім үлгілері: - Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз? - Алдын ала сақтану керек. - Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба? - Әрине, баспен ойлайды, көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б. Сөйлесім үлгілері: - Қай жеріңіз ауырады? - Басым ауырады, - Тамаққа тәбетіңіз қалай? - Нашар (тәбетім жоқ). - Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма? - Білмей тұрмын, өлшеп көрсеңіз қайтеді? - Өлшеп көрейін. Жоғары екен. Жатып емделетін болдыңыз. [1] 176бет, 6-8жаттығу, [1] 326бет, 23-24жаттығу.