Сенім телефоны
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

 

        Қазақстан Республкасының мемлекеттік Елтаңбасы-дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғары күмбезі тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.Жоғарғы бөлігінде-бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу-алтын түстес.

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізінде шаңырақ алынған.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардыңрухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың араманы, самғау биігі.

            Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер жұлдызы өз болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек.

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.