Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп әкімшілігі

 

 

 

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

 

Педагогикалық ұжымның ағымдағы және перспективалық қызметін жоспарлауды ұйымдастырады, мектептің оқу жұмыс жоспарын жасайды.

Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, шығармашылық бірлестіктердің жұмысына басшылық жасайды, мектеп педагогтарының курстық қайта даярлануын уақытылы қадағалайды.

 Мектепте үш тілді оқытуды енгізу бойынша эксперименттік жұмысты үйлестіреді.

 Гимназиялық сыныптарда, пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда жұмысты үйлестіреді

 Педагогикалық ұжымның дарынды оқушылармен жұмысын үйлестіреді, олимпиадаларға, ғылыми конкурстар мен жарыстарға, семинарларға, ғылыми – практикалық конференцияларға дайындықты ұйымдастырады.

 

РАКИШЕВА ЖАНАТ ЕРКЕНҚЫЗЫ

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР МҰҒАЛІМІ

Бастауыш сынып бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындалуы мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау мәселелерін бақылайды.

Сыныптарды жинақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды.

Бастауыш бойынша педагог қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін, педагог қызметкерлердің тарификациясын жүргізеді, қол қояды және мектеп директорына бекітуге береді.

Гимназиялық сыныптарда, пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда жұмысты үйлестіреді.

 Оқушылардың жеке істері мен қатаң есептегі құжаттардың жағдайына бақылау жүргізеді.

Үйірмелер мен секциялардың сабақ кестесін жасайды; уақытша болмаған сынып жетекшілері мен басқа да тікелей бағынысты педагогтарды уақтылы және сапалы ауыстыруды қамтамасыз етеді.  

Бастауыш сыныптар бойынша "Kundelik", "Bilimland" уақытылы толтыру бойынша жұмысын үйлестіреді, аталған мәселе бойынша жоғары тұрған ұйымдарға құжаттама дайындауға көмектеседі.

 

НЫГМАНОВА АСЕЛЬ ЗЕКЕНҚЫЗЫ

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР МҰҒАЛІМІ

Қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді. Әдістемелік кеңес, ЖММ жұмысын жүргізеді, бастауыш мектептегі әдістемелік жұмысты басқарады.

Бастауыш сынып мүғалімдеріне инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде көмек көрсетеді, инновациялық педагогикалық тәжірибені жетілдіру және жинақтау бойынша мұғалімдердің жұмысын үйлестіреді.

Бастауыш сынып бойынша дарынды оқушылармен жұмысын үйлестіреді, олимпиадаларға, ғылыми конкурстар мен жарыстарға, семинарларға, ғылыми – практикалық конференцияларға дайындықты ұйымдастырады.

Оқушылардың оқу сабақтарына қатысуын, оқушылардың сыртқы келбетін бақылайды.

Бастауыш сынып жетекшілері  бойынша кезекшіліктің ұйымдастырылуын қадағалайды, кезекшілік кестесін жасайды.

 

АХМЕТОВА МИРА МУХАМЕТКАНҚЫЗЫ-

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІ

Жаратылыстану-математикалық циклдің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау мәселелерін бақылайды.

Сыныптарды жинақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқушылардың жеке істері мен қатаң есептегі құжаттардың жағдайына бақылау жүргізеді.

Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттандыру мен цифрландыруды енгізу,ҰББДҚ (ұлттық білім беру деректер қоры),  "Kundelik", "Bilimland" уақытылы толтыру бойынша жұмысын үйлестіреді, аталған мәселе бойынша жоғары тұрған ұйымдарға құжаттама дайындайды.

 

МАЙБАСОВА ГҮЛНӘР ОЛЖАБАЙҚЫЗЫ-

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ  МҰҒАЛІМІ

ОШ-1, РиК, нысандары бойынша есепке жауап береді.

 Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, шығармашылық бірлестіктердің, мектептің  әдістемелік  бірлестіктерініңжұмысына басшылық жасайды, мектептіңпедкадрлерініңқайта даярлау  бойынша  біліктілік  арттыру  курсын уақытылы қадағалайды.

Аттестаттау комиссияның хаттамасына, мемлекеттік қызмет көрсетуге,  мектептің педагогикалық кадрлары  және оларға  теңестірілген  тұлғалардың аттестаттаудан өткізуге және дайындауға басшылық жасайды.

Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді. Әдістемелік кеңес, ЖММ жұмысын жүргізеді, мектептегі әдістемелік жұмысты басқарады.Мұғалімдердің түрлі  деңгейдегі сайыстарға, олимпиадалаға, педагогикалық шеберліктерге,  шығармашылық  топтардың жұмысына қатысуын ұйымдастырады.

Педагогикалық қызметкерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде көмек көрсетеді, инновациялық педагогикалық тәжірибені жетілдіру және жинақтау бойынша мұғалімдердің жұмысын үйлестіреді.

Мүгедек балалардың және сырқаттануына байланысты уақытша емделіп жүрген балалардың үйдегі оқытуын ұйымдастырады және бақылайды.  Оқушылардың үйде оқуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін  ұйымдастырады.

Педагогикалық қызметкерлерге инновациялық тәрбие бағдарламалары мен технологияларын игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді.

Тілдер  циклы  бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді. Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңының іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргізеді, мемлекеттік тілде мектеп құжаттарын жүргізу ережелері мен нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

9 – сыныптарда  ОЖСБға  даййындық  бойынша  жұмысын  ұйымдастырады.

Кабинеттердің,    арнайы  кабинеттердің  төлқұжатын реттеуін  қадағалайды.

Кезекшілік күні – сейсенбі,  9 - сыныптар параллельдеріне жетекшілік етеді.

 

АКБАНОВА АЙЖАН ХАБИБУЛЛАҚЫЗЫ-

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ  МҰҒАЛІМІ

 9,11 сынып түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді, одан әрі білім алу үшін оқушыларды анықтау бойынша колледждер мен ЖОО өкілдерінің кездесулерін ұйымдастырады. 9,11 сынып түлектерінің уақытылы жұмысқа орналасуын бақылайды, уәкілетті органға есеп береді.

Білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жарақаттанудың, жол-көлік оқиғаларының, көшеде, суда және т.б. болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады; ата-аналарды білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге тартуды ұйымдастырады, тәрбиенің кешенді жүйесін құруға жәрдемдеседі.

Оқушылардың оқу сабақтарына қатысуын, оқушылардың сыртқы келбетін бақылайды.

Сынып ұжымдары мен сынып жетекшілері мектебі бойынша кезекшіліктің ұйымдастырылуын қадағалайды, кезекшілік кестесін жасайды.

Білім алушылардың мектеп оқушыларына арналған Жарғы мен ережелерді сақтауын бақылайды.

 Сынып жетекшілерінің, басқа да тікелей бағынысты қызметкерлердің білім алушылардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді; тәрбие жұмысын, білім алушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте ұйымдастырады;

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің қызметін басқарады .      Мектепте аз қамтылған, көп балалы, толық емес, қолайсыз отбасылардағы, жетім балалардың тамақтануын ұйымдастырады. Тамақтанатын балалардың санын арттыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізеді.

 

РЫСБЕК ЕСТАЙ РЫСБЕКҰЛЫ

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

ТАРИХ  МҰҒАЛІМІ

Білім алушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды және оны өткізуді ұйымдастырады.

Педагогикалық қызметкерлерге инновациялық тәрбие бағдарламалары мен технологияларын игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді.

Үйірмелер мен секциялардың сабақ кестесін жасайды; уақытша болмаған сынып жетекшілері мен басқа да тікелей бағынысты педагогтарды уақтылы және сапалы ауыстыруды қамтамасыз етеді.

Білім алушылардың ұжымдарына мәдени-ағарту және сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсетеді.

Сынып жетекшілерінің, басқа да тікелей бағынысты қызметкерлердің білім алушылардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді; тәрбие жұмысын, білім алушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте ұйымдастырады;

Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсетеді, соның ішінде білім алушылардың еңбегін қорғауды қамтамасыз ету, жарақаттану мен басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша.

 Мектептен тыс тәрбие бойынша бірлескен қызмет үшін мектептің балаларға қосымша білім беру мекемелерімен, басқа да ұйымдармен байланысын орнатады және қолдайды.

Патриоттық тәрбие, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарға жетекшілік етеді және бақылайды, бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейді, осы бағыттар бойынша оқушылардың графиктері мен тізімін жасайды.

АЛИГОЖИНА МАРЖАН АМАНГЛЕДЫҚЫЗЫ

ДИРЕКТОРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Мектептің санитарлық нормаға сай жұмыс істеуіне жағдай жасауына (жарық, жылу, желдету) жауапты.

Шаруашылық бөлім жұмысын басқарады, бақылайды.

Мектепте еңбек, техника, өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.

 Мектептің ішкі және сыртқы тазалығына жауапты; мектеп ауласының көгалдандыруын ұйымдастырады.

 Мектеп ғимаратының ремонтқа дайындығын және өткізуін ұйымдастыру, мектеп инвентарын өз қалпында ұстауды бақылау.

 Электр жүйесінің, канклизацияның, жылу жүйесінің, өрт қауіпсіздігінің нормаға сай жұмыс істеуіне жауапты.

 Мектеп мүлкінің есебін жүргізеді.

Мүліктердің сақталуына материалдық сақталуына жауапты.

Кіші қызметкерлерінің айлық табелін жүргізеді.

Қызметкерлермен материалдық жауапкершілік туралы келісім жасайды.