Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ПРОЕКТ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ МЕҢГЕРТУ. Тәжірибешілік бағыттағы ПРОЕКТ


1. Ғ.Мүсірепов “Жапон балладасы” Көздің әңгімесі

2. “Керқұла атты Кендебай” ертегісі

 Проект технологиясы XVI ғасырда Италияның архитектуралық  шеберханаларында пайда болған. Бұл технологияның даму тарихы 5 кезеңге  бөлінеді:

  • 1590-1765 жылдар – проект технологиясының басталу кезеңі.
  • 1765-1880 жылдары оқытудың  әдісі ретінде педагогикалық тәжірибеге енді.  Америка континентіне көшті.
  • 1880-1965 жылдары  бұл әдісті жалпы білім беру мектептерінде, әсіресе өндірістік оқытуда қолданыла бастады.
  • 1915-1965 жылдары бұл әдіс қайта қаралып, педагогикада, тәжірибеде қолданылуы өріс алды. Европаға қайта оралды. 1965 жылдан – қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде проект әдісінің жаңадан ашылуы,  оның  халықаралық деңгейде таралуы – үшінші толқыны өтіп жатыр.

 

 

ПРОЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН  ЗЕРТТЕУШІЛЕР:

  1948 жылы психолог, әрі педагог Вильям Килпатрик «Проект әдісі» кітабы басылып шықты. Мұнда мұғалімдер үшін оқытудың конструктивті проблемалық  қатысымен зерттеу әдістерін іске асыратын  мектептердің тәдірибесі туралы жазды. Бұл әдістің мәні туралы Джон Дьюйдің еңбектеріне сүйене отырып жазады. Ал Джон Дьюй болса мұны Трондайктың идеясы негізінде жазған еді. Үшеуінің де қозғаған мәселесі – «оқыту теориясы бойынша оқушы өзіне және мәжбүрлеу арқылы орындалған іс-әрекеттен гөрі, өзінің икемі бар іс-қимылды орындау арқылы қажеттілігін қанағаттандырады» деген ойды айтады. 


 

Білімдену әрекетін проект арқылы ұйымдастыру ұстанымдары:

 

Білімдену әрекетін проект арқылы ұйымдастыру ұстанымдары:

 

   ØОйлау қабілетін әлеуметтік тәжірибе арқылы қалыптастыру іске асырылады. Ол біреуден біреуге берілмейді. Әркімнің өзі меншіктеу негізінде жүзеге асады;
   ØОқушының мінез-құлқы  түрлі ситуацияда көрініс  табатын іс-қимылға тәуелді. Солардың салдарына, жағдаятқа байланысты әрекет баланың өзін-өзі танытатын түрлі формаға қабілетті етеді. Әрекетсіздік – дәрменсіз.
  ØБілім алу  тәжірибені реконструкциялау және қайта ұйымдастыру. Ол жаңа білімді меңгеру қабілеттілігін, білімнің маңызын арттырады;
  ØБілім беру ақиқат  проблемаларды шешуге  негіздеу керек. Ол белсенді түрде іске  асуын, эксперимент, тәжірибе, іздендіру әрекетіне  сүйену арқылы;
  ØЗерттеу еркіндігі мен таңдай білім берудің маңызды элементі болып саналады. Бұл баланың актуальды даму  деңгейімен байланысты болу керек. Әйтпесе әрекетшіл ой дами алмайды;